.
.
Ана тілі-жүрек үні Ана тілі-жүрек үні.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3026 | Размер: | Автор: гость(8-сынып)
Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі.
Нұрғалиева Айбаршын Тоқанайқызы
Сыныбы:8
Пәні:өзін-өзі тану.
Сабақтың тақырыбы:Ана тілі-жүрек үні.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға ананың қоғамдағы,өмірдегі,ұрпақ тәрбиесін-
дегі орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана
махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
-балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік,қадір-құрмет сезімдерін
дамыту;
-адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге,ана еңбегін ақтай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:буклет,газет,жүрекшелер ,даналық сөздер
І.Шаттық шеңбері.
1.Қымбат Әбілдақызы. « Жан ана»
ІІ.«Анаға қуаныш жолдау» Оқушылар тілегі.
Мұғалім:Ана-әрбір отбасындағы бірінші сөз.Ана-ең әдемі және әуезді сөз.
Оны әрқашан күліп тұрып,қуанышпен және көтеріңкі көңіл-күймен айту керек.Ана-бұл біз үнемі,күн сайын,бүкіл өмір бойы айтатын ерекше есім.
Ананың махаббатына,ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді.Ана деген ардақты ат.Олай болса, өздерің пайдаланатын қымбат сөз арқылы анаға деген риза-
шылық сезімдеріңді білдіріңдер
Анамызға тілек:
-Аналар аман болсын!, -Ауырмасын! -Күн секілді күліп жүрсін!
Денсаулық тілеймін! Жер бетіндегі барлық балалар мен аналар аман болсын! т.с.с. оқушылар өз тілектерін айтып шығады.
Оқушылар: «Әрқашан күн сөнбесін» әні.
Мұғалім: «Анаға қуаныш жолдау» кезеңінен кейін баланың анаға деген сезімін арттыру,ананың балаға деген махаббатын сезіндіру мақсатында
Қымбат Әбілдақызының «Анам» өлеңін мәнерлеп оқып бердім.
Маған жарық сыйлаған кім ?
Анам!
Жылатуға қимаған кім?
Анам!
Жөргегімді ауыстырып,құндақтап,
Мен деп жанын қинаған кім?
Анам!
Мен ауырсам жүдеген кім?
Анам!
Айыққанша қосылғанша қатарға,
Тілегімді тілеген кім?
Анам!
Қателессем кешірген кім?
Анам!
Анамдағы махаббатқа нанам
Ең бірінші ана керек балаға,
Ақ аналар жүріңдерші аман!
ІІІ.Мәтінмен жұмыс.
а/ «Ана-өмір тірегі» әңгімесін оқу.
ә/Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтінді талдау.
ІУ. «Ана-деген кім ?»
а)Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс орындалады.Газеттер мен журнал кесінділері арқылы немесе оқушылардың
өздері салған суреттері арқылы,коллаж арқылы қорғау жұмысын орындайды.
Қорғау жұмыстары «Ана-күн.» «Ана-табиғат.» «Ана-алып бәйтерек».
«Ана-өмір гүлі» тақырыбында болды.
ә )Эссе.Оқушылардың ана туралы ой толғаныстары.
У.Жаңа ақпарат
Оқушы оқиды.
УІ.Ойын-жаттығу.
«Ана,анашым» сөздерімен жаттығу жасау.
Мұғалім:
Бір ертегіде король өз қыздарынан өзіне деген сүйіспеншілігін қандай да бір
затпен салыстыра отырып әңгімелеуді өтінеді.
Бір қызы өзінің әкесіне деген махаббатын гауһар таспен,екіншісі дәмді
тоқашпен салыстырады.Ал үшіншісі кез келген тағамның тұзсыз дәмі бол-
майтыны сияқты өмір де ана мен әкеге деген махаббатсыз болмайды деп ай-
тады.
Оқушылар:
Мысалы, «Ана,анашым мен сізді бұлаққа теңеймін.Себебі,бұлақ суындай мөлдірлікке,тазалыққа,адалдыққа бізді сіз үйретесіз» немесе « Ана,анашым мен сізді құлпырған гүлге теңеймін,өйткені сіздің мінезіңіз әрқашан жайда-
ры,көңіліңіз көтеріңкі. Сіздің гүл сияқты жайнап,жасарып,қартаймай жүре беруіңізге тілектеспін.» Осы сияқты оқушылар өз аналарын табиғатқа,күнге,
суға,биік тауға,жайдары жазға т.с.с теңей отырып,анаға деген сезімдерін біл-
діреді.
Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып,ойын –жаттығудың түйіндемесін
жасайды.
Түйіндеме.Ананың қасиеттерін топтастыру.
Ана:мейірімді,қайырымды,ізгі,кешірімшіл,сұлу,көркем,қамқор,мәдениетті,
әдепті,әділ,білімді,өнерлі ,шыдамды,төзімді,сырлас,ақылшы,сүйеніш ,иба-лы,инабатты,нәзік т.б.
Ана бізге :дос,өмір сыйлаушы,жанашыр,ең жақын адам.
Біздің аналарымыз сегіз қырлы,бір сырлы.Аналарымыздан біздің үйренеріміз көп.Олай болса,мына даналық сөзге көңіл аударып,есімізде ұстайық.
УІІ.Дәйексөз.
«Жер бетіндегі жақсылық,ізгілік,қайырымдылық атаулының бәрі де ананың
ақ сүтінен тарайды.»
Н.Ә.Назарбаев.
УІІІ.Әңгімелесу
1.Неліктен ана махаббаты бәрінен биік?
2.Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалім:Түйіндеме ретінде «Өнеге» кітабынан «Жалғыз көзді ана» әңгімесі туралы тыңдалды.
Бұл әңгімеде анасының жалғыз көзінен ұялып,өскеннен кейін анасынан бөлек кеткен,үй болып,балалы болғаннан кейін де немерелерін шешесіне бір иіскетпеген тасбауыр,мейірімсіз ұл жөнінде әңгіме болады.Кейін Сингапур-
ден түлектердің бас қосу кешіне келіп,өзінің үйіне соққанда көршілері
өмірден өтіп кеткен анасынан хат табыстайды.Хатта мынадай сөздер жазыл-ған екен:
«Сүйікті ұлым!Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным,Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін.Өмір бойы әрдайым сені ойладым.Сен білесің бе,кішкентай кезіңде біржағдайға ұшырап,көзіңнен айрылдың.Анаңмын ғой,сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмадым.Дәрігерге барып бір көзімді саған бердім.Менің орныма жарық дүниені толық көріп жүрсін дедім.Көзіңнен айналайын,мен сені өмір бойы мақтан тұттым.
Саған деген сүйіспеншілікпен-Анаң»
Осы әңгіме жөнінде оқушылар өз ойларын айтады.
ІХ. Қорытынды
Мұғалім:
Ана тілегі,ананың махаббаты бәрінен де биік екенін осы әңгімеден түсінуге болады.Әрбір ана отының өшпеуін,бақытының көшпеуін,шаңырағының
құламауын,сәбиінің жыламауын,сұм соғыстың болмауын,әлемде бейбітшіл-
іктің орнауын тілейді.
Өз перзентін асылым,алтыным,жасыл желек жарқыным,аспандағы жұл-
дызым,маңдайдағы құндызым деп еркелете отырып,жастарының ұзақ болуын
өмір бойы тілейді.Керек болса,жанын беруге даяр тұрады.
«Анаңды көтеріп,Меккеге үш рет апарсаң да,анаға мәңгі-бақи қарызсың»
деп бекер айтылмаған.
Мұхаммед Пайғамбар: «Әуелі анаңды сыйла,сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла» деген.
Бар сүйіспеншілігімізді анаға арнай отырып,ананың ақ сүтін арнау парыз.
Ана-әже-кейуаналардың бар арман-тілегі,ой-қиялы,елжіреу-еміренулері-келешек ұрпақ еді.Сол ұрпағы жолында өлімге де басын байлайтын.Адам
төзбес қиындықтарды басынан кешіруге даяр екендігіне Ғ.Мүсірепов аналары дәлел.Ғабиттың « Ананың анасынан» бастау тапқан аналар ірілігі
аңызға айнала келе, «Ақ босаға», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
(Жұбан мен Исраил ) әндеріне ұласып,бар болмысыңмен солардың ұрпағы
екендігіңе риза боласың.Сол кездегі келіндер де,Ұлжан-Зерелер де мектеп
бітірмеген.Олар ұлы педагогтердің де еңбегін білмейді.Жоғары мектеп есігін ашпаған,қазақ аулының ортасы даярлаған кадрлар.Ауыл арасындағы пәтуа-
сыздық,имансыздық,мансапқорлық,өзімшілдік,арамдық,көре алмаушылық,
араздық сияқты жаман қылықтарды жөнге салған. Ана-әже-кейуаналарға
тән қасиеттер:ақылгөйлік,байсалдылық,көрегенділік,қайраттылық,даналық,
кең пейілділік,мейірімділік,қамқорлық.
Қыз-келіншек,әйел-ана,әже-кейуана тағылымы өшпес із қалдырды.Ол
қазақ тілінің ана тілі деп аталуы.Бұл анаға деген құрмет!
Ана әрекеті,ана арманы,ана мейірі,ана сүйіспеншілігі,ана жүрегі,қысқа-
сы,ана әлемі туралы көп жазған классик жазушымыз-Ғабит Мүсірепов.
1977 жылы жазған «Ана жыры » әңгімесінде ол «өмірге ғибрат таратушы дүние жүзінде екі адам болса,оның біреуі-ана,ал ол жалғыз болса-соның
өзі» дегенді нық айтады.
Иә,біз мойындаған шындық: ана-жер тәңірісі
Х. Үйге тапсырма:
Шығармашылық жұмыс. «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында шығарма жазу.Жекелеген оқушыларға Сара Назарбаева,Зейнеп Ахметова т.б.дара тұлғалар туралы жазу тапсырылды.
Амантоғай орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Нұрғалиева Айбаршын Тоқанайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.