.
.
Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің бірінші санатты музыка пәні мұғалімі Қаракеева Зәкира Құрманбеккқызы. Ақтан жырау. «Он жаман»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2061 | Размер: | Автор: гостьПәні: Музыка сабағы.
Сыныбы: 5 «а»
Тақырыбы: Ақтан жырау. «Он жаман»
Сабақтың типі: Блум таксономиясы бойынша жоспарланған сабақ
Мақсаты:
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Білімділік: «Он жаман» термесімен танысу. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Дамыту: Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту. Тұлғаның шығармашылығы мен танымдық кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларымызды ұлттық өнерімізге деген қызығушылығын ояту, ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды құрметтеуге, көздің қарашығындай сақтап қадір тұтуға, қайта жаңғыртып дәріптеп отыруға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, тарих.
Көрнекіліктері: компютер,слайд, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспап, оқулықтар.
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушы амандасады.
Білу 1. Ақтан жырау шығармашылығы жайында мағлұмат беру
2. Ақтан жыраудың «Он жаман» термесімен оқушыларды таныстыру.
3. Ақтан жыраудың
«Он жаман» термесін үнтаспадан Елдос Емілдің орындауында тыңдату.
4. «Он жаманды» оқушылармен бірге орындау
Оқушылар тыңдайды, жырау шығармашылығынан мағлұмат алады.
«Он жаман» термесімен танысады.
Жыршының орындауында шығарма тыңдалады.
Шығарманы оқушылар
Түсіну 1. Ақтан жырау кім?
Ақтан жыраудың «Он жаман» термесінің өмірде қандай тәрбиелік мәні бар? Бүгінгі өмірмен салыстыру.
2 «Он жаманның» ізімен оқушылар өз ойларын өлеңмен өрбіту..
3 АКТ пайдалану. Ақтан жыраудың «Он жаман» термесінің ізімен құрастырған термесін орындату. Алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ізденеді, түсінеді, тапсырмаларды орындайды.
«Он жаманның» ізімен оқушылар өз ойларын өлеңмен жырауларша өрбітеді
Көрсетілген суреттерге қарай отырып өлең құрастырады.
Оқушылар өздері құрастырған «Он жаман» өсиет термесін орындайды.
Жинақтау Ақтан жырау бүгінгі күні өмір сүрсе, қазіргі заманды көрсе, бізге қандай насихат айтар еді?-деп ойлайсыз деген сауал қою арқылы балалардың ойын жинақтаймыз. - Ақтан жырау еліміздің Тәуелсіз Егемендігін көріп қуанған болар еді. Оқу, білім алу үшін көп оқу,іздену,өнерлі болу керектігін айтар еді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Бағалау, жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды Ақтан жыраудың «Он жаман» термесі бізді неге тәрбиелейді? Оқушыларға эссе жазғызу.
Оқушылардың атқарған еңбеңтеріне қарай тиісті бағаларын қою. Оқушылар эссемен қорытындылайды. Өз ойын айтады.
Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің бірінші санатты музыка пәні мұғалімі Қаракеева Зәкира Құрманбеккқызы
Пәні: Музыка. 2 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Бояу мен дыбыстар.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың мақсаты: Балалардың қоршаған орта мен өмір құбылыстары жөнінде түсінігін кеңейту. Музыка мен бейнелеу сабақтарын байланыстырып оқушылардың тақырыпты толық меңгеруіне көмектесу.
Міндеті: Оқушының таным деңгейін дамыту. Ән айту, мәнерлеп орындау шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік: Білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, адамгершілікті, өз Отанын , елін сүйетін сезімтал бала тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, бейнелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілік құралдар: слайд көрсетілімдері, суреттер, сөзжұмбақтар, үнтаспа, музыкалық аспап.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу. Сабақта тыныштық сақтау. ІІ. Үй тапсырмасын қайталау: Сурет және дыбыс. Оқулықтагы суретпен жұмыс. Өткен сабақтағы білімдерін «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны арқылы қайталау. Мысалы:
1. Күй «Балбырауын»-?
2. Машинаның суреті-?
3. Р.Рымбаеваның орындауындағы ән-?
4. Балғаның суреті-?
Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру.
1. Балаға ат қою (Мақсат)
2. Ол қайда отыр? (Атасының жұмыс бөлмесінде)
3. Оның атасы кім? (Етікші)
4. Атасының қандай заттары бар?
ІІІ. Жаңа тақырып «Бояу мен дыбыстар». Сабақтың барысы.
-Балалар айналаға көз салайықшы, егер бояу болмаса біздің өміріміз қандай болар еді?
-Аспанның түсі қандай?
-Күннің түсі қандай?
-Ормандағы ағаштың түсі қандай?
-Орманда қандай жануарлар бар? Аю, қоян, түлкі, т.б.
-Оқулықтағы қоянды, қолындағы сәбізді қандай бояумен бояр едің?
Баланың көңілін көтеріп қызықтыру мақсатында, жұмсақ қоян ойыншықты көрсетеміз.
Серігу сәті. «Сұр қоян» қимыл-қозғалыс ойыны.
Құлағы мортабан, анам қоян әперді.
Сүп-сүйкімді әдемі, жейді екен ол сәбізді.
Әй, сұр қоян, сұр қоян, қашпа менен тұр қоян.
Сәбіз берсем жейсің бе? Дос болайық, сұр қоян!
«Қандай аспап» қимыл-ойыны ойнатылады.
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай аспап тембрі
Ажыратып алайық.
Музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажырату қабілеттерін оятамыз.
Ән уйрену. «Сурет сабағы» К.Қуатбаев. Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып оқушыға оның туған ауылының әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түісіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әннің ырғағын оқулықта берілген сурет бойынша, шулы аспаптарды ұрып ойнатып іс-қимылмен сабаққа баулу. Сүйемелдеусіз өзіне ыңғайлы дауыс мәнерімен қимылды өздері ойлап табуын ұсынамыз.
Музыкалық сауаттылық. Тембр – музыкалық дыбыстардың бояуын айтамыз.
Шығармашылық жұмыс. Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің қалауы бойынша әр-түрлі гүлдің суретін салғызамыз.
Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Үй тапсырмасы.
Білімді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан және жақсы жауап берген оқушыға баға қойылады.
Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің бірінші санатты музыка пәні мұғалімі Қаракеева Зәкира Құрманбеккқызы
Пәні: Музыка
Тақырыбы: Жыр – мәңгілік мұра.
Сабақтың типі: Блум таксономиясы бойынша жоспарланған сабақ.
Білімділік: Оқушыларды атадан балаға мирас болған жыраулық-жыршылық дәстүріміз және жыраулық өнердің мақам-саздарымен таныстыра отырып, өнерге құштарлығын арттырып, дамыту.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылығы танымдылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық өнерімізге деген қызығушылығын ояту, ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды құрметтеуге, көздің қарашығындай сақтап, қайта жаңғыртып, дәріптеп отыруға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ музыка әдебиеті, қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, тарих.
Сабақтың әдісі: Аспапта ойнау, түсіндіру, жыр-күйлерінен үзінділер тыңдату.
Көрнекіліктері: Слайд, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспап, оқулықтар.
Сабақ
барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. 1. Амандасу, оқушы назарын сабаққа аудару.
2. Аспаптардың құлақ бұрауын келтіру. Оқушылар амандасады.
Білу
5 мин. Жыраулық дәстүр жайында оқушыларға мағұлмат беру.
1.Жыраулық дәстүр – ел мұрасы.
2. Ж. Мусиновтін «Тасбергеннің жыр-күйі», Нұртуған Кенжеғұлұлының «Орақ-Мамай» дастанынан Б.Есдәулетовтың орындауында үнтаспада тыңдату.
3.Мақам-саздардың орындалуы. Тыңдайды, өткенді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді.
Тасбергенннің жыр-күйі,
«Орақ-Мамай» дастаны және орындалған жыр-терме-арнаулардан үзінді тыңдайды.
Оқушылар жыр сарынымен танысады.
Түсіну 5 мин. 1.Жыр дегеніміз не?
2.Жырау, жыршы дгеніміз кімдер?
3.Жыр мақамы дегеніміз не?
4.Қандай батырлар жырын білесің? Алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ізденеді, түсінеді, тапсырмаларды орындайды.
Қолдану 15 мин. Балалар, енді алдыңғы сабақта үйренген «Алпамыс батыр» жырын қысқаша орындап көрейік. Оқушылар «Алпамыс батыр» жырын Алпысбай Диас, Қайролла Мұзафар, Мағзымхан Фариза , Азат Нұрасыл, Болат Аида, Сәкен Әділ, Аманбекұлы Дарын, Советқали Ақботалар біріге отырып орындайды.
Талдау 8 мин 1.Балалар, жыр бізді неге үйретеді?
2.Жырдың маңыздылығы неде?
3.Жыр «бастау» не үшін орындалады екен?
4.Алдыңгы үнтаспада тыңдалған «Орақ-Мамай» жырының орындалуы мен сендердің орындаған «Алпамыс батыр» жырының айырмашылығы бар ма? Оқушылар өз ойларын айтады.
Жырдың айырмашылығын айтады.
Оқушыларға «Свод» талдауы жүргізіледі.
1.Жырдың өмірдегі күшті тұстары.
2.Жырдың қазіргі өмірдегі әлсіз тұстары.
3.Жырдың қазіргі өмірдегі мүмкіндіктері.
4.Жырдың қазіргі өмірдегі
дамуына кедергілер.
Жинақтау 5 мин. Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Алған білімді жинақтау мақсатында сабағымызға келген қонақтарымыз жыраулық дәстүрдің ізін жалғастырушы жыршы, жырау, термеші, дәстүрлі өнер танушыларға сөз кезегін береміз. Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтайы.
Бағалау
5 мин. 1.Егер біздің өмірде жыр болмаса не болуы мүмкін?
2.Қазақтың салт-дәстүріндегі жырлар дамуы үшін не істеуіміз керек?
3. «Жыр - мәңгілік мұра» деген тақырыпта шағын эссе жазу. (Ауызша айтуға да болады.)
Екі жұлдыз, бір тілек. Оқушы жыр тақырыбын шағын эссемен қорытындылайды. Өз ойын айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.