.
.
Ана тілім – айбыным менің Ана тілім – айбыным менің
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2016 | Размер: | Автор: гостьАна тілім – көк аспанда қыран құстай самғаған дарқан тілім . Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын .
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, -
Қадыр Мырза Әли атамыздың осы өлең жолдары арқылы ана тілімізді арға,ұятқа теңеп отыр. Қайтпас , қайсар мінезді қазақ халқының басынан әр түрлі жылдарда ашаршылық,ұлт – азаттық қозғалыс,жаугершілік,отаршылдық езгінің қиын да, қилы заман өтті,бірақ халқымыз қайыспай,жұдырықтай жұмыр болып, ұлт болып аман қалдық. Ата-бабамыздан қалған құнды жәдігеріміз – тілімізді ұмытпадық. Қазақ тіліміз көптеген кірмеленуге әкеліп соқса да, батыр аталарымыз,қайсар аға – апаларымыз , өмірдің қиын өткелдерінен ұлтымызды адастырмай алып шықты. Сөйтіп көптен аңсаған, барша халық арман еткен тәуелсіздікке аяғымызды нық басып, туған тіліміз – Қазақ тілімен қайта табыстық.
Мен әр таңымды ананың мейірін, атаның пейілін сіңірген ана тіліміздегі сөздермен бастайтынымды да мақтан тұтамын. Ата – ана, ұстаз, достарымен ,қоғамдық ортада сөйлескенде, пікір алмасқанда біз бір – бірімізге өте жағымды да , ілтипатты түрде әдемі ана тілімізде үн қатамыз.
Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін!
О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде. Тіл құдіреті ерекше. . Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын, тарих жайын сыр шертетін мүмкіндігі де шексіз. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, жанынды шексіз махаббатқа бөлеп, бақытқа жеткізеді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер – сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ана тіліміз - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіліміз.Ана тілімнің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Отқа жақса сөнбеген, жалынмей таптаса, күлі сөйлеген , тасты балқытып, темірді илеген , суға салса, батпайтын, адуын ағысқа ақпайтын, мәңгілік мағынасы мен бояуын сақтайтын ,тамырын терең жайған киелі мама ағашы тәрізді берік, алмастың жүзіндей өткіір, қызыл тіл.
Қазағымның тілі – шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы сөнбеген, әлемдік тілдермен теңестіре қалса,биік тұғырын бермейтін ұлы тілім. Ұлтымның тау суындай мөлдірде, асыл қасиетімен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тіліміз.Тілімнің асқан беделі мен мерейлі таусылмас қазына. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»дегендей уыз тәрбиенің ықпалының құнын байытап береді. Әрбір отбасындағы өмір мектебін жаңа қадам басқан жас бөбектер кеудесін тіктемей жатып,туған тілімен сусындаса, сол тілдің арқасында еліміздің тарихын,шежіресін,сөз киесін түсініп,көңіліне тоқып өседі. Сондай ортада өскен азамат тұлға,өз тілінің де,өзге тілдің де жанащыры да,оның терең мағынасын,бағын аша біледі.
Бүгінгі таңда ана тіліміз теңдігін алып,мемлекеттік тіл боса да,көпшіліктің арасындағы саңылауларға әлі де болса самал тимей жатқаны жасырын емес.Тілімізді шұбарлау-өмірімізге арласқан құбылыс тіпті оған еш мән бермейтін болдық.Осы сәтте К.Г.Паустовскийдің « Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік »деген сөзі еріксіз оралады екен.Әйткенменде « Көш жүре – бере түзеледі » дегендей бәрі түзелер деген үміт ұшқыны бар. Ә.Тәжібаев атамыз:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы .
Өссе тілім , менде бірге өсемін ,
Өшсе тілім , менде бірге өсемін , - дегендей ана тілімнің ешқашанда өшпейтіні, өшсе де халқымен бірге болады.
Тоқсан ауыздың тобықтай түйіне келер болсам, тілге деген құрмет – өзіне, халқына, мемлекетіне деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызының шоқтығын биіктетуіміз керек.
Мен бұл шығарманың түйінін өзіме үлгі тұтатын өте мерейлі, ардақты, елбасының сөзімен аяқтағанымды жөн көрдім. Елбасының « Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы » - деген тілімізге бағытталған сөзі осынау ой тұнғиық теңіз тереңдігінде жатыр. Осындай жарса тасты, бұзса қамалды алатын азуды, ұтқыр да , ұтымды тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап қалайық! Тіліміздің одан әрі жандануына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге ат салысайық, қазақ жұрты!
Қазақ тілі туған елім екендігіне өте қуаныштымын және арқамды кеңге сала мақтан етемін!
Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі – қазақ тілі !!!
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ұзынарык елді – мекені Қ.Байболов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бөлен Жанар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.