Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
АБАЙТАНУ -

АБАЙТАНУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1772 | Размер: | Автор: гость
. № 26 Жамбыл атындағы
мектеп – гимназиясы

АБАЙТАНУ
(таңдау курсы)

Сынып – 6
Сағаты – 2
Жылдық – 68

Бағдарламаны құрастырған қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аблязова Г. К.
2014 – 2015 оқу жылы
Келісілген Бекітемін
Директордың ғылыми – әдістемелік Мектеп директоры:
істер жөніндегі орынбасары: ............... Қ.Ү.Налиханова
..................... Б.Ж.Қалтаева 01.09.2014 жыл.

Түсінік хат

6 – сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы сонау ықылым замандардан бері ұлтымыздың үміт – арманы мен рухын бейнелеп, адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздан мағлұмат беріп, ақиық ақын – жазушылар туындыларының қыр – сыры кеңінен баяндалады. I бөлімде қазақ әдебиеті оқулығы әлемдегі бай әдебиеттердің үлкен бір саласы – ауыз әдебиеті жөнінен сыр толғайды. Онда батырлар жыры, тұрмыс – салт жырлары, ғашықтық туралы жырлар, аңыз – әңгімелер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, айтыс ақындарының өнерлері, т.б. сөз болады.
Олай болса, құрылған бұл қосымша бағдарлама жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем, ана тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген, меруерт жырларды туындатқан ақын Абайдың шығармаларының тарихи мәнін оқушы қауымға ұғындыру мақсатында жасалды.
6 – сынып қазақ әдебиеті оқулығына енген тақырыптар оқушы қауымға ақын шығармаларының эстетикалық табиғатын танытуды басты мақсат етіп отыр.

Абайтану курсының маңыздылығы:

Мемлекеттік стандартты оқыту бағдарламасының тақырыптарындағы
білімдібасшылыққа ала отырып, таңдалған курс тақырыбын оқытудың маңызы өте зор.
Оқушылар айбаты мен айдыны асқан, ақылына ұшқырлығы, адамдығына хакімдігі, көшелілігіне көсемдігі, білімдарлығына майталман ділмарлығы әдемі ұштасқан ақын Абай жайында жан – жақты білім алып қана қоймай, толқынды топтың еркін өзіне қаратып, жәмиғатты ұршықтай иіріп, сүттей ұйыта білу қабілетін меңгерудің маңыздылығын ұғынады.

Курсты оқыту әдістері мен түрлері:

 Баяндама
 Ой толғау
 Жаттығу жұмыстары
 Пікірталас
 Зерттеу жұмыстарын жүргізу
 Өз бетінше іздену жұмыстары
 Білімді тексеру мен қорытындылау

Оқыту құралдары:

 Абайға қатысты деректер жинағы
 Түрлі әдебиеттер
 Баспасөз деректері
 Ғылыми – танымдық журналдар
 Интернет материалдары

Курс мазмұны:
Мақсаты:

 Абайдың жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем екендігін түсіндіру;
 Ғайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен, ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор екендігі туралы түсінік беру;
 «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» қандай қасиетті болса, Абай мұрасы да сондай киелі екендігін жете түсіндіру;
 Болашақ мамандықты таңдаудағы жауапкершілігін арттыру.

Міндеттері:

 «Ей, қазақ, сенің тілің мынадай нәрлі еді ғой» деп Абай ақын жырлағандай,
сөз арасын басқа тілдермен былғамау, қазақтың әдеби тілін мәдениеттің биік сатысына көтеру;
 Ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесімен көрініс тапқан қасиетті Абай шығармаларының тәлімін орынды қолдану;
 Абай шығармаларының мазмұнын ұғындыру, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін қалыптастыру.

Нәтижесі:

 Алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған, дүниетаным тереңдігін бойына сіңірген сауатты тұлға;
 Өз әрекетін бақылай алатын, жан – жақты жетілген, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті тұлға;
 Туған тілінің тазалығына жанашырлықпен қарайтын салауатты тұлға;
 Таңдаған мамандығына сәйкес бағдарланған тұлға.
Оқыту процесіндегі оқушының білім нәтижесі:

 Ғылыми жоба
 Зерттеу жұмыстары
 Шығармашылық ізденіс жұмыстары
 Реферат пен баяндамалар жасау

Курстың мазмұны

1. Кіріспе – 3 сағат.
Абайдың шыққан тегі. Өскен ортасы. Алған білімі.
2. Абайдың ақындық жолының қалыптасуы – 8 сағат.
Ақынның білімге деген көзқарасы. Адамгершілік мәселелері туралы ой – пікірлері. Абай шығармаларындағы отбасы мәселесі. Абайдың әйел теңдігі туралы ой – пікірлері. Абайдың жастар тәрбиесі туралы ой – пікірлері. Абай кемел тұлға турасында. Табиғат лирикасы.
3. Әлемнің құлағынан әні кетпес – 2 сағат.
Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор. Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
4. Абайдың қара сөздері – 8 сағат.
Абай қара сөздерінің тақырыптық ерекшелігі. Дүниенің тылсым сырлары. Ілім – білім туралы. Адамгершілік мәселелері туралы. Ғылым, өнер туралы. Қара сөздерден өткенді қайталау. Абайдың нақыл сөздерге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері.
5. Поэмалары – 3 сағат.
«Ескендір» поэмасы. «Масғұт» поэмасы.
6. Абайдың шешендік өнері – 1 сағат.
Ғайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен.
7. Аударма ісінің үздік шебері – 5 сағат.
И.В.Крыловтан аударған аудармалары. А.С. Пушкиннен аударған аудармалары. Абай – сұңғыла сықақшы. Бүкіл ел Абай дейді мақтанышпен.
8. Абай және халық педагогикасы – 1 сағат.
Абай және қазақтың халық педагогикасы.
9. Жыл бойы өткенді қайталау – 2 сағат.
Поэзия кешін ұйымдастыру.
10. Қорытынды сабақ – 1 сағат.

6 – сынып
Абайтану курсы бойынша


Тараулар мен тақырыптар сағат
саны
мерзімі
1. Кіріспе. Абайдың шыққан тегі 1
2. Өскен ортасы 1
3. Алған білімі 1
4. Абайдың ақындық жолының қалыптасуы 1
5. Ақынның білімге деген көзқарасы 1
6. Адамгершілік мәселелері туралы ой – пікірлері 1
7. Абай шығармаларындағы отбасы мәселесі 1
8. Абайдың әйел теңдігі туралы ой – пікірлері 1
9. Абайдың жастар тәрбиесі туралы ой – пікірі 1
10. Абай кемел тұлға турасында 1
11. Табиғат лирикасы 1
12. Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор 1
13. Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі 1
14. Абайдың қара сөздері 1
15. Абай қара сөздерінің тақырыптық ерекшелігі 1
16. Дүниенің тылсым сырлары туралы 1
17. Ілім-білім туралы 1
18. Адамгершілік мәселелері туралы 1
19. Ғылым, өнер туралы 1
20. Қара сөздерден өткенді қайталау 1
21. Абайдың нақыл сөздерге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері 1
22. Поэмалары 1
23. «Ескендір» поэмасы 1
24. «Масғұт» поэмасы 1
25. Ғайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен (Абайдың шешендік өнері) 1
26. Аударма ісінің үздік шебері 1
27. И.В.Крыловтан аударған аудармалары 1
28. А.С.Пушкиннен аударған аудармалары 1
29. Абай және қазақтың халық педагогикасы 1
30. Абай – сұңғыла сықақшы 1
31. Бүкіл ел Абай дейді мақтанышпен 1
32. Поэзия кешін ұйымдастыру 1
33. Жыл бойы өткенді қайталау 1
34. Қорытынды сабақ 1
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Абай» кітабы, Алматы қаласы, 1993 жыл.
2. «Ай, заман-ай, заман-ай»,II том, Алматы қаласы, 1991 жыл.
3. Н.Келімбетов «Ежелгі дүние тарихы», Алматы қаласы, 1998 жыл.
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.
5. Н.Төреқұлов «Даланың дара ділмарлары», Алматы қаласы, 2001 ж.
6. Интернет материалдары.
7. З.Қабдолов «Сөз өнері», Алматы қаласы, 2000 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.