Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қайталану саны белгілі циклдер. -

Қайталану саны белгілі циклдер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1709 | Размер: | Автор: гость
. Қозыбаев Талғат Қабылұлы,
№106 Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі.
ОҚО, Сарыағаш ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қайталану саны белгілі циклдер.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімді қалыптастыру: Оқушыларға қайталану саны белгілі циклдерді жүзеге асыру пішіндерін, циклдің параметрлі қайталану операторларын қолдануды үйрету, есептерге программа құрып, компьютерде орындауды үйрету.
2) Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, үлкенге сый – кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, дидактикалық материалдар, суреттер, Паскаль программалау тілі.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру, психологиялық жаттығу арқылы оқушылар зейінін ұйымдастыру.
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыптар бойынша оқушыға қосымша сұрақтар қою.
1. Циклдік алгоритмдер деген не?
2. Циклдік алгоритмдер неше түрге бөлінеді?
3. Алғы шартты циклдік операторы қалай жазылады?
4. Соңғы шартты циклдік операторы қалай жазылады?
ІV Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Хан шатыры» әдісі. Интерактивті тақтада шатыр бейнесі жасалынады. Шатыр бөліктеріне жаңа сабаққа байланысты деректер жазылады, ал оқушылар сол белгілерге қарап негізгі тақырыпты ашады.
Параметрлі қайталау командасы циклдік құрылымның алгоритмдерін көрнекілеп жазуға мүмкіндік береді.
Іске асыру пішіндері.
Блок-схема

Алгоритм тілі
Қайталану командасы параметрімен:
үшін Х бастап Хбасы дейін Хсоңы қадам Хқад
цб
цикл денесі
цс
Егер қадам мәні 1-ге тең болса, қад (қадам) қызмет етуші сөзін алып тастауға болады.

Паскаль тілі
1 жол. Санағыштың мәні өседі.
for Х:= Хбасы to Хсоңы do
begin
цикл денесі
end;

2 жол. Санағыштың мәні кемиді.
for Х:= Хбасы downto Хсоңы do
begin
цикл денесі
end;

Мысал: 1, 3, 5, …, 15 сандар квадраттарының қосындысын есептейтін алгоритм және программа құрастыру.

алг квадраттар қосындысы (нәт. бүтін S)
басы бүтін Х, Y
S:=0
үшін X бастап 1 дейін 15
цб
Y:=X2
S:=S+Y
цс
шығару S
соңы

program kvkosindi;
var x,y,s:integer;
begin
S:=0
for x:=1 to 15 do
begin
y:=sgr(x);
s:=s+y;
end;
writeln(‘s=’,s);
end.

V.Сабақты пысықтау.
1.Тест жүргізу (тақырып бойынша)
2. Өзіндік жұмыс (берілген тапсырмаларға бағдарлама құрып, компьютерде орындау).
Тапсырмалар:
1. қосындысын есепте.
2. қосындысын есепте.
3. -10, -8, -6, ..., 10 сандарды кубтарының кестесін жазу.
4. [-6; 33] кесіндісінен алынған бүтін сандардың арифметикалық ортасын есептеу.
5. қосындысын есепте.
6. 2n-есептеу. Есептеудің нәтижесі 250 – ден үлкен болғанда тоқтатып, N-ді анықта.
7. N – натурал саны берілген. Осы санда қанша цифр барын, сол цифрдің қосындысын анықта.
8. 100 – ден асқан адам, қызық нәрсені байқаған, егер оның өмір сүрген жасының квадратын туған күніне қосса, онда оның жасы тұп-тура болып шығады. Осы адамның жасын анықта.
VI Сабақты қорытындылау.
1. Қайталану командалары қай варианттарда жүзеге асырылады?
2. Циклдің параметрлі операторлары қалай жазылады?
3. Алғы және соңғы шартты циклден параметрлі циклдердің айырмашылығы қандай?
VIІ Үйге тапсырма.
Тақырып бойынша берілген есептерді орындау.
VІIІ Оқушыларды бағалау.
«Гүл шоғы» әдісі - оқыту үшін бағалаудың бұл түрі топтық түрде қолданылады. Әдісті жүзеге асыру үшін топ мүшелері отырған әрбір парта жиынтығына гүл салатын ваза қойылады. Сабақ барысында әр оқушының жауабына гүл талынан беріледі. Оқушы өз тобындағы вазаға гүлді салады. Ал сабақтың соңында топ вазаларындағы гүлдер саналып, көп гүлге ие болған топ жеңіске жетеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.