Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана құшағында -

Ана құшағында

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1336 | Размер: | Автор: гость
. Махулбекова Жадыра,
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ана құшағында

Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету.
2. Өзекті ,түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу барысын м қалыптастырып,әр түрлі тапсырмалар беру марқылы ойлау қабілетін дамыту.
3. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу. Ананы қадірлеуге баулу.
Сабақ түрі: Дамыта оқыту.
Жұмыс түрі : топтық
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дамыта оқыту технологиясы ,рөлге бөлу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үлек әңгімесін оқып,мазмұнын айтып келу.
1. –Үлек дегеніміз не екен қане,үлекке сипаттама беріп көрейік.
-Үлек –жалғыз өркешті ,нардың бурасы.Айбатты,батыл,қорқу дегенді білмейді
Еңбегі өте зор,ауыл түйелерін бағады.
2.- Түйе жейтін қандай шөптер айтылған?Тағы да қосуға бола ма?
3 Мүлкібай ата портретін кім айтады?

Қоржиған,бойы кішкентай, ап-арық. Көңілді балаларды жақсы көреді.
Себебі ол малға барғанда бүуіл баланы жинап апарады.
Малды да жақсы көреді.Үлектің оны тыңдайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан,қараған.
4,Мазмұнын 3-4 оқушыға жалғастыра айтқызу.
5. Түйе туралы мақал-мәтелдер айту.
Жаңа сабақ
Қазақтың көрнекті жазушысы ҒАБИТ Мүсірепов 1902-1985 – жылдар аралығында өмір сүрді .Оған арнап Алматы қаласында ескерткіш қойған. «Қазақ солдаты» атты романынан үзінді «Ана құшағында » әңгімесін бізге ұсынып отыр. Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды.10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр,бұзау, торпағын бақтырып қояды.Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамайтын дейді қара мұртты.
Ойбай, мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санаймын 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнелді.

Зытып келем,зытып келем.
Артыма қарай-қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
-Балалар үйі кімдерге арналған?
-Панасыз, әке-шешесіз балаларға арналған.
Құлыным,Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? Деп әлсіз естіледі
Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?
Әрине, анасының даусы.
Әңгімені жалғастыра оқыту.
Оқу барысында сұрақтарқою арқылы мазмұнын аша түсу.

Мәтін мазмұнымен жұмыс.
1.Баланың бір-біріне деген сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
2. Қайрош анасымен неге ауылға кетіп қалмады?
3. Егер мен Қайроштың орнында болсам не істер едім?

Жазба жұмысы. Қайраттың анасына сипаттама берейік.
Қайроштың анасаы ауыл анасы. Басында үлкен жаулығы. Көк шұбар кең көйлегі бар.
Мейірімді,ақылды.

Топтық жұмыс
1. Қамшы,домбыра,ана жаулығы,монолог.
2. Абай, аналары,монолог.
3. Бүгінгі Қайрош пен анас, монолог.

Мұғалім: қайырғазы Смағұлов Ұлы Отан Соғысына қатысып, ерлік көрсетіп, Кеңестер Одағының Батыры атаңды.
Топтық жұмыс
1. Менің анамның ішкі дүниесі.
2. Менің анамның портреті.
3.Ананың қоғамдағы ролі.
Әр топ ана туралы нақыл сөз немесе мақал құрастыр.
Бағалау.
Үйге тапсырма: әңгімені оқу, мазмұндау. «Менің анам» әңгіме жаз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.