.
.
Атырау облысы Индер ауданы Кулагино орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжеғалиева Райхан Ғиниятқызы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1448 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: А.Құнабайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже: Ақын шығармаларын терең меңгереді, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады, өз бетімен ізденеді.
Сілтеме: білім стандарты,сабақ жоспары, оқулық, хрестоматия,
Ресурстар: үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта, стикер жазу, бағалау парағы ,оқулық .
Әдіс-тәсілдер:. «Өрмекші торы" әдісі, «Дөңгелек үстел»әдісі,;мәтіндік талдау, СКТ.
Сабақтың жүрісі:
Мотивациялық кезең:
Тренинг:«Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу,қарындаштарының ұштарын бір жерге тоғыстыруын сұрау,себебін түсіндіру,қорытындылау)
Операциялық кезең:
А)Үй тапсырмасын " Өрмекші торы»әдісі арқылы сұраймын.Сұрақ қою арқылы қорыту.(Ы.Алтынсарин шығармашылығы ,өмірі бойынша)
Б)«А.Құнанбаев »туралы видеожазба көрсету, содан естерінде қалған мәліметті сұрау,не ұқтыңдар, ақын туралы қандай тың деректер естідіңдер?
В)Абай Құнанбайұлының қандай шығармаларымен таныссыңдар?
Абай – ақын (Бірқатар өлеңдерін оқушыларға тарату, тақырыбы мен идеясын, мазмұнын ашу,өлеңді құрылысына талдату) СКТ.
Абай – аудармашы (Екі мысал өлеңінен алынған үзіндіні өздеріңше аударып, көріңдерші)
І топқа:Стрекоза и муравей
Попрыгунья Стрекоза
Лето красное пропела;
Оглянуться не успела,
Как зима катит в глаза.
Помертвело чисто поле;
Нет уж дней тех светлых боле,
Как под каждым ей листком
Был готов и стол и дом.
ІІ топқа: Лиса и ворона
Вертит хвостом, с Вороны глаз не сводит
И говорит так сладко, чуть дыша:
«Голубушка, как хороша!
Ну что за шейка, что за глазки!
Рассказывать, так, право, сказки!
Какие пёрышки! какой носок!
И, верно, ангельский быть должен голосок!
Спой, светик, не стыдись!
Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
Абай – сазгер.
(Аудиотаспадағы Абайдың «Көзімнің қарасы »әнін ұжым болып орындау)
Шығармашылық тапсырма: «Ақын Абай атаға арнау» немесе «Дөңгелек үстел»әдісі арқылы «Авторға хат» жолдау.
Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен түйіндеу:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам.
Рефлексиялық кезең: «Чемодан.Ет тартқыш.Қоқыс жәшігі»
« »
Үйге: «Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ойтолғау жазу.
Бағалау:
Бағалау критерийлері:
1.Үй тапсырмасын орындауы - 2
2. .Шығармашылық қабілеті- 2
3 Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2
4. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2
5. Өтілген тақырыптан ой – түюі - 2
6. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2 (жиынтық бағалау
Сабақтан кейінгі рефлексия
Не сәтті өтті?
Неліктен?
Не сәтсіз өтті?
Неліктен?
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін
не істеймін?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.