Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғаламшар ғажаптары -

Ғаламшар ғажаптары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1978 | Размер: | Автор: гость
. Тұрсынбекова Макира,
№31 жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Ғаламшар ғажаптары»

Жалпы мақсаттар:
Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру; Оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;
Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;
Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;
Басқаларды тыңдап кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды.
Ресурстар: Интернеттен қосымша материалдар
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стикер, А-4 қағаз, түрлі-түсті қағаздар, қыстырғыштар, ұялы телефондар, планшеттер, ноутбук, ТСО және т.б.
Оқыту әдістері:
Интерактивті оқыту әдістері, СТО, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап,
жеке жұмыс
Дерек көздері:
http://www.goo.kz
www.uchebakaz.kz
http://www.gotquestions.org
http://referaty.kz

Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, салыстыру, ассоциация

Сабақтың барысы
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Уақыты
Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар ортаға шаттық шеңберін құрады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады 3 мин
Ой қозғау: «Ғарыш және ғарышкер»
(мұғалім оқушыларға «Ғарыш және ғарышкер» деген сөзге қандай ассоциация туындайтынын сұрайды) Оқушылар «Ғарыш және ғарышкер» деген сөзге ассоциация құрайды, өз ойларын ортаға салады, бір-бірлерінің ойын тыңдайды 3 мин
Топтастыру: «Ай», «Жер», «Күн» (мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сыныпты үш топқа бөледі) Оқушылар түрлі-түсті қаламдар арқылы үш топқа бөлінеді 2 мин
Топтық таныстырылым (мұғалім топ мүшелерін өз топтарын таныстырып өтуін сұрайды) Үш топ арнайы берілген уақытта топты таныстырып шығу керек 4 мин
Мағынаны тану: «Ғаламшар ғажаптары» (мұғалім бүгінгі сабақтың мағынасын түсіндіріп өтеді) Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту 3 мин
Топ жұмысы: «Жер ғарышкерлер көзімен» (мұғалім оқушыларға топ жұмысының барысын түсіндіріп өтеді) Берілген тапсырма бойынша оқушылар топта бірлесе отырып берілген тапсырманы тірек-сызба арқылы орындайды, қорғайды (тапсырма флипчартта орындалады) 10 мин
Сергіту сәті: «Алдар көсе»
(мұғалім оқушыларды сергіту сәтіне шақырады) Оқушылар Алдар көсе» биіне билейді, бойларын сергітеді, көңіл-күйлері көтеріледі 2 мин
Топ жұмысы: (жигсо 1)
«Әлем – басқаша ғалам» (мұғалім топтарға жаңа тақырып бойынша Жиксо 1 әдісімен конвертке салынған сұрақтарды таратып, тапсырмаларды бөліп береді) Берілген тапсырма бойынша оқушылар топта бірлесе отырып, берілген тапсырманы орындап, өздерінің отбасыларына оралып тақырыпты талдайды
6 мин
Эссе хат: «Егер мен ғарышкер болсам ...» (мұғалім оқушыларға эссе хат жазуын сұранады) Оқушылар берілген тақырыпқа оқушылар өз ойын эссе хат арқылы жазады 4 мин
Жүректен жүрекке: (Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып өз бойларындағы жақсы қасиеттерімен таныту мақсатында және алған білімдерін қорытындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады) Оқушылардың мақсаты шеңберлене тұрып, мұғалім берген тапсырманы орындау 3 мин
Оқушыларды бағалау: Критериалды бағалау 2 мин
Рефлексия Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кір қыстырғышпен іледі 1 мин
Кері байланыс: (мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қояды) Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді 2 мин
Үй тапсырмасы:
«Адамның Ғаламмен байланысы» (мәліметтер жинау) Оқушылар берілген тапсырманы А4 форматта орындап келеді 1 мин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.