.
.
«С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қанайналым мүшелері.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1859 | Размер: | Автор: гостьАШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүректің жұмысы, реттелуі.
Қантамырлар.
Орындаған: биология пәні мұғалімі
Жумабекова Сандугаш Тулеутаевна
Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері.
Қантамырлар.Жүректің жұмысы, реттелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қанайналымның маңызын, жүректің
құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін
дамытып жетілдіру,зейін қойып тыңдауға үйрету.
Тәрбиелілік:Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты
ояту. Тұлғалық, ізгілік қасиеттерге баулу және салауатты
өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек-сызба,
электронды оқулық
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,
оқушыларды топқа бөлу)
Сабақтың жоспары:І.Үй тапсырмасы
1.Қызығушылықты ояту кезеңі
2.Бөшкедегі басқатырғылар
3. Пысықтау сұрақтары
ІІ.Жаңа сабақ
1.Ой қозғау
2.Мағынаны тану (мұғалім жаңа сабақ түсіндіреді)
ІІІ.Сабақты бекіту
Топтастыру
Танымдық сұрақтар
Есеп шығару
ІҮ.Қорытынды. Термин сөздер
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
І.Үй тапсырмасы 1) «Қызығушылықты ояту» Қанның құрамын зерттеу
Қанның құрамы
Қан сарысуы - 55% Қан жасушалары - 45%
Су – 90%
Тұздар -0,9% Эритроциттер
Глюкоза -0,1 н/е 3,3-5,6 м/л Лейкоциттер
Нәруыз -7-8 % глобулин Тромбоциттер
фибриноген
альбуминдер
2) Бөшкеден шыққан басқатырғылар
1.Микробтарды ерітетін обыр жасушалар (фагоциттер)
2.Қанды қабылдайтын адам (рецепиент)
3.Егу арқылы қалыптасатын иммунитет (жасанды)
4.Жасушалардың негізгі қуат көзі (глюкоза)
5.Шешекке қарсы егуді алғаш рет қолданған ағылшын дәрігері
(Эдуард Дженнер)
6.Ағзаның ішкі ортасына не жатады? (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы)
7.Жаңа туған нәрестенің 1мм3 қанында қанша эритроцит бар? (6-7 млн)
8.ЖИТС ауруы алғаш рет тіркелген мемлекет (АҚШ)
9.Адамның қаншасының қанында оң-резус фактор бар? (85%)
3) Пысықтау сұрақтары
1.Жүректің құрылысы
2.Қанайналым шеңберлері нешеге бөлінеді?Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз не?
3.Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз не?
ІІ. Жаңа сабақ «Ой қозғау»
Қан айналады жүректің әмірімен
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен
Ақ түсті, мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен
дей отырып, оқушылардың жаңа тақырып бойынша үйде дайындап келген мәліметтерін тыңдаймыз. Мысалы жұмбақтар, қызықты мәліметтер
1) Мағынаны тану
2)Суреттерге анықтама
Жүрек – қан айналым жүйесінің орталық мүшесі. Жүрек кеуде қуысында, екі өкпенің арасында орналасқан. Ересек адамның салмағы 250-300 гр.Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70-75 рет соғады.Жүрекке күш түскенде соғуы жиілейді.
Жүректің жұмысы – бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек циклынан тұрады.Жүректің әр соғуы 3 кезеңнен тұрады:
1)жүрекшенің жиырылуы (0,1сек);
2)қарыншаның жиырылуы(0,3сек)
3)жүректің босаңсуы(0,4сек)
Жүректің бір рет соғуына барлығы 0,8 сек уақыт кетеді.Қарыншалар әрбір жиырылғанда қантамырларға 70-80 мл,яғни бір минутта 5-5,5л қан өтеді.
Сен бізді білесің бе?
ІІІ.Сабақты бекіту
1-тапсырма. Топтастыру
Қантамырлар
Салатамыр Көктамыр Қылтамыр
Жүректен шыққан Денедегі қанды өте жіңішке зат алмасу
Қанды денеге тара жүрекке айдайтын жүретін тамыр
татын тамыр тамыр
2-тапсырма Танымдық сұрақтар
Жүректің жұмысы неше кезеңнен тұрады?
Жүрек автоматиясы қандай құбылыс?
Жүрек жұмысының реттелуі
3-тапсырма «Есеп шығару»
1-есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
Жауабы: 60×6=360 рет, яғни 1 сағатта 360 рет
360×24сағ=8640л, яғни 1 тәулікте 8640л қан айдайды.
2-есеп. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып кеңейетін болса, 1 тәулікте қанша рет соғады?
Жауабы: 6×70=4200 рет, яғни 1сағ. 4200 рет.
4200×24 сағ=100800 рет немесе 1 тәулікте 100800 рет
3-есеп. 1 мин ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?
Жауабы: 60 мин×2=120 рет, яғни 1 сағ 120 рет.
120×24=2880 рет, яғни 1 тәулікте 2880 рет.
ІҮ. Қорытынды.Термин сөздер
Артериялар-салатамырлар
Веналар-көктамырлар
Капиллярлар-қылтамырлар
Ү. «Бейнет түбі – зейнет» деп 3 топтың ұпай саны есептеліп, қорытынды баға шығарылды.
ТОП Қызығушы-лықты ояту
кезеңі
Бөшкеден шыққан басқатырғылар Пысықтаусұрақтары Топтас
тыру Танымдық сұрақтар Есеп шығару Қорытын ды
1.Жүрек
2.Артерия
3.Вена
ҮІ. Үйге тапсырма беру. Қанайналым мүшелері, жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі. Оқу, реферат жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.