Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. -

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1352 | Размер: | Автор: гость
. Мадалиева Саяра ,
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру
Сабақтың міндеті:
а) Көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
б) Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға
дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
в) Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Поэма мазмұнын меңгереді, шығарманы талдауға
жаттығады.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, түсіндіру, баяндау, сұрақ –жауап, талдау, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік тапсырма
орындау, постер қорғау.
Пайдаланған көрнекіліктер: Постер, қаламдар, үлестірме қағаздар, тірек сызба, бүктеме, плакат, ноутбук, диск.
Әңгіменің идеясы: Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.

№ Тапсырмалар Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау
1 Ұйымдастыру кезеңі Шеңбер «Ынтымақтастық атмосферасын» құру Психология-
лық тренингке қатысады Мадақтау
2 Абайдың өлеңдерін, әндерін, аудармаларын, қара сөздерін айту.
Ғылым таппай мақтанба.
Пайда ойлама, ар ойла.
Білімдіден шыққан сөз.
Желсіз түнде жарық ай.
Әсемпаз болма әрнеге т.б.

Оқушыларды үш топқа бөлу

Оқушылар топқа бөлінеді

Көшбасшы бағалайды
3 Абай поэмаларын сұрау Оқушыларға поэма жайлы сұрақтар қою Топпен жұмыс істейді Көшбасшы бағалайды
4 Поэманы рөлге бөліп оқу Оқушыларды тыңдау Поэмадағы кейіпкерлер-
дің образын ашады Мұғалім стикер таратады

5 Түсіндірме сөздік
Жеміт – қанағатсыз
Араны ашылды – тойымсыз.
Даңғой – желікбас.
Долы – ызақор. Оқушылардың пікірлірін тыңдау, дұрыс жауапты көрсету Топпен жұмыс жүргізеді Көшбасшы бағалайды
6 Постер қорғау Оқушыларды мадақтау Тақырып мазмұнын ашады Мұғалім стикер таратады
7 Сергіту сәті Іс - әрекетті орындау Іс - әрекетті орындайды Мадақтау
8 Шығарманың композияциялық құрылысына талдау. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
І.Деңгей.
Поэманың негізгі идеясы.
«Дүниеге көзі тоймау» дегенде нені түсінесіз?
ІІ.Деңгей
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы туралы айтып беріңіз.
Ескендір бейнесін салыстырмалы түрде сипаттаңдар
ІІІ. Деңгей
Шумақ саны –
Тармақ саны –
Сюжеттің басталуы –
Сюжеттің байланысы - Арнайы тапсырмалар тарату Жұппен жұмыс жүргізеді Көшбасшы бағалайды

Мұғалім стикер таратады
9 Үйге тапсырма беру «Рухани биіктік – ең жоғары биіктік» түсініктерін жазу Оқушылар тапсырманы белгілеп алады Мұғалім стикер таратады
10 Оқушылардың білімдерін бағалау Стикер тарату Ұпай санын санау Мадақтау
11 Рефлексия Тақырып бойынша түйін шығарту Смайликтерге пікірлерін жазу Мұғалім стикер таратады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.