.
.
Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли 80 жаста Қадыр Мырза Әли 80 жаста
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1563 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Қажет құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Қ. Мырза Әлі өмір-шығармашылығы бойынша жасалған слайдтар, ақынның нақыл сөздері
Сайыстың барысы:
1 - жүргізуші: - Армысыздар көрермен қауым. Бастауыш сыныптар арасында «Қадыр Мырза Әлі 80 жаста» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.
2 - жүргізуші:
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп,
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?!
Енді ақиық ақын Қадыр Мырза Әлидің өмір-шығармашылығымен таныс болайық. Ендеше тақтаға назар аударайық.
1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Ақындардың өлеңдерінен тақырыпқа сай бір шығарма болу керек.
2. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
3. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
4. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,
1. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Жексенова Айгүл апай
2. Мектеп кітапханашысы Жанар апай
3. 1-сынып жетекшісі Бектұрғанова Гүлзира апай
1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар.
4 - сынып оқушылары
-------------------------------
3 - сынып оқушылары
-------------------------------
2 - сынып оқушылары
-------------------------------
Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.
1 - жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.
2 - жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.