.
.
Астана қаласы Айтыс туралы түсінік
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2870 | Размер: | Автор: гость№10 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті піні мұғалімі
Бейсова Қазима Базарбайқызы
Caбақтың тақырыбы : Айтыс туралы түсінік
Сабақтың мақсаты :
Білімдік :оқушыларда халқымызды әлемге танытатын өнердің биік шыңы – фйтыс өнерінің тарихы ,ерекшелігі , түрлері туралы түсінік қалыптастыру , әдебиет теориясынан импровизация жөненінде түсінік беру.
Дамытушылық оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып ,ой қорыту ,осы күнгі фйтыстарды бұрынғы айтыстармен салыстыра білу дағдыларын дамыту .
Тәрбиелік:айтыс өнердінің қоғамдық өміріміздегі рөлін таныта отырып ,сөз өнерін қадірдеуге ,суырыпсалма өнерді бағалай білуге тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта ,нақыл сөздер ,тірек сызбалар.
Күтілетін нәтиже: айтыстың түрлерін ,жанрлық ерекшелігін ,тарихын біле отырып , өз тәжірибесінде оның түрлерін білуге ,қоғамдық мәнін тануға үйрету.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау,жинақтау,салыстыру ,ізденушілік,іскерлік ойындар.
Cабақтың барысы
I Ұйымдастрыу кезеңі :
1)оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау ;
2)оқушылардың көңідін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
II Үй тапсырмасын оқып-білу кезеңі:
III Жаңа тақырыпты оқын-білу кезеңі:
1. «Ассоциативті қатара».
Тақтаға «Айтыс» сөзін жазу. Оқушыларға дәптерге тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсыну. Интерактивті тақтадан дұрыс жауапты көрсету ,оқушыларға өз жазғандарымен салыстыру .
Асыл мұра ,пікірмалас түрі ,талант ,сөз өнері ,шабыт , сөз сайысы,өнер жарысы,сөз барымтасы ,сөз добасф.
2.Оқулық мәтімен танысу:
Әр оқушы бір-бір сұрақ дайындап ,оны қағазға жазады,бұл қағаздар бір оқушыдан екіншіге беріліп ,алмастырылады.Сұраққа жауап бергісі келгендер ,алдыңғы жазылған жауаптардың астына өз жауаптарын жазады. Ал егер жауап болмаса ,келесі оқушыға береді .Жұмыс соңында барлық сұрақтар мен жауаптар дауыстап оқылып,тақтаға жазылады.
3.Мәтін бойынша түсініксіз сөздермен сөздік жұмысы ұсынылады:
Шаманизм-шамандық бағыт : күнге ,айға ,көкке ,отқа табынатын таптық қоғамға дейінгі дін түрі.
Бәдік-айтыс түрі.
Үшкіру-аурған адамға деп салу,дұға оқу.
Шакыру- ауырған адамды емдеу кезіндегі бақсының тылсым күштерді шақыру тәсілі .
4.Әдебиет теориясынан импровизация туралы түсінік беру.
5.Тірек сызба бойынша әңгімелеу.
6.Топтық жұмыс ұйымдастыру:
1-топ: «Айтыс туралы түсінік».
2-топ: «Бәдік айтысы».
3-топ: «Жануарлар мен адамның айтысы».
4-топ: «Жұмбақ айстысы».
5-топ: «Ақындар айтысы».
6-топ: «Осы күнгі айтыстар».
IV Сабақты бекіту:
1.Сұрақтарға жауап беру:
- айтыс деген не?
- айтыстың қандай түрлері бар?
- бәдік айтысы деген не?
- жануарлар мен адамның айтысына қандай мысал келтіруге болады ?
- жұмбақ айтысының ерекшелігі неде ?
- ақындар айтысының ше ?
- қазіргі заман айтысының мақсаты мен міндеттері қандай?
- айтыс ақындарына қандай қасиеттер тән ?
- импровизация ,экспромт деген не ,оның айтыс өнеріне қандай қатысы бар ?
- осы күнгі ақындар айтысының тақырыптары қандай ?
2. Айтыс ақынына қандай қасиеттер тән болған ?
Ақанға тән қасиеттер
V Сабақты қорытындылау ,оқушы білімін бағалау.
Берілген кесте бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізу:
Бұрынғы айстыстар
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
VI Үй тапсырмасы:
Берілген мәліметтерді түсініп оқып ,тест құрастырып келу.
VII Рефлексия кезеңі:
Топтарға бөлініп «Оптимистер», «Пессимистер», «Реалистер» рөлдік ойынын өткізіңдер: «Оптимистер»айтыстың болашағы ,бүгінгі күндегі айтыстың құлаштап өркендеуі туралы құнды пікірлер айтады . «Пессимистер» керісінше айтыстың бүгінгі күнде дамыуна кедергі болып жатқан факторлар туралы ой қозғайды. «Реалистер» айтыста бейнеленетін өмір шындығы туралы нақты мысалдармен ой өрбітеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.