.
.
Сабақтың тақырыбы Ақ Орда (XIV-XV ғасырдың басы)7 сынып Ақ Орда (XIV-XV ғасырдың басы)7 сынып
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3114 | Размер: | Автор: гостьЖалпы мақсаты Ақ Орда мемлекетінің құрылуы, этникалық құрамы, саяси жағдайы мен шаруашылығы туралы түсінік алады
Күтілетін нәтижелер - Монғол империясы ыдырағаннан кейін құрылған мемлекетті біледі
- Ақ Орда мемлекетінің құрылу тарихымен танысады;
- Этникалық құрамы, ішкі-сыртқы экономикалық жағдайы туралы мағлұматтар алады;
- тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыланады
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалогтық оқыту, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар
Бағалау критерийлері: Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау
Тапсырмалар Тарихи сынақхат
Логикалық тапсырмалар
Постер қорғау
Рефлексия
Бағалау
Құрал-жабдықтар Компьютер, интерактивті тақта, үлестірме парақшалар, плакат, түрлі-түсті маркерлер, стикер.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 1.Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
2.Психологиялық ахуал орнату:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің әр кезі сәттілікке толсын
3.«Ой қозғау». Тарихи сынақхат (3 мин)
1.Алтын Орда қай кезде құрыла бастады?
2.Алтын Орда қай ұлыстың орнында құрылды ?
3.Алтын Орда қандай мемлекеттермен жақсы қатынаста болды?
4. Алтын Орда қай хандардың кезінде күшейе бастады ?
5.Алтын Орданың әлсіреуіне не себеп болды?
6.Қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды? Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
Негізгі бөлім
Білу Слайдты презентация арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу (3 мин)
«Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі- XIV-XV ғасырдың басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошыға берген жері Жошы ұлысы атанған. Бұл ұлыстың жері Оң және Сол болып екі әскери қанатқа бөлінген.Жошының үлкен баласы Орда Ежен сол қанатын басқарып, Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билік жүргізген. Ендеше осы Жошы ұлысынан бөлініп шыққан мемлекеттердің қалыптасуы, кейінгі қазақ халқының құрылу тарихында алатын орындарының маңыздылығымен танысамыз».
Топқа бөліну. «Батый», «Орда Ежен», «Шайбан» болып 3 топқа 6 оқушыдан бөлінеді.
Топтық ережені еске түсіру Сынып оқушылары «Батый», «Орда Ежен», «Шайбан» болып 3 топқабөлінеді. Әр топтан топбасшы сайланады.Топ басшыларына бағалау парақшалары үлестіріледі.
Түсіну Топтарға тақырыпшаларды бөліп беру. (5 мин)
Алдымен оқимыз «ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы Постер алып оны соңынан қорғау (әр топқа 3 мин) «Батый» тобы- Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы,
«Орда Ежен» тобы-Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы, «Шайбан» тобы-шаруашылығы.
Оқушылар мәтінді өз беттерімен игереді. Алған білімдерімен бір-бірімен бөліседі. Топта ақылдасып, талқылайды.
Білгендерін постерге жазып әр топтан өкілдер шығып, постерлерін қорғайды.
Қолдану Мұғалім сөзі: «Оқушылар сіздер бүгінгі алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасыңдар? (№1 Үлестірме парақшалары таратылады, әр топқа 2 тапсырмадан). Берілген тапсырмаға назар аударып, ойланып өз ойларыңды ортаға салыңдар» №1 Үлестірме парақшадағы тапсырмаларды топпен ақылдаса отырып орындайды (2 мин), тапсырманы ортаға шығып түсіндіреді (2-3 мин)
Талдау Топтарға№2 үлестірме парақшалары таратылады.
I.1.Ақ Орданың аумағына Жошы ханның қай балаларының иелігі кірді? Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?
I.2.Ақ Орданың аумағын қамтыған жерлер, этникалық негізі болған тайпалар?
II.1.Ақ Орда Алтын Ордадан қашан біржола бөліне бастады? Мүбәрак хан Сығанақ қаласында неліктен өз атынан теңге соқтырды?
II.2.Әмір Темірдің Тоқтамысты өз қамқорлығына алу себебі?
III.1.Ақ Орданың саяси жағдайын неше кезеңге бөліп қарауға болады?
III.2.Сырдария бойындағы қалаларды қайтаруға әрекет жасаған Ақ Орда ханы? Нәтижесі қалай аяқталды? №2 үлестірме парақшадағы тапсырмаларды топпен ақылдаса отырып орындайды (2 мин), тапсырманы ортаға шығып түсіндіреді (2-3 мин).
Жинақтау Алтын Орда мен Ақ Орданың құрылуы, ішкі-сыртқы саяси жағдайларын салыстыра отырып, Венн диаграммасын құрастыру Оқушылар Венн диаграммасын құрастырады.
Қорытынды бағалау Сыныпқа проблемалық сауал. Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуында Ақ Орданың зор тарихи рөл атқаруы Оқушылар түйінді ойларымен бөліседі
Бағалау Мұғалім топ басшыларының бағалау парағы мен өз бақылауы негізінде оқушыларды бағалайды Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды
Үйге тапсырма §24. Ақ Орда.
І.Тақырыпты оқып, 108 беттегі сұрақтарға жауап беру.
ІІ. Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайына сатылай комплексті талдау жасау.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта мен түсіндім Бүгінгі сабақта алған білімді мен өмірде .............. пайдалана аламын Бүгін мен үшін түсініксіз болды.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№ 46 орта жалпы білім беретін мектебінің
жоғары санатты
І деңгей бойынша сертификатталған
тарих пәнінің мұғалімі
Хамзин Жеңіс Кәкібайұлы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.