.
.
Астана қаласы Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Анасова Фатима Нуриддиновна Қайталау
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1170 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:1.Екі таңбалы санға екі таңбалы сандарды қосу
мен азайтуды қайталау.Жақша ұғымын пысықтау
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,
ұжым қалыптастыру.
3. Баланың бойындағы жалпы адамзаттық құндылық-
тары мен түрлі қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: проектор, дидактикалық материалдар,
ойындар,тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,қайталау,ойындар.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру бөлім
Оқу- құралдарын тексеру,сабаққа назарын аудару
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады баршаға!
II.Өткенді пысықтау
-Балалар,қазір біз ойын ойнауық!Ол үшін мына өрнектердің мәнін табайық.Сол кезде біздің бүгінгі тақырып шығады.
Қ а й т а л а у
10 50 70 80 20 30 22 28
• 90-10=… Т
• 0+20=…А
• 60-50=…Қ
• 10+20=…Л
• 40+30=…Й
• 80-30=…А
• 25+3=...У
• 27-5=…А
III.Негізгі бөлім
-Сонымен қандай сөз шықты?
-Балалар,сонымен бізде бүгін қацйталау сабақ.Демек бүгін бізде өзгеше сабақ болады.Бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа барамыз.Сондықтан әртүрлі қиындықтарға дайын болыңдар.
Бізбен бірге Мәди, Айзере, Ою да бірге саяхатқа барғылары келеді. Саяхатқа шығамыз ба?Ол үшін №1 тапсырманы орындау керекпіз.
1 қатар 1 бағанды 2+а=10 1+a=10
2 қатар 2 бағанды a-2=8 a-1=9
3 қатар 3 бағанды 10-a=2 10-a=1
Үшеуі ойнап келе жатқанда, мыстан кемпір келіп Айзере мен Оюды ұрлап кетеді.
- Балалар,енді біз Мәдиге достарын құтқаруға көмектесейік.Ол үшін Мәди өзінің жауынгерлік киімдері мен тұлпарын табу керек.Іздесеміз бе?
Олай болса №2 орындайық.
92,91,90,89,88.
90+2=92 80+9=89
90+0=90 80+8=88
90+1=91
Енді Мәди достарын қай жақтан іздерін білмеді.Сол кезде қаздарды көреді.Қаздар Айзере мен Оюды мыстан кемпір қай жерде ұстап отырғанын білетінін айтты.Егер біз берген тапсырманы орындасақ айтады.
№3 Қойылмай кеткен жақшаларды қою керек.
1 қатар 10+5-4=11
10+7-1=16
18-3+5=10
2 қатар 6+4-2=8
9-3+2=4
7-2-3=2
3 қатар 60+40-20=80
90-30+20=40
70-20-30=20
Мәди тұлпарымен шауып келе жатады алдынан алып Таусоғар шығады.
- Егер мен берген тапсырманы орындасаң, мыстан кемпір достарыңды қай жақта ұстап отырғанын айтамын,- дейді.
№4 Сөз есепті шығар.
Аулада 36 үйрек және олардан 6-уы кем қаз жайылып жүр. Аулада неше қаз жайылып жүр?
Мәди Таусоғардың тапсырмасын орындап келе жатқанда алыстан балапанның шырылдаған дауысы естіледі.Жақындап барып қараса, биік бәйтеректе ұя тұр екен,ішінде 3 балапан бар .Оны сұм жылан жемекші болып жатыр.
-Балалар, көмектесеміз бе балапандарға?
-Олай болса №5 өздерін орындай қойыңдар!
№5 Ұзындығы 13 см және 1 дм екі кесінді сыз.Қайсысы ұзын және қанша ұзын? Қайсысы қысқа және қанша қысқа?
-Жарайсыңдар,балалар! Біз балапанды жыланнан құтқаруға көмектестік.
Міне енді біз мыстан кемпірді де көрдік.Бірақ оған жету үшін.мына үлкен көлден өту керекпіз.Қараңдаршы көл жағасында Көлтауысар отыр,одан көмек сұрайықшы!
Көлтауысар №6 ны орындасаңдар көмектесемін деді,амалдарды орындаймыз ба?
(2+8)+7 17-(7+3) (18-1)-7
(4+6)+9 18-(8+2) (15-1)-4
(11-1)-1 (16+1)-7 (9+1)+1
-Міне, енді, мыстан кемпірдің де үйіне келіп жеттік.Мыстан кемпір тапсырмамды орындасаңдар Айзере мен Оюды жіберемін дейді.Оның тапсырмасын орындаймыз ба?
-Мен оқимын,дұрыс жауап болсашапалақтаймыз.Қате болсааяғымызбен тарсылдатамыз.
1.40+10=60
2.1сағ=60 мин
3.90-20=70
4.1 тәул=25 сағ
5.1 дм=10см
6.Қазан-қыс айы.
IV.Сабақты қорыту.
-Балалар,жарайсыңдар!Біз досарымызға көмектестік.Сендер үлкен іс атқардыңдар.
V.Үйге тапсырма.
№7 53 бет
VI.Бағалау
Балалардың сабаққа қатысқандарына қарай бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.