.
.
Атырау қаласы «Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1202 | Размер: | Автор: гостьҚұспанова Гүлбаршын Тарихқызы
Жоғарғы сынып оқушыларының орта мектебі
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты»
Қойылымға қатысушылар
1.Ұстаз.
2.Ана.
3.Шәкірт - Олжас.
4.Олжастың достары, сыныптастары.
5.Полиция қызметкері.
Үй іші. Баласын күтіп отырған ана.Бір кезде жүгіре басып баласы келеді.
Анасы: -О,балам, қарашығым, келдің бе? Міне қарашы, мен саған жаңа оқу жылына костюм сатып әкелдім, оқу құралдарыңды да алдым.Енді сен бастауышты аяқтап, үлкен азамат болдың. Бастауыштағы кейбір жағымсыз қылықтарынды енді қоярсың деп ойлаймын. Мә, киіп қарашы киіміңді.
О, жарайды, құйып қойғандай екен.
Олжас киімін киіп қарап, қуанышты жүзбен жүгіре басып шығып кетеді. Мектеп іші. Олжас бесінші сыныпқа келді. Оқушылар сынып бөлмесінде отырады.
Мұғалім: -Ал балалар, бүгін біздер жаңа оқу жылын бастадық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Білімді мыңды жығады». Кәне, балалар, кім қандай мақалдар айтады? (Оқушылыр білім туралы ой – пікірлерін білдіреді). Қоңырау соғылып, оқушылар тараған соң Олжасты ертіп анасы келеді.
Анасы: Ал мұғалім бала, Олжасжанды саған тапсырамын. Жалғыз бала болғасын ба, көп еркелетіп жібердім бе, әйтеуір кез келген келеңсіз істерге ұрынады да жүреді.
Мұғалім: Жарайды , есімде болсын. Екеулеп тәрбиелесек, артық кетпес.
Бірнеше айлар өтті. Осы айларда Олжас оқушылармен қайта – қайта келіспей қалып жүреді. Қыздардың шаштарын тартып, рогаткамен атып, оқу құралдарын тартып алады. Бірде дәл осы қылықтарды қайталап, бөлме ішінде жүгіріп жүрген кезде үстел үстіндегі гүл құлап қалады да, сынады. Бүкіл оқушылар жиналады. Қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіреді. Бәрі орын-орнына отырады. Рогатка тиген қыз жылап отырады. Гүл құлап жатады. Мұғалім: Мынау немене?
Оқушылар:
-Олжас менің шашымды ауыртты.
-Олжас маған рогатка атты.
Мұғалім: Мына гүлді де Олжас па бүлдірген?
-Иә,иә. (Бәрі жан-жақтан шулайды).
Мұғалім: -Отырыңдар , балалар. Олжаспен өзім сойлесемін. Олжастың бұрын да жасаған тентектіктері бар.Мен оның анасымен жеке сөйлесермін.
(Сабақ басталып кетеді.Мұғалім үй тапсырмасын сұрай бастайды.Бір оқушы өлең оқиды.Ең соңында Олжас үй тапсырмасын айтпаққа орнынан тұра бергенде,қоңырау соғылады.)
Сахна жабылады.
Түскі мезгіл.Мұғалім Олжастың анасына үйіне барады.
Мұғалім: -Сәлеметсіз бе?
Анасы:-Аманбысың,шырағым?Қош келдің.Олжастың мұғалімі екенсің ғой.(Екеуі үйдің ішінде отырады).
Мұғалім:
-Олжастың бір жақсысы сабақтан қалмайды,бірақ әзірлігі нашарлау.Түс қайта дайындыққа келмейді.
Анасы:-Ой ,осы дайындығына күнде кетіп жатады. Ай, мені алдап жүрген болды ғой!
Мұғалім: Иә, апа,өзіңіз айтқандай,қиындық келтіріп жүрген оқушының бірі-осы. Мен де сол Олжастың тәртібі жайлы сойлескелі келдім. Бүгін бір қоңыраудың сәтінде-ақ бірнеше тәртіпсіздіктер жасаған.
Анасы:-Олжас,Олжас дегенге сендер тек менің баламды ғана айта береді екенсіңдер-ау,жалғыз сол дейсің бе, өзгелерде болар қасында жүрген.
Мұғалім: -Жоқ, апа, сіз ренжімеңіз, бала тәрбиесі бәрімізге ортақ. Сіздің балаңыздың жақсы болуын мен қалаймын. Сондықтан да, осындай ұсақ-түйек демей, жіберген, жасаған қателіктерін дер кезінде бір-бірімізбен ақылдаса отырып, баланы тәрбиелемесек, кейін өкініп қалып жатамыз. Сіз оның мектептегі тәртібі туралы білмеген болар едіңіз.
Анасы:-Иә,қарағым. Екі жақты болып тәрбиелейік.Мен ашумен саған ренжіп жатырмын, кім баласын жаман десін «Қарға баласын – аппағым»-дейді. Мен де Олжасты тентек дегенге ренжіп қалып жатырмын ғой. Кешір шырағым.(Сахна жабылады). (Бірнеше жылдар өтіп , Олжас 10-сыныпқа келеді).
(Үйдің іші. Анасы үй шарусымен айналысып жүреді. Баласы ұйықтап жатады.)
Анасы:-Олжасжан біршама уақыт болды. Демалыс дегенмен болмас, мен біраздап кір жуып тастайын, мектепке киген киімдерің қайда еді?
(Олжас тұрып музыка қосады.) Анасы төсек жинап жатқанда балалар келіп Олжас деп айқайлады.Олжас сыртқа шығып кетісімен
Анасы:-Олжасжан маған су әкеліп тасташы. Мен кір жуып тастайын.
Олжас:-Қойшы, мен бір жаққа кетіп барам.
(Анасы киімдерінің қалталарын қарап жатқанда темекі түсіп қалады .)
Анасы:-Темекіні қайдан алды екен, менің балам темекі тарта ма? Қой тартпайтын болар. Жоқ, мүмкін емес. Бұған ақшаны қайдан алады. Мүмкін қасындағы біреу берген шығар қалтаңа сала тұр деп, жә келгесін сұрармын- деп ойланып тұрады.(Сахна жабылады.)
Мектеп
(3-4 бала мектептің тасасында темекі тартып отырады.) (Мұғалім: тасадан шыға келеді.)
Мұғалім: Ой,балалар, мына мектептің тасасында не әңгімелесіп отырсыңдар?Мә, мынау менің сыныбымның балалары ғой.
(Мұғалім оқушылардың қасына барады.) Оқушылар темекіні тыға бастайды. (Шөптер төсеп қою.)
Мұғалім: Мынау не бірдеңенің иісі шығып тұр ма? Олжас, темекі тартып тұрсыңдар ма? (Сыныптың іші. Мұғалім оқушыларды сынып бөлмесіне алып келеді).
Мұғалім:
Темекінің түтіні адам организміне зиянды және улы заттардың жиындысы. Оның құрамындағы улы заттар өкпе рагіне душар етеді .Ең улысы –никотин. Бір тал темекінің әсерінен сау адамның жүрек соғуы бір минутта 10-20 соққыға жиілеп, қан тамырлары тарылады. Сондықтан әрбір саналы азамат жас кезде салауатты өмір сүріп, денсаулықты сақтап, темекі шеккіштерден аулағырақ жүргені дұрыс.(Сахна жабылады).
Полиция бөлмесі.
(Полиция алдында отырған ана мен бала).
Полиция қызметкері: Сіздің балаңыз өзінен кіші баланы қатты жәбірлеп, соққыған жыққан. Балаңыз өзінің қателігін мойындамай отыр.
Анасы:(дауысын көтеріп)Істегенің рас болса, несіне мойындамайсың ? Осы сенен-ақ шаршап біттім-ау.
Баласы: -Менен көре береді екенсіңдер(Сол кезде мұғалім кіреді.)
Мұғалім:Не болды ? Неге жанжалдасып,түсінісе алмай отырсыңдар?
Анасы: Баяғы менің баламнан көресіңдер. Мен емеспін деп отыр.
Мұғалім: Жақсы, олай болса, мен онымен сөйлесіп көрейін.
(Мамасы, полиция қызыметкері шығып кетеді . Мұғалім мен баласы қалады).
Мұғалім:
Олжас біз бұрыннан да сөйлесіп жүрміз. Саған талай ескерттім. Бұрын балалықпен қателіктер жіберіп жүрген боларсың. Енді есейдің. Істеген ісіңді мойыныңмен көтер, «азаматтың екі сөйлегені өлгені» демей ме? Сен міне,азамат болып келе жатырсың, сондықтан істеген ісіңді мойыныңмен көтергенің дұрыс. Өмірде қателеспейтін адам болмайды, қателік жасаған екенсің ,біреу дұрыс жолын көрсетсе, соны тыңдаған, ұғынған дұрыс. Қателігіңді мойындап , анаңнан, заң қызметкерлерінен және жәбірленген баладан кешірім сұра. «Кішірейген- кісіліктің белгісі» сен осы сәт өзіңнің бойыңда кісілік қасиет, адамгершілік,ар-намыстың бар екенін көрсетсең, ата-ана, достарың да саған риза болады.
Бала: Апай, кешіріңіз, менің қателік жасағаным рас. Мен үлкен қателік жасаған екенмін, оны мойындаймын.
Мұғалім: Менің алдымда мойындағанша, бағанадан бері анаңды ренжітпей неге мойындамадың?
Бала: Бұрын тентектіктер жасасам да, дәл осылай полицияның алдына келіп көрмеппін. Алдымен қорықтым. Маған басқалай шара қолданатын болар деп. Сіз арқылы достарымның алдында беделді болуым үшін істеген қателігімді мойындап, кешірім сұрауды ұғынып, сол арқылы өз қателігімді түзетуге болатынын түсіндім.(екеуі шығып кетеді)(Полиция қызметкерінен кешірім сұрайды.)
(Бала мен анасы)
Анасы: Иа, ұлым бұған дейін жасаған қателіктеріңнің барлығына да кешіріммен қарап келдім. Сен өсіп келе жатырсың, бұрын кішкентай болғасын балалықпен жасайтын шығарсың. Сені есейді ме десем, мен қателесіп жүрген екенмін.Ұл бала болғасын саған әкеңнің тәрбиесінің жетпей жатқандығы ма? Ешкімнен қалдырмай, сені азамат етуге тырысып келемін.Өзгенің аналары көрген бақытты, олар естіген жақсы сөздерді сен маған қимадың ба? Қатал тағдыр бір жылатса , сен қоса жылатып қинағың келді ме? Өмір бойы жылап өтсін, зарлап өтсін дегенің бе? Жаймен айтқан ақылымды ұғынбадың ба? Міне, бүгін полиция алдына барғанда сен үшін өзімді құрбандыққа шалғым келеді . Алайда , өзім болмасам алдағы уақытта сенің тағдырың қалай болады деп екі оттың ортасында қалдым. «Баланың табанына кірген шөңге ананың мандайына қадалсын»-демей ме? Бүгінгі жасаған қателігің сенің өміріңе сабақ болады деп ойлаймын. (Анасы шығып кетеді. Сахна жабылады).
1 жылдан соң. 11 –сынып .
Мектеп.Оқушылар партада отырады.
Мұғалім тақтаға жазады: Қыркүйек айының 15-і.
Ой толғау. «Адамгершілік – асыл қасиет.»
(жүреді, түсіндіріп айтады.)
Олжастың қасына келіп.
Мұғалім: Олжас , не ойлап отырсың? Олжас, биыл сен көп өзгергенсің. Салмақты болып есейіпсің.(Ұстаз орнына отырады.)
Музыка ойнайды.
Олжастың ойы.
«Адамгершілік-асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатқанын мен кеш ұғындым. Мен үшін отқа да, суға да түсетін аяулы анамды ренжіткенімді қалай ғана ұмытайын? «Өзгенің аналары көрген бақытты маған қимадың ба?»- деген сөзі есіме түскенде ,өзімді қоярға жер таба алмаймын. Сол кезде ,менің бойымда адамгершіліктің кішкене де болса ізі болмаған –ау, сірә? Менің сонда қатігез болғаным ба? Жоқ, сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайтын сияқты , ар-намыс , қасиетіме дақ түсірген кездерім де болды. Оны түзетуге анамның мейірімді сөздері мен ұстаздың өнегелі ақылы көмек етті десем, артық болмас. Ия , қадірлі Ұстаз! Дәл қазір сіз не ойлап отыр екенсіз?
Ал мен болсам, Сіздің маған көрсеткен адал жолдарыңыз бен тәлімді, тағылымды сөздеріңізді ойлап отырмын. Екі ананың бірі-туған ана, бірі- ұстаз ананың ұлылықтарына бас иемін. «Адамгершілік» деген асыл қасиет болса ғана жер бетінде ешбір қатігездік болмас еді деп ойлаймын.
Ұстаз ойы.
Тұңғиық тереңіне батып, қандай ойдың құшағында отырсың, щәкіртім –Олжас? Балалықпен талай тентектіктер жасадың. Жасөспірімдік шақта аумалы - төкпелі мінезіңмен талай қателіктерге ұрындың . Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Оның қателігін көруге емес , түзетуге көмектес деген. Мен де саған бар тәлім –тәрбиемді беріп, ұғындыруға тырыстым. Білім нәрімен қоса тәрбие дәнін себе алдым ба? Оны уақыт өзі көрсетер. Бүгінгі сабырлы жүзің мен салмақты мінезіңе мен таңырқап та отырмын .Осы бағытыңнан таймай , алда келе жатқан үлкен «өмір баспалдағынан» енді қайтып қателеспегейсің деп іштей тілек тілеймін, шәкіртім.(Сахна жабылады).
Соңғы қоңырау.
Оқушылар ырғақпен билеп жүреді, қастарына мұғалім келгесін тоқтайды.Менің оқушыларым соңғы кештеріне жиналып қалыпты ғой.
Мұғалім: Қымбатты шәкірттерім! Бүгін сіздер есейіп, үлкен өмірге қадам бастыңыздар. Барлығыңа шаттықты, қызықты өмір тілеймін. Өмірден өз орындарыңды табыңдар. Сәтті қадамдарың болсын!
(Барлығы ұстаз жайлы өлең айтады. Сахна жабылады). Сахна ашылғанда ана мен ұстаздың екі жақтан бейнесі көрінеді.
Ана:(Баласының хатын оқып отырады.)
Олжастың анасына хат жазуы.
Қымбатты, Апа! Денсаулығыңыз жақсы ма? Ауыл – аймақ, ағайын-бауыр аман ба? Көктем келіп, қуанып жатырсың ба? Осы көктеммен бірге келген «Аналар» мейрамымен құтықтаймын! Бүгінгі күні сіз өзіңізді бақытты сезініңіз!
Аяулы, Анашым! Сіздің маған деген адал махаббатыңыз мені тұңғиық түбіне жетеледі . Жанымды бір суытып ,бір жылытты. Сіз үнемі «менің ұлым азамат болды» деп отырушы едіңіз. Сол «азамат» деген сөздің астарында терең мағына барын кеш ұққаныма өкінемін .
Бірақ ... деймін де , өзіме дем беремін, әлі де кеш емес қой, сірә, Ана. Отан алдындағы борышымды өтеп , қауышар кез де келер. Деніміз сау, аман болсақ, әлі талай –талай қуаныштарға жаныңызды бөлеймін, Анашым.
Сәлем жолдаушы : Ұлыңыз Олжас.
Айтпақшы апа, мына хатты ұстазыма табыс етіңіз.
Ұстаз (шәкірті Олжастың хатын оқып отырады).
Қадірлі, Ұстазым ! Мен осы хатым арқылы шексіз алғысымды білдіремін Талай «құлап», әр түрлі жағымсыз қылықтарыммен сіздің көңіліңізге қаяу түсірдім. Есейе келе Сіздің әрбір айтқан ұлағатты сөздеріңізден көп тәрбие, үлгі алдым. Сіздің шашыңыздың әр талының ағаруына бәлкім мен де себепші болған шығармын деп ойлаймын . Осының бәрін ұғынып , ұстаздық еңбегіңізге, әрбір айтқан ғибратты сөзіңізге ризашылығымды білдіремін. Өміріңіз бақытты болсын, ұстазым! Анамның махаббаты мен ұстаздың шапағатына тең келер еш нәрсе жоқ екенін ұғындым.
Шәкіртіңіз Олжас.
Соңы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.