Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Аяз би» ертегісі -

«Аяз би» ертегісі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2746 | Размер: | Автор: гость
. Сейтметова Бибигул Асановна
«Ақбастау» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 17 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы,Ақбастау елді мекені
«Аяз би» ертегісі
Мақсаты:
Білімбілігі:Мәтіннің мазмұнын түсіндріп;ертегіні оқыту арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету.
Дамытушылығы:тұспал сөз туралы түсінік,оның мәнін ашу;жаманнан жиреніп,жақсыны үйрену,оны өмірге пайдалана білуге ұмтылдыру.
Тәрбиелігі:адамгершілікке,тапқырлыққа,шыдамдылыққа,адалдыққа
тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ,білік-дағдылықты қалыптастыру,
қызығушылықты ояту,деңгейлік тапсырмалар
Әдісі:диалог,рөлмен оқу,нақыштап оқу,шығармашылық жұмыс:Жоспарға мақалмен жауап беру,ой толғау,сурет салу,оны қорғау,венн диаграммасы,ойды топтастыру.
Көрнекілігі:оқулық,тақта,жоспар,суреттер,ертегі бойынша жасалынған бүктемелер,комьпютер
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,биология,география,бейнелеу өнері
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесіп,оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,түгелдеу,реттеу.
І кезең Сыныпты 2 топқа бөлеміз.
І топ «Білім»
Талабың болса тайсалма,
Өзіңді-өзің байқа да,
Талаптансаң жеңесің,
Қиындықты қашан да.
ІІ топ «Өнер»
Өзің ойлап,өзің тап,өзің ізден,
Деген ақыл оқимын көзіңізден.
Талай бала келеді сөз қалдырмай,
Көкжалдықты үйреніп өзіңізден.

Жоспар:
1.Ханның үш жаманды табуға уәзірлерін жұмсауы.
2.Жаманмен кездесу.
3.Тұлпардың сыны.
4.ГауҺар тас сыры.
5.Меңді қыздың шарты.
6.Жаманның сертке беріктігі.
7.Барсакелмес уақиғасы.
8.Аяз би.

ІІ кезең

Венн диаграммасы

ІІІ кезең «Топтастыру» стратегиясы бойынша ертегінің тәрбиелік мәнін ашу



ІV кезең « Бәйге» ойыны
1.Ертеде кім деген хан болыпты?
2.Оның неше уәзірі болыпты? . 3. Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?
4.Хан оларды табуға қанша уақыт берді?
5. Уәзірлер нелер алды?
6.Жаман оларға нелерді алдырды?
7.Хан Жаманға қандай тағам бергізді?
8.Жаманның жасы нешеде еді?
9.Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты?
10.Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң бітеді?
11.Тастың ішінде қандай неше құрт бар?
12.Ханның әкесі неше жаста?
13.Ханның шешесі неше жаста?
14. Ол неше әйелін өлтірді?
15.Оның аты кім еді?
16.Байлығы мен ерлігі ханға парапар кім?
17.Уәлидің қызы кім?
18.Қыздың жасы нешеде?
19.Қыз Жаманға нелер берді?
20. Олардың құралына қыз нелер бергізді?
21.Хан Жаманды қайда жұмсады?
22.Жаман жолға қандай ат мінді?
23.Қырық уәзір Жаманды неше күнділік жолға шығарып
салды?
24.Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?
V кезең
Деңгейлік тапсырмалар:
1. Жаман неге пышақтың жетесін сындырды?
2. Ол неге қайрақты үгітті?
3. Жаман неге тәрелкені уатты?
4. Ол неге гаухар тасты қақ бөлді?
Деңгейлік тапсырмалар:
1. «Таудың басын қырау шалғаны» деген сөздің сыры не?
2. «Таудың етегін қырау шалғаны» деген сөздің сыры неде?
3. «Тау басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?» дегені не?
4. «Өзіңіз нешеусіз» деген сөзідің мағынасы мен жауабы нені білдіреді?

Сөздікпен жұмыс:
1.Қанын жүктемеу-біреудің өліміне себеп болмау
2.Тәңірі жазса-құдай қаласа
3.Теңдік тауып-әділдік тауып
4.Нашарларға-кедей,тұрмысы нашар адамдарға

Сабақты қорытындылау:Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің ертегіден алған әсерім» тақырыбына эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.