Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алаңқайдағы саңырауқұлақтар -

Алаңқайдағы саңырауқұлақтар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5160 | Размер: | Автор: гость
. Аманжол Дәуренгүл
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
II санатты тәрбиеші

«Таңшолпан» (2-3 жас) І кіші топ

Білім саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат, себет.
Сөздік жұмыс: Алаңқай

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық Ғажайып сәт.
Топқа қолында себеті бар қуыршақ Қарақат кіріп келеді.
Әдеп сақтап әлемде,
Әрбір адал адамға
Жасайық бір жақсылық,
Ынтымаққа қосыл да.
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Балалар қарақат қуыршағын құшақтап амандасады.

Ұйымдастырушылық
ізденістік Қарақат:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде қандай өзгерістер болады?

-Менің себетімде саңырауқұлақ-тар бар. Бірақ бұл саңырауқұлақтар маған аздық етіп тұр. Сондықтан мен себетіме саңырауқұлақтар толтыруға бара жатырмын.
- Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдарма?
- Балалармен саңырауқұлақ туралы білу үшін тақтаға қараңдаршы.
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады?
-Сөздік жұмыс: Алаңқай.
-Балалар себетіме саңырауқұлақ-тарды толтырдым, ал менің Ақтөс атты итімнің көңіл-күйі жоқ. Оның көңілін көтеру үшін үлкен және кіші саңырауқұлақтар жасап берейік.
Сергіту сәті:
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті міне керегі:
Екеуін қайың астынан,
Біреуін терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке.
- Күз мезгілі.
- Күн суытады, жеміс-жидектер піседі.
Балалар Қарақаттың айтқанын мұқият тыңдайды.

- Ия, барамыз.

- Екі бөліктен тұрады.

- Алаңқай.

Балалар келіседі.

Балалар сергіту сәтін балалармен бірге қайталайды.

Рефлексиялық-
түзетушілік -Балалар бүгін қайда бардық?

- Орманнан не жинадық?
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады?
- Кімге көмектестік? - Қарақат қуыршағымен орманға бардық.

- Саңырауқұлақтар жинадық.
- Екі бөліктен тұрады.
- Ақтөске көмектестік.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Саңырауқұлақты дайын үлгілерден құрастырып жапсыра білді.
Түсінеді: Саңырауқұлақ күзде өсетінін, жауыннан кейін өсетінін, орманда өсетінін
түсінеді.
Қолданады: Желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жасыра білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.