.
.
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6Ә Сатыбалдина Перизат Алимханқызы А.Құнанбайұлы «Отыз бірінші қара сөзі»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2001 | Размер: | Автор: гостьҚарағанды облысы Балқаш қаласы
С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Отыз бірінші қара сөзі»
Мақсаты Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну,отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту,оқушы дүниетанымын қалыптастыру, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: -Топтық жұмыс жасау барысында оқушылар білім алмасады, өзіндік ой пікірлерін ортаға салады,бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түседі, тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады,көшбасшылыққа ұмтылады,сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану.
Уақыт
(мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Стратегиялар Ресурстар
І. Кіріспе (5 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы Шаттық шеңбері
3 мин Оқушылармен сәлемдеседі, психоло гиялық ахуал туғызады Мұғаліммен амандасу.
Сынып болып іс-әрекет жасау. Шеңбер құрып, жылы лебіздерін білдіреді. Бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Мадақтау 1.Тұлға аралық байланысты орнату.
Шаттық шеңберін құрып, бір – біріне алақан жылуы арқылы бүгінгі күнге жылы лебіздерін білдіреді
Оқулық, интербелсенді тақта,
ІІ. Тұсаукесер (5 мин) Қызығушылығын ояту.
3мин
Басшылық жасап, ұсыныстар ұсынады.
Осыны оқып, ойлай бер,болсаң зерек
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп өлеңді айта отырып. оқушылардың топтарға орналасуын қадағалап отырады.
«Қайрат»,«Ақыл», «Жүрек» бойынша топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлау және топ атын жазып қою. Топ басшысына көп сөйлемейтін, қабілеті төмен оқушыны сайлайды.
Жарайсыңдар!
Топқа бөліну
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді.
Сыныптың білім деңгейін анықтау.
Топтардың аттары жазылған сөздер. Стикер.
Маркер және ватман
5мин 2.Үй тапсырмасын сұрау: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұрау «Автордың ыстық орындығына»оқушыларды шақырады. Топта белсенділік көрсеткен оқушыларды, үнсіз оқушының жұмысқа араласуын
қадағалайды. Өлеңді «Автордың ыстық орындығына»орындайды. «Сізден сұрақ, бізден жауап»бір-біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. Мадақтау «Автордың ыстық орындығы» «Сізден сұрақ, бізден жауап»стратегиясы Орындық
ІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы
5 мин
Білу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұғалім түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойларын біледі.
Абайдың қара сөз жазудағы мақсаты бірінші қара сөзін тыңдату.Немересі Уәсиланың естелігін оқу.
Білімдерін кеңейту, бұрыннан білетіндерін еске түсіру.
Қабілеті жоғары оқушы өз ойын жақсы жеткізеді.Қабілеті төмен оқушы ойын мұғалімнің көмегімен жеткізеді.Бірінші қара сөзі мен Уәсиланың естелігін тыңдайды.
Жарайсыңдар!
«Ой шақыру,қозғау»
-Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?
-Абай атамыздың қандай күйлерін білесіңдер?
-Абайдың қандай әндерін білесіңдер,әнімен кім айта алады екен?
Оқулық.Электрондық оқулық, интербелсенді тақта
8 мин
Түсіну.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
1.Оқулықпен жұмыс.
2.Электрондық оқулықтан «Отыз бірінші» қара сөзін тыңдату.
Оқушылар«ЖИГСО»әдісібойынша
топ болып мәтінді оқиды, өз тобына қайтып барып түсіндіреді,топ болып тапсырманы орындайды. «Отыз бірінші» қара сөзін тыңдайды.Постер сызады,топтан бір оқушы қорғайды.
Формативті бағалау (Бас бармақ арқылы бағалау )
«ЖИГСО»әдісі «Кітап оқу»
стратегиясы
«Категориялық топтастыру»әдісі, ментальды карта
Интербелсенді тақта,электрондық оқулық
Ватман, маркер
5мин
Қолдану.Алған білімді практикада қолдана білуін қадағалайды.
Оқушылар жауабына толықтырулар енгізеді.
Оқушылар «Гүл сыйлау»әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді және «Тарелка»стратегиясы бойынша топтар өзара сұрақ алмастырады. Қабілеті жоғары, орташа оқушылар жылдам жауап беруге тырысады. Қабілеті төмен оқушы мұғалімнің көмегімен жауап береді.
Бағдаршам арқылы бағалау. “Сұрақ-жауап” стратегиясы
“Гүл сыйлау” әдісі
“Тарелка” стратегиясы
“Түртіп алу” стратегиясы
Гүл,тарелка,оқулық
3мин Сергіту сәті «Австриялық жауын» Оқушылармен бірге қимылдарды жасайды.
Оқушылар көрсетілген қимылдарды жасайды.
«Австриялық жауын»
5 мин Талдау.Оқушылардың топпен талқылап, сатылай кешенді талдауын қадағалау.
Оқушылар топпен талқылай отырып,сатылай кешенді талдау жасайды.
31-қара сөз
Авторы:
Жанры:
Тақырыбы:
Идеясы:
Естігенді ұмыпаудың
4 түрлі себебі:
Ой кеселдері:
Тәрбиелік түйіні:
Критерийлер бойынша бағалау.
«Сатылай кешенді талдау»
әдісі.
Маркер және постер
Интербелсенді тақта
5 мин
Жинақтау. Мәтіндік тапсырма
Семантикалық карта. Жасаған жұмыстарын қадағалау. А,В,С тобындағы оқушыларды бақылау.
А тобындағы оқушылар бұл картамен жұмысты жақсы орындайды. В тобындағы оқушылар бағыт берген бойда ілесіп отырады. С тобындағы оқушылар топ ішіндегі жұмысқа шамасы келгенше араласады. Көбінесе топ ойымен келісіп кетеді. Топта талқылап, қорғайды Формативті бағалау.Жапон бағалауы топпен жұмыс
Дәптер, қалам
3мин Қорытынды
Рефлексивті бағалау
Сұрақтарға сыни тұрғыда ойланып жауап береді.
Стикерге өз ойларын жазып,кестеге іледі Мадақтау
Сабақтың басты сәттерін анықтау.
- Топта жұмыс істеген оңай ма?
-Сабақта не қызық болды?
-Бірлескен жұмыстан не алдың?
-Сабақта не қиын болды?
Рефлексивті бағалау
жазылған кесте
Үй тапсырмасын беру 1.«Отыз бірінші» қара сөзін жаттау.
2.“Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым” эссе жазу. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.