.
.
Манабаева Меруерт Сабырханқызы, Қали Сапарбаев. Туған жердің ыстығы-ай
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2272 | Размер: | Автор: гость№14 Алыбай батыр атындағы
жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Сарыағаш ауданы
Тақырыбы: Қали Сапарбаев. Туған жердің ыстығы-ай
Жалпы мақсаты: Мәтіннің мазмұнын талдай отырып, өзіндік тұжырым жасауға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін, ой белсенділігін, сөйлеу шеберлігін дамыту. Ортақ пікірге келуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: Топтарға бөлу, ой қозғау, миға шабуыл, мәтінмен жұмыс, кластер, кері байланыс, формативті, суммативті, критерийлер бойынша бағалау, «Мен елімді сүйемін» тренингі, «Хатқалтадағы тапсырма», «Кір жаятын жіп», «Константинополь», «Сөздер банкі», «Қораптағы пікір», «Бағдаршам», «Басбармақ» әдістері.
Кіріктірілген модульдер: АКТ,ООЖТ,СТОҮ, ОҮБОБ, ЖЕСОО, ТДБО, ОБЖК.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады, топтасып жұмыс істейді, өзіндік тұжырым жасауға үйренеді, сөйлеу шеберлігі артады, ортақ шешімге келеді, ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Негізгі дерек көздері: Интерактивті тақта, бейнекөрініс, флипчарт, маркер, күлегештер, суреттер, сандықша.
қ\с Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 5 мин 1.Психологиялық дайындық
а)Тренинг «Мен елімді сүйемін»
ә)Топқа бөлінеді.
Туған ел, жер, Отан туралы ән орындайды.
Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді таңдап алады.
Алған суреттердің ұқсастықтары
бойынша топқа бөлінеді
2 8 мин 2.Үй тапсырмасын қайталау
а) Топтық жұмыс.
3.Үй тапсырмасын бекіту
«Хатқалтадағы тапсырма»әдісі
б)Формативті бағалау «Туған өлкем» өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды.
1)Өлеңнің негізі идеясы неде?
2)Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді? (көлдерін, белдерін, тауларын, теңізін, құмын, нуын, қиырсыз түзін, топырағын).
3)Өлеңге сүйеніп, берілген сөздерге көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіріп сызықпен қос.
Асау белдер
Кермиық көлдер
Көлбеген далам
Шөлдеген ну
Өр топырақ
Қып – қызыл таулар
Жап – жасыл құм
Киелі жыр
4)Өздеріңнің туған өлкелерің туралы мәлімет беріңдер.
Бір-бірінің жауабын «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
3 6 мин 4.Ой қозғау
А)Сергіту сәті
«Туған жер» әні орындалады.
ә)Тақырыпты ашу.
Оқушылар әнді тыңдап, әуеніне қарай қимыл-қозғалыс жасайды.
Ашық сұрақтар
-Ән не туралы?
-Туған жер, туған ел туралы не айтасыңдар?
4 15 мин Мағынаны тану
а)Мақсатын хабарлау.
ә) «Туған жердің ыстығы-ай» мәтіні бөлімдер бойынша топтарға бөлініп беріледі.
б)Формативті бағалау.
ә)1,2,4-топ: Мәтінді мәнерлеп оқып, талдау жасайды. Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасап, қорғайды.
3-топ: Мән мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастырады.
Әр топ бірін-бірі берілген критерийлер бойынша бағалайды.
5 6 мин Ой толғаныс
Кері байланыс
а) «Кір жаятын жіп» әдісі.
ә)Топтық жұмыс
«Жалғасын тап» ойыны
б)«Константинополь» әдісі
в) Сөздер банкі» әдісі
б) Формативті бағалау
Мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап арқылы талдау жасайды.
1.Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен?
2.Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды?
3.Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?
4.Түйе иесінің бұл сөзінен қандай қорытынды шығарар едің?
1-топ.Туған жер, туған ел жөніндегі мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жаз.
1.Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2-топ. «Константинополь» әдісі. «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында бейнежазбаны тамашалай отырып, берілген тірек сөздерді пайдаланып эссе жазады.
Отан, атамекен, Қазақстан, ұлт, кең байтақ, тату, ыстық.
3-топ.Туған ел, жер. Отан туралы ән орындайды.
4-топ. «Сөздер банкі» әдісі
Амудария, Түйе, Орта Азия, Түрікменстан, Мары, Туған жер, ыстық махаббат, Қазақстан, өр таулар, қып-қызыл құм, жылқы.
Бір-бірінің жауабын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.
6 5 мин Үйге тапсырма: «Туған жердің ыстығы-ай» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу.
Рефлексия
«Қораптағы пікір» әдісі Не үйрендім?
Не ұнады?
Не қиын болды?
Суммативті бағалау
Топбасшылар топ мүшелерін берілген критерийлер бойынша формативті бағалай отырып, қорытынды баға шығарады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.