.
.
Айнабекова Ғазиза Рахымжанқызы Адамның дүниені танып білуі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4905 | Размер: | Автор: ПубликаторШымкент қаласы, N2 колледжінің «Адам және қоғам» пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Адамның дүниені танып білуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушы өзінің адам ретіндегі рөлін сезінуден бастап, отбасындағы, ортадағы, қоғамдағы орнын білуге үйрету, өзін тануға, адамзатқа тән қасиеттерді бағалау арқылы дүниені тануға баулу.
Тәрбиелік:Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке,ұйымшылдыққа туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жолдастық көмек беруге және қарым- қатынасқа үйрету.
Дамытушылық: Оқушының жан жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру , жүйелі ойлау мен талдай білуін есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Өту әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап .
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, құқық.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен сәлемдесу;
Ә) тізім бойынша түгелдеу;
Б) сабаққа әзірлікті тексеру.
ІІ. Өтілген тақырып бойынша білімді қайталау:
-Сана дегеніміз не?
-Өзіндік сана дегеніміз не?
-Ұлттық сана сезім дегеніміз не?
-Қоғамдық сана дегеніміз не?
-Сана мен мидың арақатынасын қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақты мазмұндау:
Адам жер планетасында тіршілік етушілердің ішінде сөйлей, ойлай білетін,сонысымен мақсатты қызмет ететін мәнділік. Адамның қызметінің өзге жан иелерінен айырмашылығы айналадағы дүниені тануға бағытталуында.
Дүниетаным деп адамның дүниеге қатынасын айқындайтын және оның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттейтін көзқарастары мен наным-сенімдерінің жиынтығын дүниетаным дейміз.
Гносеология (грек gnosis – таным, білім; Logos – ілім ) деп аталады. Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән.
Таным – деп адамдардың шындық туралы білімін қалыптастыратын, олардың шығармашылық қызметінің арнайы бір қоғамдық тарихи үдерісін таным деп айтамыз.
Мифология (грек mythos - жырлау, айту және logos - сөз, ілім) аңыздарды, олардың шығуын және олардағы болмыстың бейнеленуін зерттейтін ғылым мифология дейміз
Дін табиғаттан тыс өмір сүретін күштің барына сену.Дін адамға жақсы мен жаманды, адал мен харамды ажыратуды үйретеді.
Діни дүниетаным дүниежүзілік үш дін буддизм (б.з.д.6 5ғғ) христиандық (б.з.д.1ғ) ислам (б.з.д.7ғ)
Философия ( грек. pheleo-сүйемін, sophia– данышпандықты) адамның өзін қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым
Сұрақ: Адам дүниені танып біле ала ма?
Жауабы: философтарда үш түрлі тұрғы бар
Оптимистер (лат. Optimus – ең жақсы) адамның ақылына, рухани құдіретіне, таным мүмкіндігінің шексіздігіне сенетіндер. Адам айналаны қоршаған дүниенің және бүкіл әлемдегі құбылыстар мен үдерістердің сырын аша алады деп есептейді.
Скептицизм (грек. Skeptikos- ойланушы, зерттеуші) – адам дүниені толық тани ала ма деген сұраққа тікелей жауап беруден тайсақтайды, тылсым дүниені жоққа шығарушылар,тек сиқыр мен адамды алдауға болады дейді.
Агностицизм ( грек. a – емес, gnotos – білім) – дүниені және оның терең сырларын адамның толық, жете танып білуі мүмкін емес деген тұрғыны ұстанады.
Агностицизмнің өкілі Кант Иммануил неміс философы классикалық неміс идеализімінің негізін салушы.Ол біздің ғаламшарымыздан басқа галактикалар бар екенін және дүние қандай шексіз болса, ондағы құбылыстардың сырлары да сондай шексіз, олардың бәрін зерттеп, біліп, сырларын ашу мүмкін емес дейді.
ІV. Сабақты қорытындылау (сұрақ - жауап)
2. Адам дүниетанымының қандай компоненттері бар?
Жауабы: тірек - сызба
V. Оқушыларды бағалау: «5», «4», «3», «2»
VІ. Үй тапсырмасы:
§6,7 Адамның дүниені танып білуі
VІ І. Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.М.Жүкешев Адам және Қоғам 10 сынып оқулығы.
М.Изотов, Ә.Нысанбаев, М.Сәбит Адам және Қоғам. 10 сынып оқулығы.
Пән оқытушысы: Айнабекова Г.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.