Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана тілім – ардағым -

Ана тілім – ардағым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1948 | Размер: | Автор: гость
. «Ана тілім – ардағым»

Мақсаты: Оқушыларды туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін дамытуға жетелеу.
Сабақтың түрі: инсценировка сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы айтылған қанатты сөздер, өлең шұмақтары, жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы.ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Ана тілінде сөйлеуден безу, ақ сүтін беріп асырған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі – ар өлшемі. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,- деген тұжырымы жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.
1-Оқушы:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігін, теңдігін.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышын, елдігің.
2-Оқушы:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де дағы өлшемін.
3-Оқушы:
Ана тілім,
Жүрегісің анамның .
Жүрек – ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын тілеуінді тілеймін.
Сенсіз мынау керегі не ғаламның.
4-Оқушы:
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе?
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам?
5- Оқушы:
Ана тілім,
Дана тілім – бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
6- Оқушы:
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілітін табар саналысы сезінем.
7-Оқушы:
О, адамдар, қадіріне жетіңдер
Ана тілім – анаң, сыйлап өтіңдер.
Туған тілін танымаған қор соқыр,
Болып өтер, ертең мәңгі өтінер.
«Ана тілім» әні орындалады.
Атадан қалған алтын сөз.
8- Оқушы: Бұғар Қалқаманұлы:
Көш басау қиын емес,
Қонатын жерде су бар
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Бәрінен де шаршы топта
Сөз бастау қиын
Шешімін адам таппас дау бар.
9- Оқушы: Асан қайғы:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
10- Оқушы: Адамның хайуанаттан айырмашылығы – тілі. Ал, оны орынды қолдана алмаған адам хайуаннан бетер.
11- Оқушы: Абай:
Ақылмен ойлап тапқан сөз.
Дарымыс бойға, соғанар
Жүректен толқып жатқан сөз,
Бар тамырыңды қуалар.
12- Оқушы: Шәкәрім:
Жылы жүрек тәтті тіл,
Берекені бере, біл.
Ащы сөзді өзімшіл,
Өнері оның қалар тұл.
Жақсыдан үйренеміз
Жаманнан жиренеміз.
«Екі қызыдың әңгімесі» сахналық көрінісі.
13- Оқушы:
Ана тіл – тағдыр талайым,
Ана тіл – ырыс – құтпаным.
Ана тіл – ұлы Абайым,
Ана тіл – дана Мұхтарым.
Ана тіл – Ахмет абазам,
Ғұлама Ғұмар Шәкәрім.
Ғасырлар бабам жазғанын
Шашылтып алсам кім болам?
Ана тіл – арым, иманым,
Айырылсам кім берер маған?
14- Оқушы:
Көкейімде осы бір ой жүр көптен,
Ана тілі басталады жөргектен.
Ана тілін қастерлейік бәріміз,
Қанатымен қарлығаштай су сепкен.
15- Оқушы:
Іздей білсең ақиқаттың бәрі шын,
Тер төгейік атамекен қамы үшін.
Жеңеміз біз барлығын да ағайын,
Күресе алсақ дана тілдің ары үшін.
«Достық» әні.
Ел рәміздерін еске түсіру.
Тіл халықтың жаны да, сәні де. Ана тілінің топырағында көктеп, аузынан тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойғы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Олай болса ана өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.