Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Амандасу салты. -

Амандасу салты.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1661 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы ,Сарыағаш ауданы
№118 Т.Бигелдинов атындағы
жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сапаралиева Кенжегул Ташкенбаевна
Ашық сабақ
2 сынып
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты.
Сабақтың мақсаты: Амандасу салтының тәрбиенің ең маңызды бөлігі екенін ұғындыру. Амандасудың сөздік мағынасын мен мәнін аша отырып, әдептілікке дағдаландыру.
Табыс критерийі: 1. «Салем» сөзінің мағынасы мен маңызын білу.
2. Амандасу салтының тарихын
3. Амандасу түрлерін білу
4. Амандасу әдептіліктің белгісі екенін ұғыну
Күтілетін нәтиже: Амандасу әдептіліктің белгісі екенін ұғынады. Амандасу түрлерін ажырата алады. Амандасудың мәні мен мағынасын ұғынады. Амандасуға үйренеді.
Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер, АКТ, ойын картасы.

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Уақыты
(мин)
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушыларға "Мен сізді ... таныстырғым келеді" ойынының шартын түсіндіріп, ынтымақтастық атмосферасын құрамын
Сәлемдеседі.
Оқушылар сағат тілі бағытымен шеңбер бойымен "Мен сізді ... таныстырғым келеді" әдісі арқылы бір-бірінің бойындағы ерекше құндылықтарын айтып шығады. Тұрлі түсті қағаздар арқылы топтасады, орындарына жайғасады. 3
Үй тапсырмасы:
1. "Топтағы жұмыс"
А) Топтарға флипчарттарды тарту.
Ә) Топтарға тақырыпқа қатысты қатысты суреттерді таратып, ол суреттерді қалай қолдануға болатынын ойлануын тапсыру Оқушылар флипчартқа суреттерді пайдалана отырып, топқа берген тапсырманы ойланады, талқылайды, ой бөліседі, салыстырады, жауап береді, қорғайды.
Постерді қорғайды.
Суреттерге сипаттама жасайды. 12
Жаңа сабақ: Бейне жазба арқылы оқушыларға ой түрткі жасаймын.
(Ұзақтығы 2мин31сек) «Амандасу» қарт пен баланың амандасуы әдептілікті білдірту. Бейне жазба бойынша көре отырып, өз ойларын айтады оны талдайды. 5
4. Джигсо. «Елшілік» стратегиясы Шартын түсіндіру, стикерді арқасына жапсырып, елші таңдау
"Тапсырмалары бар қорап" әдісі
• «Сәлем» сөзінің мәні қандай?
• Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?
• Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?
• Амандасудың қандай түрлері бар? "Тапсырмалары бар қораптын" ішінен бүктелген қағаздардың біреуін таңдау арқылы топтар өздеріне қатысты тапсырманы алып, оқулықтан оқып шығып топпен талқылап зерттейді, мысалдар қарастырады. Сосын топтағы елшілер басқа топтарға барып сол тақырыптар бойынша мәлімет беріп оқытады.Аараласу, қарым-қатынас жасау арқылы бірін-бірі оқыту арқылы сабақты меңгереді. 15
Жаңа сабақты бекіту:
5. Мозайка
Оқушылар мозайканы құрастыру арқылы тапсырма беру. Әдістің шартын түсіндіру. Мұнда амандасудың суреттері шығу керек. Мозайканы құрастыру арқылы шыққан сұраққа топ бойынша ойланып, жауап береді. әр сурет 4 бөлікке бөлінген, яғни бір топ 4 сұраққа жауап береді
Суреттегі бейнеге топ болып бір оқушы сипаттама береді.
7
Бағалау
1. Топтық бағалау парақшаларының қорытындысын шығарып топтарға топ аралық баға беремін. ОҮБ және ОБ
2. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау. Топтар өз топтарының сабаққа қатысуы туралы баға береді.
Өзара және өзін-өзі бағалайды. 2
Үйге тапсырма:
Кері байланыс "Бағдаршам"

-"қызыл" - түсінген жоқпын.

-"сары" - әлі де сұрақтар бар.

-"жасыл" - барлығы түсінікті

Тапсырманы түсініп дәптерге жазып алады.

Бағдаршамға стикерлерін жапсыру арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін бағалайды. 1

Оқушылардың аты-жөні Сабақ кезеңдері
Үй тапсырмасы. Постер жасау Топтық жұмыс (Елшілік) Мозайка Белсенділігі Өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуі Жалпы балы

Орта балл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.