Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Айбынды полиция қызметкерлері -

Айбынды полиция қызметкерлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3171 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Шығарма
Айбынды полиция қызметкерлері

Адамдар қандай да бір қауіпті жағдайға ұшырап қалса, құзырлы органдарға хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Қазіргі таңда есірткі тасымалдау, адам ұрлау, ұрлық жасау, адам өлтіру, тонау қылмыстары көбейіп кетті. Ішкі істер қызметкері болу оңай емес, ол үшін әртүрлі сынақтардан өту керек. Олар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Полиция қызметкерлері наша жинаушыларды құрықтайды.
Олар болмаса елімізде бұзақылық көбейіп, адамдардың өмір сүруі қиындаушы еді. Сондықтан полиция қызметкерлерін мен ерекше сыйлаймын.
Полиция қызметкерлерінің адам өміріне араша түсетіні туралы көп жағдайды естіп те, көріп те жүрміз. Олар күндіз болсын, түн жарымы болсын адамдарға көмектесуге дайын тұрады. Адамдарды өрттен, судан, нашақорлардан, маскүнемдерден құтқарады. Көптеген адамдарды ажал тырнағынан арашалап қалады. Бұл кезде олар өз өмірлері туралы ойламайды. Өз басына төнген қауіп-қатерді елемейді. Кездейсоқ оқиғаға тап болған жандарға дер кезінде қол ұшын береді. Міне, Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлері осындай жандар. Олар - батыл адамдар. Осындай батылдығы үшін олар кез келген марапатқа лайық деп ойлаймын. Әрбір полиция қызметкері өз борышын адал атқарады. Полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекетке бармайды. Олар қылмыскерді аңдиды, ұстап алады, сөйтіп қоршаған ортаға зиян келтіретін қылмыскерді ұстап қамайды. Немесе адамдар қиын жағдайға түссе, оларды көлікпен тасымалдап, басқа жерге апарады.
Ішкі істер органдарының қызметкері болуды ойлаған жастар азаматтардың, бірге жұмыс жасайтын адамдардың және бүкіл халықтың сенімінен шығуы тиіс. Олар қылмыспен күресте қатаң болуы керек, ал адамгершілікке келгенде мейірімді болуы тиіс деп ойлаймын. Мемлекеттің берген өкілеттіліктерін саналы түрде, яғни заң шеңберінен шықпай орындауы тиіс. Өздері тәртіпті, айтқан уәдесінде тұратын, жұмыстастарына, өзіне талап қоя білетін адам болуы керек. Ал адамдардың өміріне араша түсетін кезде қайратты, ержүрек, ештеңеден қорықпайтын батыл, сабырлы, ешкім оған ақы төлемесе де көмекке дайын тұрулары тиіс. Олардың ең бірінші ойлайтыны - адам өмірін сақтап қалу. Өзінің сырт келбетін таза, ұқыпты ұстап жүруі керек. Олар тек сырттай ғана мәдениетті емес, әр уақытта мәдениетті, ішкі ары таза, жан дүниесі сұлу адамдар болуы тиіс деп ойлаймын.
Солнечный поселкесінің полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерді болдырмай, елдің тыныштығын сақтап жүреді. Кешкі уақытта рейд жасап, көшеде тәртіпсіздіктің болмауын бақылайды. Абай алаңында жарық шамдарын сындырып кетпеуін, адамдар демалып отыратын саябақтардың ластанбауын қадағалайды. Жұмыстан келген адамдардың түнде тыныш ұйықтауын қадағалайды. Түнде бейсауат жүрген адамдарды көрсе, тоқтатып, жөн сұрайды. Көмекке зәру адамдарға көмекке келеді. Оқушылармен қылмыстың алдын алу жұмыстарын өткізеді. Балалармен әңгімелеседі. Жасөспірімдердің көпшілігі темекі тартуға, насыбай атуға бейім тұрады. Ол заттардың зиян екендігін түсіндіреді. Қоғамдық орындарда, подъездерде жасы жетпеген балалар шылым шегіп тұрғандарын көрсе, ата-анасына айыппұл төлетеді.
Полиция қызметкерлері өзінің қызметтік борышын ынта-жігерімен орындайды. Ақпараттың басым көпшілігін жасырын жолмен алып, іздестіріп, қылмыскерді іздеуді жылдар бойы тоқтатпай, әділдікті әшкерелеп, азаматтардың құқығын қорғайды. Қызметіндегі құпия сырларды жасырын ұстайды. Қылмыскер өз кінәсін мойындамай жатса, тек қажетті жерде ғана мәжбүрлеуді қолдануға болады деп ойлаймын. Өз билігіндегі құралдарды тек қоғамдық игіліктер үшін пайдаланады деп ойлаймын. Әр адам өз әрекеттері мен қателіктері үшін өзінің ары алдында, өз ұяты алдында жауап беруі тиіс. Полиция қызметкерлері өте қажет мамандық. Қазір террористер қоғамға көп зиянын тигізеді. Адам өміріне, мектеп оқушыларына қауіп келтіретін әрекеттер жасайды. Олар адам көп жиналған жерде, вокзалдарда, мәдениет орындарында астыртын қауіпті жағдайларды ұйымдастыруы мүмкін. Солардың алдын алып, діни экстремизммен күреседі, дәстүрлі емес дін ұйымдарын құрықтайды. Сондай бір террористерден көп адамның өмірін сақтап қалған, өз өмірін ұлты үшін құрбан еткен Ғазиз Байтасовтың ерлігі кез-келген адамның қолынан келмейді. Міне, полиция қызметкерлері өз ісіне адал, антына берік. Оның жарқын бейнесі мәңгі ұрпақтар жадында болады.
Полиция қызметкері - халықтың қорғаны. Адамдарға, балаларға әйел адамдарға зиянын тигізетін қылмыскерлер көп, солармен күресетін полиция қызметкерлері мықты, күшті, спортпен шыныққан болуы тиіс. Полиция қызметкері екі иығына екі адам мінгендей еңгезердей, ұзын бойлы, жауырыны қақпақтай, екі білегі тоқпақтай күші көп болса, қылмыскерлермен күресе алады. Бірақ ұзын бой мен қарулы күш аздық етеді. Сондықтан олар ақылды, адамдармен тез тіл табысатын, өздері сыпайы, адамның көңіл-күйін жазбай танитын, адам психологиясын меңгерген болуы тиіс. Сол кезде халықтың тыныштығын күзетуге атсалысатын, өз ісіне адал полиция қызметкері бола алады. Құқық қорғаушысы адамдармен бетпе-бет келіп жұмыс жасайды. Тұрғындармен сөйлескенде сыпайы болса, полиция қызметкерінің жұмысы жандана түседі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусым – полиция күні деп жариялады. Қазіргі заманде еліміз полиция сақшыларына толық сенеді, сеніммен қарайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.