Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану -

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1686 | Размер: | Автор: гость
. Дүйсенбиева Гулжан Серикбайовна,
№25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге ынтасын арттырады. Шетел тілі пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, санас-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Ойын түрлері дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының тілді үйренуге ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Ойын жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Оқушының танымдық қызығушылығы екі түрлі жолмен: бірі – дамыта оқыту, екіншісі – тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады.
Оқыту поцесінің әр түрлі саласында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады
1. Ойлау процесіне, миына көп салмақ түсіруден.
2. Сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізуден.
3. Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден.
4. Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жүмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс - тәсілдері –бүгінгі әдістеріміздің ата –анасы » дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қай сатыда болсын, оқытудың технологияларын таңдап алу және оларды жүйелеу бойынша орта және жоғары сатыда қолданылатын технологияларды төмендегідей етіп топтастыруға болады. Дәстүрлі түрде білім беретін технологиялар бойынша:
- Деңгейлеп оқыту технологиясы;
- Модульдеп оқыту технологиясы;
Дамыта отырып оқыту технологиясы бойынша:
Сыни ойлауды жетілдіру технологиясы;
Іскерлік ойын технологиясы;
Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Педагогикалық технологияның қажеттілік, үнемділік, жобалау, бүтіндік, меңгерушілік, түзетушілік, көру, алгоритмділік, мақсатты білім беру деген ұғымдарды өз ауқымына сыйдырады.
Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.
Ойынға қолданылатын материалдар, қажетті-ау деген үлгілер, суреттер жинақталып сұрыпталады. Егер ойын алғаш рет өтілетін болса, материалдар қатты қағазға желімделгені дұрыс. Ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1. Алфавитті дұрыс меңгерту.
2. Орфографияны дұрыс оқыту.
3. Лексиканы меңгерту
4. Оқушының дұрыс жазу, дұрыс айту, білу дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның өтілу барысында мұғалім басқарушы емес – байқаушы кейде бір ойнаушы рөлінде болады. Тілдік проблемалар болып қалған жағдайда мұғалім көмекке келеді. Қателер, кейбір көңіл аударар ерекше жайттарды не мұғалім, не ойынды басқарып отырған оқушы жазып отырады, бірақ оларды сабақ үстінде түзетуге болмайды.
Мұғалім сабаққа дайындалған сабақтың мақсатына сәйкес жаттығуды дұрыс таңдап алып қана қоймай, сол сабаққа лайықты ойын түрін де дұрыс таңдап алуы тиіс. Бір жаттығудың өзі әр түрлі ойын түрінде орындалуы да мүмкін, оны таңдап алу мұғалімге, оның өз алдын қойған мақсатына, оның орфографиялық немесе пунктуациялы қырағылықты дамытса, енді біреулері оқушылардың сөздік қорын байытады.
Мұғалім сабаққа әзірленгенде жаттығулар түрінің санын, оларға берілетін уақытын айқындауы керек. Көптеген әдіс, тәсілдерге елігіп, ойынды өткізуге керекті уақытты шектеуге болмайды. Мұнан ойынға ылғый 10 - 12 мин беріп отыру керек деген сөз тумаса керек. 5 минуттық ойындар өткізуге де болады.
Ойынға мұғаліммен бірге оқушыларда дайындалуы керек. Кейбір ойындарға күні бұрын дайындалмайынша ойдағыдай өтпейді. Әрине оған қалай дайындалу жағын мұғалім күні бұрын үйрету керек.
Білім мен дағдыны дамыту жолындағы жарыс жеке оқушы немесе топтар аралығында өткізіледі. Оқушылар топтары арасындағы жарыстың өте маңызды артықшылығы бар. Мұнда әрбір оқушының жұмысын бақылауға алып, ойынға қатысушылар топтарынан мақұлданып немесе сыналып отырады, оны өткізу тәртібі туралы ашық та айқын түсініп білу керек. Осы сияқты тапсырманы мысалмен түсіндіру міндет. Ойын кезінде тәртіп бұзу оның нәтижесін нашарлатып, тәртіп бұзған топқа ешқандай жеңілдік берілмейтінін ойыншылар білу шарт.
Ойын - жаттығулар ауызша да жазбаша да өткізілуге болады. Методикалық тұрғыдан алғанда, тиісті ойын түрлерінің тиімділігі грамматикалық материалдың мазмұнына, мұғалімнің қарауындағы уақытқа байланысты. Ойынның ауызша түрі уақыт жағынан ұтымды болатыны белгілі. Әдетте, ол оқушылардың жазбаша жұмысының алдында өткізіліп олардың орфографиялық және пунктуациялы дағдыларының қалыптасуына, қателерден сақтандыруға септігін тигізеді. Ауызша жаттығуларды - сабақта жазбаша жаттығулар көп орындалып, оған оқушылардың ықпалы нашарлаған жағдайда өткізген мақұл. Ауызша ойын жұмысқа сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық талдауын жасауда енгізуге болады.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі. Оқушылардың тақтаға жазылған тиісті топта бағандағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру, ол сөздерді есепке алып отыру, қол көтеріп немесе тиісті орфографиялар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу тағы басқалары.
Мұғалімнің қарауында көптеген граматикалық ойындар болуы қажет. Оқушыларды ойнай отырып ойландыру, іздендіру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, болашақта еңбек сүйгіш білімпаз, жан - жақты дамыған, алғыр азаматты тәрбиелеуге барар тиімді жолдың бірі деп есептеймін.
Ойын соңынан оқушылармен бірге олардың пікірі, көзқарасы, т.б талданады, баға беріледі. Ойын кезінде жазылып алынған кесте бойынша қателер түзетіледі. Ойынды дұрыс ұйымдастыру оның нәтижелі болуының басты себебі екенін есте ұстау ләзім. Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөздерді меңгеруге ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушылардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.
Оқушылардың ағылшын тілі сабағында қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуіне, оның ойын түрінде тартымды, қызықты өткізілуіне әрбір пән мұғалімі мұқият дайындықпен келу керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.