.
.
Көпбаева Қарлығаш Шитенқызы, Аңыз - әңгімелер, Асан Қайғының жерұйқтыты іздегені»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2486 | Размер: | Автор: гостьА.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі, Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: Аңыз - әңгімелер, Асан Қайғының жерұйқтыты іздегені»
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының бай қазынасы-ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгілермен танысады. Халық ауыз әдебиетін сүюге,өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғуға үйренеді. Балалардың тілін ұстартып, дүние танымын кеңейту,жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеп отырып, Асан Қайғының жерұйықты іздеудегі елге.жерге деген сүйіспеншілігік қасиеті мол жолдарының мағынасын терең түсінік,білік,дағдыны қалыптастыру өмір сүруге дайындалады.
1. Білімділік: Оқушыларды аңыз - әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз - әңгімелер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
Гуманитарлық пәндер ,соның ішінде әдебиет пәнін оқытуға әрдайым зор көңіл бөлінеді. Әдебиет пәні сабағында оқушылар тек білім нәрімен ғана сусындамай, оларға тәрбиелік тұрғыдан сабақ беріліп болашаққа бағыт- бағдар сілтенеді.Әдебиет пәнінің әр сабағында түсіне білген адамның жан-дүниесін танытып отырған әр кейіпкермен бірге әрекеттер жасап, солармен бірге тебіреніс үстінде болады. Ал, түсіне алмаған адамға бұл сабақ терең бір түңғиық теңіздей болып көрінеді. Әдебиет сабағы арқылы оқушының жүрегіне,сезіміне әсер ете білуі керек. Әдебиеттің ерекшелігі де осында.Бүгінгі баяндамаға арқау болып отырған қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би философ Асан Қайғы Сәбитұлы жайлы болмақ. Әр оқушының қабілеті мен талантын, өз-өзіне деген сенімін нығайтуға жол ашуда бүгінгі білім беру саласының алтын діңгегі-ұстаз. Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей,тұлғаға бағытталған білім беруде әр шәкіртінің интелектуалдық даму деңгейін тани білу қажеттілігі туындайды.
Әр бала-болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай уақытта көңілі ояу, көкірегі ашық, кез-келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын, көзқарасын білдіріп,шешімін таба білу шарт.Бұл нәтижеге бағытталған білімнің негізгі мақсаты. Мұндай дәрежеге жету үшін жас ұрпақтың қабілеті болу керек. Жеке тұлға қабілеті іздену арқылы дамиды.
Ізденіссіз еңбегің жемісті болмайды. «Болмасың да, ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай,өз іс-тәжірибемде жаңашыл ұстаздардың әдіс- тәсілдерін басшылыққа алып, оқыту жүйесін түрлендіріп өткізуді ұстаздық міндетім деп білемін.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
II. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Әдебиет теориясынан түсінік беру.
Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз - әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз - әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл - парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс - әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосып , сол істепті - міс, сол айтыпты - мыс деген әртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден - біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған, ел басқарған адамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері біреуден - біреуге ауызша айтылып аңыз болып кеткен.Мысалы:
Асан Қайғының Жерұйықты іздегені
Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмытрқалайтын қоныс іздейді.
Асан қайғы Маңғыстауға үш барып үш қайтыпты. Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Асан (Хасан, Қасан) Сәбитұлы Қайғы
Қызметі: мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ
Туған күні: XIV ғасырдың ортасы
Туған жері: Алтын Орда
Азаматтығы: Казақ хандығы, Ноғай ордасы Алтын Орда
Ұлты: ноғайлы-қазақ-Алтын Орда
Қайтыс болған XV ғасырдың басы күні:
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау. би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
1 Ғалымдар зерттеуі
2 Өмір сүрген кезеңі
3 Толғаулары
Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап,
зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғүмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылғөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би,бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой- пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық- жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді басқаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді"Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:
- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей қоңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.
Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны куыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айтқан екен:
Шақырса келмес ханымды,
Бура қуып келтірді.
Қалжы-бұлжы дегізбей,
Тура қуып келтірді.
Бастай көр қатын құртыңды,
Сала көр қатын майыңды, -
- депті Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!
- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, - дегі Асан жырлап кетті:
- Ай, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің.
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан.
Мұны неге білмейсің?
Құладың құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Еліңе жау боп келеді.
VI. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1. Аңыз дегеніміз не?
2. Аңыз қалай пайда болған?
3. Аңыз - әңгіме неден құралады?
4. Аңыз - әңгіме бізге қалай жеткен?
5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?
6. Асан Қайғы қайда қайтыс болған?
VII. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
І.Өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жаз, эпиграф етіп Асан Қайғының бір сөзін алуға тырыс.
2.Бұл әңгіменің аңыз екенін мына белгілер бойынша айтыңдар:
1. Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;
2. Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;
3. Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы;
4. Әркімнің туған жері - жерұйық екендігін дәлелдеу.
ІІІ.Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Аңыз - әңгімелер, Асан Қайғы туралы түсінік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.