Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай Құнанбаев Сабырсыз, арсыз, еріншек. -

Абай Құнанбаев Сабырсыз, арсыз, еріншек.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2900 | Размер: | Автор: гость
. №4 Шонжы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Илипбаева Венерям Кулжаевна
Тақырыбы: Абай Құнанбаев Сабырсыз, арсыз, еріншек.
Мақсаты:
Білімділігі: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу арқылы сабақ бойынша түсінік қалыптастыру
Дамытушылығы: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Өлең жолдары арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: бес жол өлең, Абай портреті, слайдтар топтамасы
Технологиясы: В.Выготский, В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологясы элементтері
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тренинг. Сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауап
1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?
3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?
6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
III. Сабақтың мақсаты:
(Тақтаға немесе интерактивті тақтаға)
Абай өлеңін тыңдату арқылы сабақ мақсатына тоқталу.
ІV. Жаңа сабақ:
«... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз»
- Бұл үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
- Абай ата туралы не білеміз?
«Абай» топтастыру
- Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді. Биыл Абай атамыздың 170 жылдығы елімізде тойланды.
Әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 50 жуық қара сөзі бар. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 3күйі. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты - Ұлжан, әжесінің аты - Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған
а) Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді мұғалімінің мәнерлеп оқуы.
2) Оқушыларға оқыту:
мәнерлеп оқу, тізбектей оқу,жұппен оқу
ә) Сөздік жұмыс
Алауыз – береке -бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Күндейді – қызғанады .
Мертігеді – бір жері сынады, шығады.
Міндейді – мін тағады, жамандайды.
б) Дәптермен жұмысы
Күн реті.
Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек
(Үзінді)
Шығарманың авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Жанры:
Идеясы;
Шумақ: шұбыртпалы
Тармақ: 7-8 бунақты, екі-үш тармақты
в) «Мағынаны аш» Сабақтың идеясын ашу.
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Алтыбақан, алауыз.
- Осы мінез-құлық адамды неге жетелейді?
- Өлеңде адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Бұлардың барлығын қалай атауға болады?
- Ал «Ғылым таппай мақтанба ... » өлеңінде қандай жағымды мінез-құлақтарды айтар едіңдер?
- Екі өлеңінде қандай ұқсастық бар?
- Олай болса, бұл өлеңіндегі негігі ой не туралы?
г) Кестемен жұмыс
Адамның мінез - құлықтары
жағымсыз
сабырсыз,арсыз,еріншек,жалмауыз,көрсеқызар,алауыз,өсек,өтірік,мақтаншақ
еріншек,бекер мал шашпақ
жағымды
сабырлы,арлы,еңбекқор,сыпайы,білімді,ақылды,талап,еңбек,терең ой, қанағат,рахым
V. Шығармашылық тапсырма
Бес жол өлең
1. Зат есім (бір сөзден) Абай
2. Сын есім (екі сөзден) Ұлы,данышпан
3. Етістік (үш сөзден) Үйретеді,тәрбиелейді,жетелейді
4. Сезімді білдіретін сөздер (төрт сөзден) Ақыл-ойдың данышпаны халқымның
5. Синоним Ғұлама
Еңбек
Адал,өнімді
Тәрбиелейді,ұғындырады,жетелейді
Еңбек етсең емерсің
Талап
VІ. Қорыту.
-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ.
- Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп бүгінгі сабақты қорытындылай келе сабағымызды аяқтайық.
VII. Бағалау
(бағаларын айту, мадақтау)
VІІІ. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді жатқа айту
2. 3 - сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығынан Абай өлеңдерінің аттарын теріп жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.