Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
А.Құнанбайұлы  «Ескендір»  поэмасы. Поэманы талдау. -

А.Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Поэманы талдау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 9086 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы Ақжігіт орта мектебі Сапарова Гулжан
Cабақ жоспары.
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Поэманы талдау.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын оқытып, идеясын ашу, кейіпкерлерге мінездеме беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікір қалыптастыра білулерін дамыту, оқушының образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздендіру, сатылай кешенді талдау, «6 Неліктен» стратегиясы;
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, хрестоматия, оқулық;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру 1. Оқушыларды түгендеу 2.Үй тапсырмасы
Сыныпты үшке бөлу: «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білгірлер» «Ой қозғау» бөлімі «6 Неліктен» стратегиясы
1. Неліктен Абай Шығыстың классик ақындарының шығармаларымен танысты?
2. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?
3. Неліктен Абай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деді?
4. Неліктен Абай алғашқыда өз өлеңдерін Көкпай атынан жариялады?
5. Неліктен Абай адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады деді?
6. Неліктен А.Байтұрсынов Абайды «Қазақтың бас ақыны» деді?
Постер қорғау:Үш топқа Абай шығармашылығы бойынша тапсырмалар берілді. «Алғырлар» тобы – Абай өмірі «Тапқырлар» тобы – Абай өлеңдері «Білімділер» тобы – Абай поэмалары Күннің жадын жазу. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
Әлем әдебиетінен Фирдоуси – «Шахнама», Низами – «Ескендір-Нама», Жәми – «Ескендірдің даналық кітабы» «Кубизм» әдісі бойынша поэманы талдау Баяндаңыз: 1. Поэма дегеніміз не? Қай тілден шыққан? Поэмадағы оқиға желісін ретімен баяндау
Зерттеңіз: Аристотель кім? Ескендір Зұлқарнайын кім?

ғалым грек ойшылы

Аристотель

Ескендір тәрбиешісі Энциклопедиялық еңбек авторы

Ел жаулағыш зұлым паша

Ескендір

тойымсыз көрсеқызар

Талдаңыз. Поэмаға сатылай-кешенді талдау жасау. 1. Авторы: А.Құнанбайұлы 2.Тақырыбы: Ақын Ескендір туралы аңызды өмір шындығына жақындатып толғаған 3.Жанр түрі: поэма (дастан) 4.Идеясы: Зұлымдықты мансапқорлықты, қатыгездікті әшкерелеу. 5.Шумақ саны: 42 6.Тармақ саны: 168 7.Бунақ саны: 3 8.Буын саны: 11 буынды 9.Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы 10. Шығарманың композициялық құрылымы:
Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Әрең дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
Шиеленісуі: Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан келген сый.
Шарықтау шегі: Сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотель ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
Шешімі: Қанағатсыз, тойымсыз адам көзі, тек өлгенде топыраққа тояды. Оқулықпен жұмыс: Аристотельдің Ескендірге берген жауабын поэмадан тауып оқу.
11. Әдеби-теориялық ұғымдар: теңеу – суындай, таспадай;
Эпиет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қақпа, қу өмірі, жеміт көз, кәпір көз;
Семантикалық карта
Шығарманың аты Авторы Кейіпкерлер Іс-әрекеті Адами қасиеті
«Ескендір» поэмасы А.Құнанбаев Ескендір Жағымсыз әрекеттері көп Нашар
Аристотель Ақыл-парасат иесі Жоғары
Күзетші Ескендірдің өзіне лайықты сый берді Жоғары

12.Шығарманың тәрбиелік мәні – күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлықтан аулақ болу, қанағатшыл болуға шақырады.
Сергіту: «Көзімнің қарасы» әні
Дәлелдеңіз. Ескендір – батыр. Ескендір – батыр емес. Оқушылардың жауабы.
Ұсыныс: Ескендірдің орнында болсаң, қандай іс-әрекет жасар едің? Біздің арамызда Ескендірдей адамдар бар ма?
Ой толғаныс: Оқушы шығармашылығы. Өлең немесе ой-толғау, кейіпкерге хат жазу;

Сабақты қорытындылау: 1. INSERT стратегиясы бойынша

Кімнің шығарма-сымен таныстың? Сабақ не туралы болды? Мен білемін Не үйрендім? Мен үшін қиын болған нәрсе?


2. Сандар сөйлейді:

1. 1845 жыл – Абай дүниеге келген жыл.
2. 1870 жыл – Петербургтен жер аударылып келген, Е.П.Михаэлиспен танысады.
3. 1885 жыл – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. 1886 жыл – Өлеңдерін өз атымен жаза бастайды.
5. 1890-1898 жыл – «Қара сөздерін» жазды
6. 1886 жыл – «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазды
7. 1886-1890 жыл – жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазды.
8. 1875 жыл – сайлауда жеңіске жетіп, үш жыл болыс болады.
9. 1889 жыл – А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударған
10. 1904 жыл – Абай дүниеден өткен жыл

Бағалау.
Үйге: «Ерлік жасай білесіз бе?» тақырыпта шығарма жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.