.
.
1 «г» сыныбына арналған « Алтын күз» атты ертеңгілік . Алтын күз
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Көрнекілік : слайдтар, суреттер , шарлар.
Музыка :(сахна сыртында « күз» туралы өлең оқылады.)
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Мектептегі дәстүрлі .
Мерекеміз бұл да бір.
Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Күзгі балды тойлауға ,
Шақырамыз сіздерді.
Сахналақ қойылым.
Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды. Кітап оқып, әрі – бері, бері жүріп үстелге отырады.
1-оқушы: (Алуа)
-Достым, Даниал, мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген. - Көмектесші.
2-оқушы: (Даниал)
- Алуа, оған қиналатын несі бар? Күз айы – өте бір тамаша мезгіл. Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз, содан кейін маған оқып бересің. (Алуа ойланып жаза бастайды.)
Дауыстап оқып, отырып жазады.
1-оқушы:
Күз келді, күн суыта бастады. Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-ыыыы. –(деп ұйқыға кетеді, дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)
Би : Жұмашқызы Іңкәрдың орындауында
(Даниал мен Алуа сахнаға шығып аң - таң болады. Таңданып )
1-оқушы:
-Біз қайда келдік.
(Күз киімін киген қыз бала келеді.)
Күз: (Қарлығаш)
-Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.
- Менің ойларым - еңбек ерліктің айы. Отан қоймасы, алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы, берекесін тойлайтын, мереке айы. Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.
2-оқушы:
-Алуа, күздің ең керемет байлығын көрдің бе? (Алуа таңырқай .)
-Ол не, Даниал?
3-оқушы: (Мерей)
-Ол деген егін. Егін дегенім - дән. Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан – бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі. Нан - қасиет, нан -береке, нан - мереке емес пе !
(Сахнаға әр түрлі жануарлар киімін киінген оқушылар шығады. Аңдардың алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген Даниал:
Даниал: -Оу кірпі , сен не істеп жүрсің?
Кірпі- Ильхан: Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп, жерге түсіп жатыр, соны жинап, қысқа дайындалып жатырмыз.
1-оқушы: (Алуа)
- Араларыңда аю жоқ қой?
Кірпі: - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Біз қазір күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырамыз. (барлық аңдар келеді) Ал шешейік:
Тиін - Айғаным
1. Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. /Қарбыз/.
Қоян – Мерей
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. /Сәбіз/.
Қасқыр - Асанали
3. Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ . /Анар/.
Борсық - Әли Садық
4. Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың. /Пияз/.
Арыстан – Серікжан Али
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін
Оның аты - ........ (жүзім)
Түлкі – Аружан
Дөп-дөңгелек сары, Ішінде бар дәмі.
Қызығасын көріп
Оның аты - .............. (өрік)
Бұғы – Ерасыл
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап көрші қанша?
Оның аты - ............. (шие)
Кірпі: - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!
Ән:
2-оқушы: Алуа, естіп тұрсың ба? Бұл не? (құлақтарын тосады)
(Ортаға көкөністер мен жемістер шығады да, дауласады)
Мұғалім:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Мұғалім: -Ендеше балалар бүгінгі «Алтын күзге» бізге қонаққа келген «Күздің» мол өнімдері олар – «Дақылдар», «Көкөністер», және «Жемістерге» сөз кезегін берейік.
Жемістер-
Алма –
Алма, алма, алмалар
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Өрік –
Уылжыған өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Алмұрт –
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім?
Шие –
Шиемін, мен шиемін
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Құлпынай –
Піскен кезде құлпынай
Қандай тәтті шіркін-ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін-ай!
Қарбыз –
Теңбіл-теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды.
Сонан оны жеді,
Жеді де былай деді:
Сүйегі болмаса еті
Дақылдар –
Бидай –
Нан атасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыйлаймын.
Тары –
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегімнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.
Сұлы – Шерали
Мен сұлымын, шырағым
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.
Арпа – Мөлдір
Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арнамын.
Машинаға мініп ап
Малды ауылға тартамын.
Күріш – Хакім
Күнді сүйген күрішпін:
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Көкөністер –
Бұршақ:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Орамжапырақ:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Қияр:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Шалқан:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Асқабақ:
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Қауын:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын.
Пияз:
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Мұғалім:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Ән: Жұмашқызы Іңкәрдің орындауында қабыл алыңыздар.
Күн шығады :
1-оқушы:
- Біз, тағы қандай таңғажайып жерге тап болдық. (Осы кезде жаңбыр мен жел, күн сәулесін қуып жүреді)
2-оқушы: – Күн сәулесі саған не болды? Сен неге жабырқаусың ?
Күн:- Күз мезгілінде тек жеміс жидектер ғана пісіп қоймайды , табиғатта да өзгерістер болады. Жел мен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып, жаңбырлатамыз - деп менің соңымнан қуып болмайды.
1-оқушы: Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік.
2-оқушы: Балалар, біз Күнге көмектесесіңдер ме? Балалар, сендер жеміс не көкөністің суретін саласыңдар. Оны «Күнге» сыйға тарту етесіңдер. Дайынсыңдар ма? Ал бастаңдар!
(Осы кезде күз мезгіліне байланысты слайд көрсету.)
1-оқушы:
Даниал, сен не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?
2-оқушы: - Алуа, мен күздің кереметін енді түсіндім.
-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер, егін пісіп, мал семіреді.
Күзді –б айлық дейміз. Өйткені піскен егін жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады.
-Күзді мереке дейміз - адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді.
-Енді мен шығармадан «5» алатын болдым.
( Сахна сыртынан оқылады.) Музыка
Мұғалім: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Би : 4-сынып қыздарының орындауында би тамашалайық.
Мұғалім: Сонымен бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталады, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.