.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Аяз
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1355 | Размер: | Автор: гостьҚазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Абдиева Акмарал Абдыкаликовна
Әдебиеттік оқу Ашық сабақ 2 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Аяз
Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсініктерін шыңдау.
Қысқы ерекшеліктерді еске түсіру. Қыс мезгілі туралы өз ойын
нақты жеткізе білу.
Шығармашылық дамыту: Ойлана білуге, оқиғаны талдай білуге
дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Топта бірлесіп жұмыс жасай алады. Ойын нақты жеткізеді.
Әдіс-тәсілдер: СТО, ойын, диалог, көшбасшылық
уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көз
1 мин
1 мин
3 мин
5 мин
2 мин 1.Сынып ахуалын көтеру
Көңіл-күйлерің қалай?
сихологиялық дайындық
Өткенді пысықтау
1.Үйге берілген тапсырма бойынша «Ақ қала» өлеңін шумақтарға бөліп, жатқа айтады
Топқа бөлу.
Сурет құрастыру бойынша бөлінеді.
Топтарға өз тобын қорғауды тапсырамын Көңілді смайликтер қол шапалақтайды
Қайырлы күн, досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Қонжық жүрді баптана,
Қасқыр жүрді мақтана,
Түлкі де бар, қоян бар,
Соқты бәрі аққала
Думандатты төбені,
Аппақ еді жер өңі.
Мұндай жылы күндерде,
Қар жабысқақ келеді.
1 топ «Аққала»
2 топ «Шырша»
3 топ «Аяз ата»
4 топ «Ақшақар»
5 топ «Қыс көрінісі»
Әр топ өздерінің суретін құрастырады және ол туралы тақпақ немесе әңгіме жүзінде айтады. смайликтер
оқулық
сурет
5 мин Өткенді пысықтау бөлімі
Топтық жұмыс
Әр топқа бес түрлі тест тапсырмасын беремін.
«Аққала» тобына
1.Мына үзінді қай әңгімеден алынған:
«Орман ішіндегі құстарды көре алмайсың. Қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіреді».
а) Қыс
ә) Қар
б) Шана
2.Дұрыс сөзді анықта
а) Қыс түсті.
ә) Күз түсті.
б) Жаз түсті.
в) Көктем түсті.
3. «Қар» өлеңінің авторы кім?
а) Міржақып Дулатов
б) Бауыржан Жақып
в) Кәкімбек Салықов
Қыс
Қыс түсті
Бауыржан Жақып
проектор
тест
«Шырша» тобына
1. Мына қар түрлерінің қайсысы өте қалың?
1.Қырбақ қар
2) Жапалақ қар
3) Омбы қар
в) Көбік қар
2. «Шилі бет» сөзінің мағынасы қандай?
3.Қысқы спорт түрлерін ата.
а) футбол, волейбол
ә) шахмат, баскетбол
б) шаңғы, хоккей, коньки
Омбы қар
Бетін үсік шалған
Шаңғы, хоккей, коньки
слайд
тест
«Аяз ата» тобына
1.Атам айтты
-Расымен
Осы болса сұрағың
Әр нәрсенің басы мен
Аяғы бар шырағым
Бұл қай өлеңнен үзінді?
2. «Қасат қар» сөзінің мағынасы қандай?
3.Қысқы айларды ата
а) Наурыз, сәуір, мамыр
ә) Желтоқсан, қаңтар, ақпан
б) Қыркүйек, қазан, қараша
Қардың басы бола ма?
Тығыздалып қалған қатты қар
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
тест
«Ақшақар» тобына
«Шана» әңімесінің негізгі кейіпкері кім?
а) Мұрат
ә) Алпамыс
б) Жәнібек
2.Аққала жасау үшун қандай қар керек?
а) Қасат қар
ә) Қырбақ қар
б) Мамық қар
3.Қай жануар қыс мезгілінде ұйықтайды?
а) Қоян
ә) Аю
б) Қасқыр
Жәнібек
Мамық қар
Аю
тест
«Қыс көрінісі» тобы
1.Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
а) 8 Наурыз, 22 Наурыз
ә) 1 мамыр, 9 мамыр
б) Тәуелсіздік мерекесі, Жаңа жыл мерекесі
2. Осы сөздердің қайсысы қыс мезгіліне тән?
а) Бүршік атты
ә) Құстар қайтты
б) Қатты тоңды
3.Жұмбақтың шешуін тап.
а) Отқа жанбас, суға батпас
ә) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады
Тәуелсіздік мерекесі, Жаңа жыл мерекесі
Қатты тоңды
Мұз
Қар
3 мин
1 мин
15 мин
4 мин «Тұсаукесер». Ой қозғау
Оқушыларға жұмбақ жасырамын
1.Мәз болдың шулап топ бала
Алыстың қармен топтала
Зуладың шаңғы, шанамен
Күлістік құлап жатқанда
Бұл қай кезде болады?
2.Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады
Негізгі бөлім. Оқулықпен жұмыс.
Аяз әңгімесін оқимын.
Түс қайта күн ашылды. Екінші ауысымда оқитын Жазира мектепке беттегенде жауған қардың торғай тұмсық ұшқындары сорғалап тұр еді. Енді күн ашық болса да, үйге қалтырап келді.
Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақ
-Жазира қыс, аяз туралы үлкендерден не білді?
Дәптермен жұмыс.
Мына ойды дәптеріңе мәтін мазмұнына сай жалғастырып жаз
Аязға байланысты бірнеше сөздермен таныстырайық, оларды дәптерге жазып, есте сақтаңдар
Мақалдарды оқы
Сабақты қорытындылау.
Қыс мезгілін көз алдымызға елестете отыра, сурет салыңдар
Оқушыларды бағалау
Рефлексия видеокөрсетілім
«Қыс»
Қыс мезгілінде болады
Аяз
Оқушылар оқиды.
Топтар әңгімені ІІІ топқа бөледі
1 бөлім. Жазираның жаурауы
2 бөлім. Үйдегілердің жауабы
3 бөлім. Аяздың пайдасы
4 бөлім. Қатты аяздан аң мен құс зардап шекпей ме? сұрағына жауап оқиды
Жазира қыс, аяз туралы үлкендерден көп нәрсені білді. Жаңа жауған қар борпылдақ болды. Аяз соны қатайтады. Олар боранға ұшып кетпейді. Күн жылынып, көктем шыққанда ериді, жерге сіңеді. Топырақ дымқыл болса, астықтың өнімі де артады.
Аяздың қарға пайдасы бар.
Қардың жерге пайдасы бар.
Топырақ ылғалының астыққа пайдасы бар.
қақаған, үскірік, шымшыма, шыңылтыр, сықырлаған қызыл шұнақ, шаңғыған аяз
1) Ақ қар көп болса
Ақ нан көп
2) Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады.
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады
Оқушылар қыс мезгілі туралы сурет салады
Өзін-өзі бағалау парақшасы бойынша
Не білдім?
Не үйрендім?
3.Қандай қиындықтар болды?
Стикерге жазып тапсырады видео АКТ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.