.
.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Абай –дара, Абай –дана қазақта
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2529 | Размер: | Автор: гостьЖетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Самамбетова Қарлығаш
Ашық тәрбие сағаты 2-сынып
Тақырыбы: Абай –дара, Абай –дана қазақта
Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын
терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен
таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу,
дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз
байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Абайдың суреттері
Барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2 г сыныбының «Абай –дара, Абай – дана қазақта!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев. Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала береді.
Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы.
Раушан:
Қазақ халқының түтас бір дәуірінің ақыл ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері- Абай Құнанбаев. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.
Жүрегім шырақ етіп жандырған кім,
Жырымен жан сусынын қандырған кім.
Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім.
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім,
Талабын тас қияға өрлеткен кім.
Құбажон, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім.
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім.
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім,
Жауына найза сөзін шанышқан кім.
Өзендей құйған бәрін көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім
- Ол Абай Құнанбаев - ұлттың мәңгі ұйтқысы.
Әдемі:
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетіменәке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысшы да оқыған. Бұл Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Абай дана
Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып,
Ғұламасы ғасырдың.
Жырларына жабырқау жоқ, жасың мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең
Сәулесі боп
Өнер деген асылдың
Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жанға құяр жылылық
Абай деген жұмбақ әлем, биік шың
-Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абай бар елдің мерейі үстем.
Мерей:
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Лев Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Нұршат:
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер – демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармашы арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
Ерхан:
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да, біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдиниетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.
Шынар:
Өзі үстем таптан шықсада, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде , адамгершілік мңнез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді.қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады. Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түрі жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды «қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп орынды атаған.
Мұғалімнің сөзі
- Абай Құнанбаевтың өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық қасиеттерін жасауға мінез – бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер.
Абайдың ешкімге ұқсамайтын мораль, өсиет, толғау тәрізді көркем сөздерінің бірі – қара сөздер. Абайдың қара сөздері 1890-1898 жылдар арасында жазылған. Жалпы саны 45 жыл оның әрқайсысы өз алдына жеке шығарма. Абай қара сөздеріндегі негізгі ортақтақырып адам бойындағы адамгершілік, адамзаттық, тазалық, ақтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. Абай адамның жан-жақты, толық саналы болу үшін адамды адам етіп өсіретін ақыл, ғылым, қайрат, жүрек бәрі бірдей болып, тең табыссын деп талап қояды.
Айжан : Абайдың 38-ші қара сөзі
Мұғалім:
- Абай бұл жерде нағыз адам атына лайық болу үшін надандықтан, еріншектіктен, залымдықтан аулақ болуға үндейді.
Айзада: 99-шы қара сөзі
Мұғалім:
- Бұл даналық сөздердің негізгі мағынасы мынаған сыяды: есті кісілердің айтқан ақылдарын есіңде сақтап, көп естіп, көп көріп, оқып өскен бала есті болады. Бірақ адамға білгенін, ұққанын өмірде ескеріп, қолдану керек.
Шынар: 32-ші қара сөзі
- Бұл даналық сөздердің мәні : шын ықылас қойып үйренсе, білім мен ғылым ойыңа оңайырақ қонады.
Ерхан: 31-ші қара сөзі
- Бұл қара сөздердің мәні: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы –күлкішілдіутен аулақ болу керек. Себебі бұл нәрселер-күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Жансая: 7-ші қара сөзі
-Дүниеге келген әрбір нәрестеге, біріншіден, тән азығы керек. Яғни қарны тоқ, шөлі қанған, ұйқысы жеткілікті болуы қажет, әйтпесе бойы өспейді, қайраты артпайды.екіншіден адам баласына жан азығы да керек. Ұлы ақын жан азығына да болып жатқан сан түрлі құбылыстардың мәнін, сырын, суретін тануды, әсерленуді жатқызады.
Мерей: 14-ші қара сөзі
Мейірімділік, сүйіспеншілік, рақымдылық бұл аталған қасиеттер бойына дарымаған кісіні нағыз адам деуге болмайтынын, өз бойыңды тексеріп отыруды өсиет етіп қалдырған.
Меруерт: Он сегізінші қара сөзі
Бұл арада Абай атамыз ғылымды меңгерумен қатар адам арлы, мінезді, ақылды, байсалды салмақты болғанда ғана аяулы жанға саналатынын дәріптеген.
Мұғалім:
- Абай өзі дара, өзі дана, ақын әрі жазушы, философ, композитор, аудармашы ақын, жаңашыл ақын, лирик ақын.
- Абай Құнанбаевтың қозғаған мәселелерін өзге шет елдің де ақындарын ойландыратын. Орыс тіліне аударылған өлеңдерінің бірі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
1) қазақ тілінде Ходжаберген Гүлшат
2) орыс тілінде Джайжанова Нұршат
Мұғалім: Абай атамыз қазақ тіліне аударған шығармаларының бірі «Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Бұл өлеңнің негізгі авторы батыс европалық классиктерінің бірі Гетенің өлеңі. Орыс тілінде аударған – Лермонтов
Ән «Қараңғы түнде тау қалғып»
Мұғалім: Ақын қоғамдық қайшылықтар негізінде ауыр тұрмыстағы халықтың аянышты өмірін, қайғы-қасіретін, күйзелісін, шебер бейнелеген.
Айзада «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Мұғалім:
Абай жастардың білімді, дарынды, талапты болуын аңсады.
Қанат: «Әсемпаз болма әрнеге»
Нұрбол: «Адам болам десеңіз»
Абай қазақ халқының бай қазынасы – поэзияға, ән мен күйге арнаған өлеңдері де өте көп.
Шынар: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Тоғжан: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»
Мұғалім:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
Мұғалім:
- Табиғаттың әсемдігі тек қана тіршілікпен жарасымды. Тіршілікті аялағанда ғана табиғаттың тамаша болатындығы айқын. Табиғат тіршілік үшін қажет болса, тіршілікке табиғат қажет. Абай атамыз табиғатты тамаша суреттеумен қатар тіршіліктің онымен байланыстылығын дәл тауып, әдемі де, тартымды жырлай білген.
1) «Қыс» Бақытжан
2) «Жазғытұрым» Ардақ
3) «Жаз» Арайлым
4) «Күз» Әйгерім
Абай атамыздың сөзінің терең мағыналы, ешқашан ескірмейтін шындық екенін мына нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерінен байқауға болады.
1. Адал еңбектен мал іздемек-ол арлы адамның ісі
2. Еңбексіз мал дәметпек-қайыршылық
3. Адам баласына адам баласының бәрі дос
4. Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
5. Досыңа достық – қарыз іс
Дұшпаныңа әділ бол
6. Кімде – кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.
7. Нысап, ұят-бұл әділеттен шығады
8. Өз қайратыңа сүйеніп еңбек ет, еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды.
9. Еңбек қылмас еріншек, адам болмас
10. Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле
Мұғалім сөзі:
- Абай Құнанбайұлы – дүние жүзіне танымал әледік деңгейдегі ақын. Ақынның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 1995 жылы дүние жүзі елдерінде мерекеленді. Абай оқулары ағылшын, француз, неміс тілдерінде Еуропада өтті. Абай шығармалары әлемде тоғыз тілге аударылып басылып шықты. Бұл басылымдарға өзге елдің дүние жүзі ғалымдары мен жазушылары өз ойларын білдіріп, Абай бейнесін аша түсті. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыздың есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады. Абай қазақтың атын әлемге таратқан, артына өшпес мұра қалдырған дана әрі дара, ұлы тұлға.
Тәрбие сағатымызды аяқтай келе, бүгінгі кешіміздің куәсі болып отырған ұстаздарымыздың құрметіне арнап, дайындап келген өнерлі оқушыларымыздың өнеріне кезек берейік.
1) Сатыбай Тоғжан
2) Қарлыбай Айжан
Мұғалім:
Қазақ әдебиетіне сансыз жаңалық енгізген, қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы, қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай атамызға арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.