.
.
Астана Қаласы Алаш қозғалысы және ХХ ғ. басындағы ұлттық идея.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5787 | Размер: | Автор: гость№8 орта мектептің
Тарих пәні мұғалімі
Шапиева Гүлдана Шәріпбекқызы
Алаш қозғалысы және ХХ ғ. басындағы ұлттық идея.
Сабақтың мақсаты: ХХғ. басындағы патша саясатына қарсы қозғалыс- Алаш қозғалысы болып табылатындығын түсіндіре отырып, 1917ж Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі және бұл нәтиженің бүгінгі көрінісі – тәуелсіздіктің тамыры тереңге жайылғанын ұғындыру. Алаш қайраткерлері көксеген тәуелсіздіктің бүгінгі таңдағы тұғырлы болашағын танып білу арқылы еліміздің дамуына үлес қосатын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
• Зерттеу жұмыстарының нәтижесінің бірі ретінде Алаш идеясының қалыптасуын көрініс арқылы көрсете отырып, оқушыларды ХХ ғ. басындағы қоғам қайраткерлерінің халықты орыс езгісінен азат етуді көздегенін және де ол идеяға қазіргі таңда қол жеткізгенімізді ұғындыру.
• Тарихи құжаттармен жұмыс істеу, балама пікір айту, талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.
• Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамасымен тәуелсіздікке қол жеткізген тұста елімізді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосатын азамат тұлғасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
• Алаш зиялыларының тәуелсіздікке қол жеткізудегі ұлттық идеяларын толық меңгереді.
• Зерттеу жұмысы арқылы тарих пен әдебиетті байланыстыра отырып, Алаш идеяларын халық арасында таратқан ақпарат көзінің бірден-бірі – алаш әдебиеті екенін ұғады.
• Еліміздің талай қиындықтардан өтіп, алған тәлуелсіздігімізді құрметтеп, қорғайтын және Елбасымыздың стратегиясын қолдап және оны алдағы уақытта дамытатын азамат тұлғасы қалыптасады.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұхбат, зерттеу, көрініс.
Көрнекілігі: тақырыптық слайд
Керекті құрал: проектор
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет «ХХғ. басындағы қазақ даласындағы тарихи әлеуметтік жағдай, әдебиеттің дамуы»
Сабақтың жоспары:
1. Жүргізушінің кіріспе сөзі.
2. Көрініс «Алаш идеясының қалыптасуы».
3. Зерттеу топтары өздеріне тиісті тапсырмалар бойынша зерттеу жұмыстарының қорытындысын көрсетеді:
І-топ: тарихшылар
ІІ-топ: әдебиетшілер
4. Рефлексия
Сабақтың барысы
1-көрініс: «Алаш идеясының қалыптасуы».
Жүргізушінің кіріспе сөзі: 1917 жыл- Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады. Әлихан Бөкейханов рөлінде 11 «Ә» сынып оқушысы Бейсенбеков Аманжол;
Ахмет Байтұрсынов рөлінде 11 «Ә» сынып оқушысы Үйсінбаев Досхан.
Жаһанша Досмүхамедов рөлінде 11 «Ә» сынып оқушысы Үйсінбаев Мағжан.
Әлихан Бөкейханов: - Мырзалар, Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді. Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне ғана қызмет етуі тиіс емес пе?! Менің айтайын деп отырғаным өзіміздің ұлттық мемлекетімізді құратын уақыт келді.
Жаһанша Досмүхамедов: -Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз
Ахмет Байтұрсынов:- Иә,бірақ алдымен қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.
Әлихан Бөкейханов: - Әрине, ол мәселенің міндетті түрде алға қойылары даусыз. Ал мені алаңдататын- жеріміздің әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек және қазақтың жерінде өндірілген әрбір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуымыз керек, солай емес пе, мырзалар.
Ахмет Байтұрсынов: -Дұрыс айтасыз, экономикалық тәуелсіздік біздің зор болашағымыз сол себептен, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құруға тиіспіз.
Әлихан Бөкейханов: -Иә, мырзалар, міне, сол себептен келесі отырысымызға дейін осы айтылғандарды ой елегінен өткізіп, болашақ ұлттық мемлекетімізді құрудың жоспары мен бағдарламасын жасауға дайын болайық.
Сахна сыртынан 1-жүргізуші (11 «Ә» сынып оқушысы Бек Ербол): - XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ зиялылары Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер жерде өрістеген қарсылық көтерілістердің басы қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Мемлекеттік Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды.
2- жүргізуші (11 «Ә» сынып оқушысы Нұрбаева Дана): - Алдымен жергілікті жұртты орналастырып алып, содан кейін переселендерге кірісу керектігін, қазаққа мал жайылымы үшін қалдырылған жерді енді жаңа заң бойынша орысқа ұзақ жылға жалға берілмектігін айтып, өз жеріне өзі жат болған қазақ тірлігіне ара түседі. Ұлт қайраткері Әлиханның халқының тағдырына түбегейлі кірісуі сан тарапты қызметінен көрінді.
2-көрініс: «Алаш бағдарламасы»
А.Байтұрсынұлы: - Қазақ қалам қайраткерлері өз қаламдарын ұлтының ауырын жеңілту, азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес: кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес.
М. Дулатов рөлінде 11 «Ә» сынып оқушысы Сыздықов Еламан: -Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Қайсысына түсетін болсақ та ерік өзімізде. Бір жол – құлдық жолы... Осындайда жігімізді ашып, жер-суымызды қорғап, билігімізді өзіміз алып қалмасақ, күні ертең бізді алдына салып айдап кетуге ие табылады... Құлдық жолы дегеніміз осы. Екінші жол – жұрттық жолы. Осы бастан автономия алу жолына кіріссек, Алаш һүкіметіміз деп тырысып тұрсақ, бізді ешкім басынбайды, һүкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі.
Әлихан Бөкейханов: - Иә,сол себептен ең алға қойылатын мәселе ұлттық автономия құру, оны құру үшін мемлекеттік басқару жүйелі болу керек.
Жаһанша Досмұхамедов рөлінде 11 «Ә» сынып оқушысы Үйсінбаев Мағжан: -Ал осы айтылған мәселелерге сүйене отырып, жер мәселесін талқылауға тиіспіз.
Мұхаметжан Тынышбаев рөлінде 11 «Ә» сынып оқушысы Қайратов Қайдар: - Арқа сүйеп, сенімдігімізді білдіретін халық милициясын құруымыз керек.
А.Байтұрсынұлы: - Әрине, осындай мәселелерге қоса білім беру, сот ісі, дін мәселесін де алға қоюымыз қажет.
М. Дулатов: - Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп.
Қазағым, енді жату жарамас-ты.
(Жиналыста отырған алаш қатарына кіргендер де қолдау көрсетіп мақұлдайды).
Мұғалім: - Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.
Ортаға екі топ болып бөлінген тарихшылар мен әдебиетшілер зерттеу топтарын шақырып тапсрымаларды береміз. Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің идеясы. Сол себептен зерттеушілер тобы сіздерге біздің қонақтарымызға қазіргі таңда «Алаш» зерттелуі мен мектептерде оқытылуы қалай жүріп жатқандығы туралы бірнеше сауалдарыңызды қоюға рұқсат.
Тарих ғылымының докторы, мемлекеттік тарих институтының орынбасары Әбжанов Хангелді Махмүтұлы және №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, сараптамалық технологияның және Абайтану әліппесі электрондық және аудио оқулықтарының авторы- Әбуева Шолпан Бәкірқызы.
4. Алаш тағылымын зерттеуші ғалымдармен сұхбат.
Мұғалім: -Оқушылар мына тапсырмалар бойынша өз зерттеу жұмыстарыңызды бастай беріңіздер.
(Тақтадан екі топқа берілетін тапсырмалар көрсетіледі)
І- топ – Тарихшылар ІІ- топ - Әдебиетшілер
Қоғам. Оқиға. Тұлға.
• Қазақ саяси элитасы ұлттық мүддені негізге алған саяси партия құру ісін қолға алуы;
• Осы мезгілден бастап басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов тұрған ұлттық саяси зиялы қауым жаңа өрлеу жолына түскен ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру мақсатында газет-журналдар шығаруы, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып таратуы;
• Бас-аяғы он шақты жылдың көлемінде қазақ қоғамында ұлт-тық-демократиялық мүдделерді көздеген саяси ағым қалыптасуы;
• Жалпы қазақ жұртының қолдауына сүйенген бұл қозға-лыстың ұйытқысы болып 1917 жылдың күзіне қарай ұйымдық тұрғыдан «Алаш» партиясының құрылуы; Мазмұн. Тақырып. Идея.
• Алаш қайраткерлері қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың шығар-маларына тыйым салынуы;
• Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың басым көпші-лігі ұлт мүддесі үшін қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, ғы-лым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдыруы.
• Белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет екенінің алаш әдебиетінде көрсетілуі;
Оқушылар өз зерттеулерін слайд арқылы көрсетеді.
І- топтың қорытындысы:
«ХХ ғасырдың бас кезіндегі алаш қозғалысының мақсаты»
Қазақ қоғамында ұлттық – демократиялық мүдделерді көздеген саяси ағым қалыптасты. Жалпы қазақ жұртының қолдауына сүйенген бұл қозғалыстың ұйытқысы 1917 жыл-дың күзіне қарай ұйымдық тұрғыдан құрылған «Алаш» партиясы болды. Қозғалысты бастаушы және оған дем беруші топ Алаш зиялылары атанды.
Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекетке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модерниза-ция), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды. (Мұхтар Құл– Мұхаммед, «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы», 5-бет, Атамұра, 1998)
Теңдік, бостандық күнінің туғандығымен құттықтай және жаңа үкіметке қолдау көрсетуге шақырған Минскідегі қазақ зиялыларының жеделхаты
Әлихан, Міржақып, Мұса...
...Русиядағы барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек.
...Енді араздық, өштік, дау-жанжал,, талас, партиялық сиыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың бірлік, әділдік болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер... Құдайдан басқа ешкімнен қорықпаңдар. Түзулікпен іс етіңдер. («Алаш қозғалысы» Құжаттар мен материалдар жинағы, 223-бет, «Алаш» баспасы, Алматы, 2004)
Ә. Бөкейхановтың қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия құруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды. Осы мақсатта Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылы Орынбор қаласында өтті. Съезде аса маңызды мәселенің бірі – қазақ саяси партиясынған партия «Алаш» деген атқа ие болды.
Қазақ даласындағы автономия құру туралы әр түрлі ой-пікірлер мен айтыс-тартыстар көп кедергілерге ұшыратты.
1917 жылғы желтоқсанның 5-13 күндері аралығында Орынборда өткен екінші жалпы қазақ - қырғыз съезінде Алаш автономиясы және автономияның «Алашорда» атанған Ұлт Кеңесі құрылды.
Алаш автономиясы кіммен одақтасуы, бірігуі керектігі туралы пікірлер бір тұжырымға келе алмады.
1917 жылы қазанның 12- інде Ә. Бөкейханов пен Әлімхан Ермеков Семей қаласына келіп, ондағы қазақ қауымдастығы бас қосқан жиналыс туралы «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 18-20 сандарында жарияланған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Ғалиханның Семейге келуі» атты мақаласында келтірілген мәліметтер дәлел бола алады. Жиналғандар алдында баяндама жасаған Әлихан Бөкейханов автономия үш түрлі болады:
«1) Қаны біргелік; 2) Жері біргелік; 3) Шаруасы біргелік» дей келіп, Сібірмен қосылудың қажеттігіне ...дәлелдер келтірді. [(Бұл құжаттарды тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Ақиқат» журналының 1991 жылғы 11-санында өз алғысөзімен жариялады), Кеңес Нұрпейісов, «Алаш пен Алашорда», «Ататек» баспасы, Алматы, 1995, 150-бет ]
Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.
Тарихи маңызы:
...300 жылдан астам уақыт Ресейді билеп келген Романовтар әулетінің тарих сахнасынан кетуі Ресейге ғана емес, Қазақстанға да түбірлі өзгерістер алып келді. Патшаның тақтан құлауын, елде республикалық тәртіптің орнауын Қазақстан еңбекшілері қуанышпен қар-сы алды, өйткені ақпан революциясының жеңісі халыққа бұрын болып көрмеген демокра-тиялық бостандықтар берді:
- саяси партиялар құру;
- сөз бостандығы;
- баспасөз бостандығы;
- түрлі митингілер ұйымдастыру, т.б. Ресей империясының шет аймақтағы халықтары, оның ішінде қазақ халқы да, ұлттық-саяси бостандыққа жол ашады деп сенді. (Кеңес Нұрпейісов, «Алаш пен Алашорда», «Ататек», Алматы, 1995, 72, 76, 78-беттер)
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпықазақ сиезі өтті. Осы сиезде қазақ автономиясы мәселесі Х. Ғаббасовтың баяндамасы тыңдалып, талқыланып, сиез бір ауыздан саяси аумалы-төкпелі шақта қазақты әр елде қалдырмай біріктіру мақсатында мынадай қаулы қабылданды: «... алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық кеңес құрылсын. Мұның аты – «Алашорда» болсын. Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады»
Сонымен, осы сиез шешімі бойынша Алашорда үкіметі жарияланды. Осы сиезде Алаш автономиясының төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды...
Екінші сиездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақта-лып қалған. (Е. Тілешов, «Алаштың ардағы», «Зерде» 2008, 32-бет)
ІІ- топтың қорытындысы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі алаш қаламгерлері мен әдеби мұраларын тізіп көрсетеді
«Алаш әдебиеті»
А. Байтұрсынұлы (1872-1938)- 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағы
1911 жылы жазылған «Қазақтың өкпесі» мақаласы
1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетінде жарияланған мақалалары
М. Дулатұлы (1872-1938)- 1907 жылы 27 наурызда Петербургте «Серке» бейресми газетінде нөмірінде жарияланған «Жастарға» өлеңі, «Біздің мақсатымыз» мақаласы.
1909 жылы Уфа да жарық көрген «Оян, қазақ!» жинағы
1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетінде жарияланған мақалалары
Ж. Аймауытов (1889-1931)- «Ұран» өлеңі, «Елес» әңгімесі
«Қартқожа», «Ақбілек» романдары», «Шернияз» пьесасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857-1931) –«Бостандық туы жарқырап», «Бостандық туы желбіреп», «Жастарға», «Насихат», «Үш – ақ түрлі өмір бар», «Талап пен ақыл», «Дүние мен өмір» өлеңдері
М. Жұмабаев (1893-1938)- «Қазағым», «Сорлы қазақ", «Жатыр» , «Туған жерім – Сасықкөл», «Мен жастарға сенемін», «Сүйемін», «Сағындым», «Орал тауы», «Туған жер», «Қазақ тілі», «Жаралы жан» өлеңдері
С. Торайғыров (1893-1920)- 1917 жыл «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңі
1917 жыл «Алаш ұраны» өлеңі
1917 жыл «Әлиханның Семейге келуі» өлеңі
1917 жыл «Таныстыру» көлемді шығармасы
Мұғалім: - Зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе, бейне сұрақтарға назар аударыңыздар
Сұрақтар:
1. Қозғалысты бастаушы және оған дем беруші топ Алаш зиялыларына қосылған және ниеттес болған партия мүшелерінің саны қаншаға жетті?
2. Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің идеясы. Қазіргі әдебиетшілеріміздің қандай шығармалары бар?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Рефлексия
Мұғалім: Менде мынадай проблемалық сұрақ туып отыр: Егер сен осы кезде өмір сүрсен қандай үлес қосар едің?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
«Тарих пен әдебиет үндестігі».
Мұғалім: Міне оқушыларымыздың зерттеу жұмысының қорытындысына сүйене отырып, тарих пен әдебиеттің үндестігі;
• ХХ ғасырдың басындағы алаш қозғалысының тарихи сипатымен алаш қаламгерлері туындыларының әдеби сипаты өзара үндесіп, ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету мұратын айқындайды.
• Алаш қайраткерлерінің күрес жолында ұстанған негізгі мақсаттарында, сол кезеңдегі ұлттық әдебиет өкілдерінің шығармаларында ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясы астасып, алаш әдебиетін тудырды.
• Алаш әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларындағы алаштың ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету идеясы Алаш қозғалысының негізгі мұраттарын айқындайтын мақсатымен айқын үндестік тапқанын алаштың ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету идеясы екенін байқаймыз
Орыс отаршылары, коммунистік идеология қанша қылышынан қан тамғанымен, қазақ санасынан Алаш идеясын сөндіре алған жоқ. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, Сондықтан да Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен үндес өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, яғни бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз ләзім. Қазақ үшін Алаш идеясынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Елбасымыздың ең үлкен ерліктерінің бірі деп – кеңестік дәуірде бірнеше республика бір¬тұтас мемлекет болып, кейіннен дербестік алған сәтте айналасы ашық-шашық жатқан еліміздің мемлекеттік шекарасын айқындап, іргемізді қымтап бергендігі Ұлы басшымыздың арқасында еліміз өркендеп-өсуде.
Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің идеясы. Алаш азаматтары бұл идеяны ХХ ғасыр басында ұсынған болатын, Бірақ Үкімет басына большевизм келді. Алаштықтар тәуелсіздікке қол жеткізді де. Мәселен, «Алаш» автономиясын жариялау, «Алашорда» халық Кеңесін құру, білім, жер, басқа да маңызы, мәні бар қаулы-қарарлар шығарды. Атқарған шаруалары қисапсыз. Бірақ Алаш екі-ақ жыл өмір сүрді. Билікке большевизм келді де, олар тарих сахнасынан кетті. Содан кейінгі жағдай белгілі... Қанша уақыт өтсе де, Алашорда өкіметінің өнегесі мен Алаш идеясының ұшқыны ұлт жүрегінде, санасында қалатыны ақиқат.
(Х.Әбжанов , алаштанушы, Астана қаласы Л. Н. Гумилев атындағы универ-ситет профессоры)
«Біз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткізіп, мыңжылдықтың түйіскен тоғысында тәуелсіз мемлекет құрдық».
Сабақ барлық оқушылардың қолдарын жүректеріне қойып
«Біз ел болып тұра алдық!»,
«Біз мемлекет құра алдық!»,
«Біз бірлікшіл ел болып құрал¬дық!» сөзімен аяқталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.