.
.
«№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ Ақпараттық – коммуникативтік технологияның тарих сабағындағы тиімділігі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1455 | Размер: | Автор: гостьБаяндама
Тақырыбы:
Ақпараттық – коммуникативтік технологияның
тарих сабағындағы тиімділігі
Мұғалім: Дуйсенбиева Ақтолқын Хайруллақызы
Шымкент-2016ж
Жоспар
І Кіріспе
а) Баяндаманың мақсаты, міндеті және әдіс-тәсілдері
ІІ Негізгі бөлім
а) Ақпараттық -коммуникативтік технологиялар - нәтижелі білім негізі
ә) Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі
ІІІ Қорытынды
а) Ақпараттық -коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тарих сабағындағы нәтижесі
Кіріспе.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді
тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский.
Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Мақсатым: Ақпараттық -коммуникативтік технология элементтерін пайдалана отырып оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сенімді және белсенді іс-қимылға бағытталады. Оқушының пікір айтуы, сабақ материалын меңгеру өзара қарым-қатынастық жүйеде жүзеге асады. Бұл жердегі мақсат-оқушы белсенділігін арттыра отырып білім деңгейін көтеру, оқушылардың әңгімелесу, зерттеу, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, коммуникативтік мүмкіндіктерін арттыру.
Әдіс-тәсілім: Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады.
ІІ Негізгі бөлім
а) Ақпараттық -коммуникативтік технологиялар- нәтижелі білім негізі.
“Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын
нәрседен бір жаңалық болуы керек”
Жүсіпбек Аймауытов
Оқытудың ақпаратты-коммуникация-лық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Ақпараттық – коммуникативтік технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық– коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
• «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын;
• маған көрсетші – менің есімде қалады;
• өзіме істетші –мен сонда түсінемін»
Біз қабылдаймыз
10% оқығанымыздан
20% естігенімізден
30% көргенімізден
50% көріп, естігенімізден
70% басқалармен бірге талқылағанымыздан
80% өзіміз сезінгенімізден
95% басқа біреуге үйреткенімізден
Уильям Глассер
ә) Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі
• Сабақтың қарқынды өтуі
• Қызығушылықтың артуы
• Әр балаға жеке білім беру
• Берілетін материалдың тиімділігі
• Шектеусіз ресурстар
Қабылдау күшейеді
Қабылдау түрлері
ІІІ. Қорытынды
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың элементтерін тарих сабағында пайдалану, қосымша материалдарды мұғалімнен естуі - оқушылардың өздері таңдаған пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін қосымша материалдар қажеттігін анықтап, оларды күнтізбелік жоспар жасағанда арнайы көрсету керек. Интерактивті оқыту технологиясының мумкіндігін дәлірек корсету үшін проблемалық ситуациялық оқыту технологиясымен төмендегіше салыстырдым.
Интерактивті оқыту
технологиясы Проблемалық ситуациялық оқыту технологиясы
1. Еркін ойлауға құрылады. 2. Қатаң алгоритмге құрылады.
2. Жан-жақты терең талдауға мүмкіндік бар. 2. Проблеманы шешу аясында ғана сұрақтар қойылады.
3. Бір ғана проблеманы шешіп қоймайды. 3. Нақты проблеманы шешу үшін ғана мақсат қойылады.
4. Үлкен, актуалды сұрақтарды кең көлемде талқылайды. 4. Кең көлемде талқылау болмайды.
5. Көптеген дәлелдеулер,
фактілерді қажет етеді. 5. Оқулық, қосымша материалдар кең көлемде пайдаланбайды.
6. Кең көлемдегі оқулық, қосымша материалдарды көбірек пайдаланады. 6. Нақты проблеманы шешуге арналған көрнекі құралдар пайдаланылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.