.
.
Тақырыбы: Қайырымдылық – жылы жүректен! Қайырымдылық – жылы жүректен!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6791 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Міндеттері:
- Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Қайырымдылық қарым - қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
- Мейірімділікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: десант сабақ.
Әдісі: ойын, сұрақ - жауап алу,ой қозғау, ән айту.
Көрнекілігі: хат, қима қағаз,интербелсенді тақтадан слайд көрсету т.б.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, менің қымбатты достарым! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! (Осы сәтте есік қағылып, хат әкелінеді)
(Келген хатты балаларға оқып беру)
Хатта: « Қымбатты балалар, аман- есенсіңдер ме? Бүгін сіздерге осы хатты жолдау себебім: өздеріңнің жылы жүректеріңмен жасалатын мейірімділік, ізгілік,қайырымдылық істеріңді мына тапсырмалар арқылы орындауыңызды сұраймын. Сіздерге берілген құрастырма қағазда топтарыңыздың атауы жазылған, өздерің осы атауға сәйкес ұрандарыңды тауып жазыңдар және сонымен бірге 2-ші, 3-ші тапсырмаларды да орындай отырып, құрастырма суретін табыңдар.Осы суретке орай бір-бірлеріңе деген ақ тілектеріңді айтуларыңызға болады».
Хат жолдаушы аналарың: С.А.Назарбаева
1-тапсырма: Әр топ өз тобының атына байланысты ұран жазу.
І-топ: «Сүйіспеншілік»
Ұраны: «Сүйіспеншілікпен жасаған іс - берекелі іс»
ІІ-топ: «Ізгілік»
Ұраны: «Ізгілік – имандылық белгісі»
ІІІ-топ: «Қайырымдылық»
Ұраны: «Қайырымдылық – игілікті іс»
ІҮ-топ: «Мейірімділік»
Ұраны: «Мейірімділік – жан шуағы»
2-тапсырма: Адамгершілік құндылықтарға байланысты сұрақ-жауаптар.
«Сүйіспеншілік» тобына: Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
«Ізгілік»тобына: Адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз?
«Қайырымдылық» тобына: Өміріңізде қайырымдылыққа мұқтаж жандарға көмек көрсеткен адамдар туралы не білесіз?
«Мейірімділік» тобына: Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
3-тапсырма: «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын тап.
(Әр топқа үш мақалдан беріледі)
«Сүйіспеншілік» тобына:
1. Ашу дұшпан - ақыл дос,
... (Ақылыңа ақыл қос).
2. Ақылы жоқ басқа – адырайған көз бітеді,
Дуасы жоқ ауызға – (судыраған сөз түседі)
«Ізгілік»тобына:
1. Әдепті бала – арлы бала,
... (Әдепсіз бала сорлы бала).
2. Ала жіпті аттамағанның - ... (абройы биік)
«Қайырымдылық» тобына:
1.Ақылдының алдымен жүр,
... (Ақылсыздың артымен жүр)
3. Адалдық жүрген жерде - ... (адамдық жүреді)
«Мейірімділік» тобына:
1. Өтірік айтып жағынғанша,
... (шыныңды айтып жалын)
2. Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар,
... (Жаман жігіт оңай істі күш қылар).
– Олай болса,өздеріңізге берілген үш тапсырмаларды да орындадыңыздар, ендеше, қима қағаздарыңызды әкеліп тақта бетіне жапсырып, өз топ атыңызды қорғауға болады. Төрт топ қима қағаздарын құрастырып болған соң, құрастырылған үлкен жүрекшеге қарай отырып, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын табамыз. Бұл біздің үлкен жүрегіміз. Осы үлкен жүрегімізбен жылылықпен мейірімділік таныта отырып,сүйіспеншілігіміз арқылы, ізгілікті іспен қайырымдылық жасаймыз. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын өздерің атаңыздар.
- Қайырымдылық қандай жүректен болады?
Балалардың жауабы тыңдалады.
- «Қайырымдылық – жылы жүректен!»
«Сіз»,«Біз» - деген жылы сөз,
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті, – деп алдарымыздағы кішкене жүрекшелерге игі тілектеріңізді жазып және оқып беріп,оны да үлкен жүректің айналасына жапсыра қойыңдар.
Қорытынды: Төрт топқа бөліну арқылы бір-біріңізден қалыс қалмай оза шауап, жақсы жауап беріп отырдыңдар, сіздердің әрқайсыларыңды бөле-жармай, қашанда достық сезім алда жүретіндіктен , бүгінгі тәрбие сағатымызда «достық жеңіске жетті» десек артық болмайды деп ойлаймын. Бойында адалдық, ісінде достық, жүрегінде сүйіспеншілігі, ізгілікті ісі мен қайырымдылығы, мейірімділігі бар адам ғана осындай жақсы қайырымдылық іс жасай алады. Сондықтан да балалар ,қайырымды жан болайық!
Топпен ән айту.
«Мейірімді болайықшы ағайын!» Әні: Қ.Махандікі
«Жаңаөзен қаласының № 20 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қайырымдылық - жылы жүректен!»
Дайындаған: Ж.Т.Сатаева
2015/2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.