.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ақыл мен Бақыт
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1348 | Размер: | Автор: гостьҚазығұрт ауданы
«Қазығұрт» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Стамкулова Акжанат Абдилахатовна
Сынып: 3
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ақыл мен Бақыт
Мақсаты: ертегінің мазмұнын баяндай отырып, бақыттың көзі ақыл екендігіне оқушының ойын жеткізу.Оқушылардың қиялын ертегіні талдау,салыстыру,болжау жасау арқылы дамыту,бірлесіп жұмыс жасай отырып,оқушының өз пікірін білдіруге,өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу, парасатты,сауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің мағынасын біледі.Топта өзгенің пікірімен санасады.
Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау
уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың
М: Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап
- Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы,
Кім дейміз?
-Кітап, дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы,
Кім дейміз?
-Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы,
Кім дейміз? Амандасады
-Әдепті екен бұл дейміз!
-Ұқыпты екен бұл дейміз!
-Үлгілі екен бұл дейміз!
Иә,балалар біз не туралы айттық?
О: Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы айттық.
-Осындай қасиеттерді айтып жіберіңдерші.
- Соның ішінен тек жақсы қасиеттерді ата.
-Біз осындай қасиеттерге ұмтыламыз ба?
- Олай болса осы жақсы қасиеттер арқылы
3 топқа бөлінеміз: мейірімді, парасатты, әділ.
Бүгінгі топ жұмысын өзім бағалап отырамын.
Әр топтың дұрыс жауабына жүрекшелерді беремін.
1.«Миға шабуыл» Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар адамның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айтады
Үлкендерді сыйлау, көмектесу, жаман сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, кішкентайларды ренжітпеу, адал, әділ, мейірімді, парасатты, ақылды, инабатты болу
2. «Ой қозғау». Балалар, бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар жасаймыз
1 тапсырма: «Шығармашылыққа баулу»
Үш топқа үш сурет таратамын, сол сурет бойынша қысқаша әңгіме құрау.
2. «Мағынаны тану». Мәтіннің мазмұнын ашу.
Балалар, бүгін біздің сабағымызыға қонақтар келіп отыр, олар кім дейсіңдер ғой, онда мына бейнетаспаға назар аударыңдар.
Сол жолға шыққан Ақыл мен Бақыт бізге келіп жетті
Шатасқан сөздерді дұрыс етіп нақыл сөз құрастыр.
- Мақалдарыңның бірінші сөзі неден басталады?
Яғни біздің де бүгінгі тақырыбымыз
«Ақыл мен Бақыт»
- Үй тапсырмасына «озық оқыту» әдісі бойынша мәтінді түгел оқып келу тапсырылды.
«Топпен ойлан, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінді 3-ке бөліп,
әр топ өз пікірлерін топта талқылап, ортақ ойларымен бөліседі.
Әр топ оқығанын қысқаша айтады.
Дәптермен жұмыс. Сөздік.
2 тапсырма. «Адамның көркі – ақыл» (барлық топтарға)
Сұрақтармен жұмыс.
-Ақыл мен Бақыт неге дауласты?
-Бақыт қандай балаға барып қонды?
-Бақытты,бірақ ақымақ бала қандай болды?
-Баланың әкесі патшаның алдында бірінші рет неге ұялды?
- Баланың әкесі патшаның алдына екінші рет барғанда неге тағы ұялды?
-Бақыт балаға қандай жақсылық жасады?
- Осы ертегіден не түйдіңдер?
- Ал, балалар жаңағы бейнефильм немен аяқталды деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті. Ойын жаттығу
3 тапсырма
Ақылды адам қандай болады?
Кластер құру.
4 тапсырма. «Жүректен жүрекке»
- Балалар, біздің мектепте Ақыл, Бақыт періштелері бар екен. Олар бізге көрінбейді. Ол сендерді күнделікті сырттарыңнан бақылап жақсы істеріңе риза болып жүреді. Мына қорапшаны бізге сол періштелер беріп жіберіпті.
Ішінде жүрек бар екен. (Оқушыларға бір-бір жүректен таратып беру)
Жүректің үлкен қасиеті бар. Ол өзі кішкентай болса да, қуаныш, бақыт, мейірім, сабыр, достық сияқты сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді.
- Қане, қолдарымызды жүрегіміздің тұсына қойып, жүрек қағысын байқайық.
- Егер біз бақыттан қуансақ, немесе ашулансақ, жүрегіміз қалай қағады деп ойлайсыңдар?
- Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп, ал бақытты болып, қуанғанда күлімдеп ерекше бір сүйкімді күйде болады екен. Көңіл күйіміз арқылы жүрегіміздің соғуы да өзгеріп тұрады екен.
- Ендеше үлкен өмірімізде ақыл мен бақыт бізбен бірге болсын.
- Ақылды болыңдар!.
- Бақытты болыңдар!
Қорытынды. Бақытты өмір сүру үшін не қажетті деп ойлайсыңдар? “Бақыт” ережесін құрастырайық.”Жылы лебіз” аукционы.
Рефлексия. Оқушылар өздерін бағалайды.
1.Бүгінгі сабаққа белсенді қатыстым/ белсенділік танытпадым.
2.Бүгінгі сабақ маған ұнады/ ұнамады
3.Менің көңіл-күйім жоғары/төмен болды.
аяқтағым келіп тұр.
Үйге тапсырма.
Ертегіні тағы да оқып, сурет салу. Әңгіме құрау
Топтар бір-бірін бағалайды
1 топ
Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,
2 топ
Ақыл — алтын сандық,
адамына қарай ашылар
3 топ
Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Ақыл және бақытКөзайымына айналу – қуанышы болу
Оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді
Оқушылармен қол ұстасып, мұғалмның өзі бастайды.
«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені болмашыға ренжімеймін», т.б.
(стикерлерге тілектерін жазып, ағашқа жабыстырады)
сабаққа деген ойын білдіру
үй тапсырмасын күнделікке жазып алу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.