.
.
ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы, «Қайталау - оқу анасы» саяхат сабағы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1695 | Размер: | Автор: гостьА.Байтұрсынов атындағы
жалпы орта мектеп
География пәнінің мұғалімі:
Дүрменова Сырғакүл Жұматайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қайталау - оқу анасы» саяхат сабағы
Сабақтың мақсаты: Конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық
заттар кешендері туралы ғылыми түсінік беру, тарау бойынша өткендегі жаңа ұғымдарды меңгеру дәрежесін анықтау,оқушылардың білімін бағалау.
Оқытушылық: 1. Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, ой қорыту)
2. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.
Тәрбиелік: Металлургиялық кешен салаларын түсіндіре отырып,экологиялық,отангерлік сезімге және сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, саяхат ,ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Оқушының логикалық қабілетін арттыру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы , интерактивті тақта т.б.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру (1-3 минут)
2.Үй жұмысын тексеру (5 минут)
3. Аялдамалар мен жұмыс
а. «Мен саған, сен маған» аялдамасы
б. «Білімді мыңды жығады...» аялдамасы
в.»Хан Тәңірі шыңы» аялдамасы
г. «Тапқыр болсаң, тауып көр» аялдамасы
д. «Шынықсаң шымыр боласың» сергіту сәті
ж. «Табиғатты бүлдіруге жол жоқ» аялдамасы
4.Қорытындылау (2минут)
5.Бағалау (3 минут)
5.Үйге тапсырма беру (2 минут)
Сабақтың барысы: А) Ұйымдастыру
Оқушылар мұғалімнің төмендегі сөздерін хормен қайталауы керек.
Менің оқу себебім:
1 Қызықты болғандықтан
2 Ақылды және парасатты болғым келеді
3 Кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады
4 Қазір барлығы оқиды, сол себептен мен де оқимын
5 Мұғалім ұнайды
6 Сауатты болғым келеді
7 Өз отаныма пайдалы азамат болғым келеді
8 Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді
9 Бұл менің парызым
Үй жұмысын тексеру
Барлық оқушылардан сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру
1Конструкциялық материалдар дегеніміз не?
2.Металлургия кешені дегеніміз не?
3.Қара мателлургияға жататындарды ата?
4. Металлургияның негізгі ерекшеліктерін ата?
5. Түсті металлдарға жататындарды ата?
6. Ауыр түсті маталдарды ата?
7.Байыту фабрикаларының өнімдерін ата?
8. Полиметалл өндірісінің ірі 3 ауданын ата?
9. Алюминий өндірудің 2 ірі кезеңін ата?
10. Химия өндірісінің ерекшеліктерін ата?
11. Химия өнеркәсібінің салаларын ата?
12.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
Аялдамалардағы тапсырмалар интерактивті тақтадан көрсетіліп отырады
Қорытындылау
Үйге тапсырма Тарауды қайталау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.