Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Анашым-мерекеңмен» -

«Анашым-мерекеңмен»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1600 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№26 “Жұлдыз” балабақшасысының
ғылыми-жетекшісі
Суталиева Айғаным Жағыпарқызы
Ертеңгілік: «Анашым-мерекеңмен»
Мақсаты: Жарық дүниеге әкеліп,тіршілік сыйлаған анаға деген баланың немесе балаға деген ананың махаббаты,сүйіспеншілігі туралы түсінік беру.
Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,Ананы сүюге,сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар мерекесіне орай әсем безендірген залға балалар музыка ырғағымен жұптасып кіреді.Жұптаса жүріп би билейді.Би аяқталған соң ұл балалар қыздарды ерекше құрметпен орындарына отырғызады.
Жүргізуші:Ақ тілікпен ағытып бір тстайық,
Аналрдың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің,әр айың.
-Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер,асыл да аяулы аналар,балабақшамыздың ұстаздары,ару қыздар! – Сіздерді 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!Сіздерге отбасылық бақыт,дендеріңізге саулық,жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналады.
Мейірбан аппақ көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды,сіздерді балаларың.
Аналарға деген балалардың жылы лебізі
Фатима: Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Айкүміс: Ана ең жақын,әрі ыстық адам7
Мерей: Ана-ең аяулы жан.
Ақерке: Ана деген-қуанышы көңілді.
Дильназ: Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Дәуренбек: Ана деген-әрбір үйдің жылуы
-Ана,Ана,Ана!....Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді!
Дүниеде ананың мейіріміне,аялы алақанына не жетеді?!
«Айналайын ана» хор
-Қазақ даласында әлі де ызғарлы қар жатсада,бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.Өйткені,жылы нұрын төгіп көктем келді, шуагына адамзатты баурап,табиғат құлпырып бір әдемі әлемге еңді. Ортаға «Көктем»келеді.
«Гүлдер» биі
-Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі,ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ.Ал,ақ самайлы,аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса,аналарымызға да бұл жарық дүние есігін ашпас еді.Ендеше,әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Арсен: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі-
Қандай ғажап күлкісі
Сұлтан: Менің әжем,гүл әжем
Алтын әжем,күн әжем
Апам үшін,мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Нұрайым: Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ гүлін.
Андрей: Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең.
Жеке ән: «Сағындым,әже,сағындым»
Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме
Жан ботасын сағынғанда аруана,-дегендей,ана бауыр еті –баласы үшін отқа да күйеді,суға да түседі,өмірдің суығына тоңып,ыстығына төзеді.Әрбір ана-өз баласыңың сүйікті досы,мақтанышы.
Саят: Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың,
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Айару: Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?!
Дәуренбек: Алтын Анам,асыл Анам,
Таңым Анам,
Мен сеннен қуат алам,жалын да алам
Күн болып көңілімде күйге бөлеп.
Арнадың өмірімнің бәрін маған.
Назира: Адам бар ма,ана сүтін таптаған
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам.
Хор:«Айналайын,ақ мамам»
Ата-аналар болашақ мектепке баратын баласына ертеңгілік асты тез арада даярлап бере ала ма?
Ата-аналармен ойын: «Кім жылдам дастархан жаяды?»
Аяна: Сізге арналады бүгінгі әніміз
Ардақтаймын,мақтанатын кезіміз,
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,
Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Зинұр: Мұрат,игі,мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн,
Нағыз бақыт ананың,
Ақтау керек ақ сүтін.
Назерке: Өзіңсің сүйікті ана,құдіретім,
Жанымда жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Бекзат: Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдарды аналар
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Жеке ән: « Мамочка моя»
-Ана-бұл сөз әр халықтың тілінде бар.Бұл сөз әр анаға нәзік мейірімді,жылы естіледі.
Қазақ тілінде «Ана»
Орыс тілінде «Мама»
Ағылшын тілінде «Мазэ»
-Олай болса бір сәт Анамыз туралы сендерді аналарының қалай еркелететіні туралы естеріңе түсіріп айтып,бере аласындар ма?
Гүжайнаның ойы:
-Бірде мен ауырып қалдым.Сонда анам қатты қиналып,сенің табаныңа кірген шөңге,менің маңдайыма кірсін,-деді.
Мен түсінбедім.Кейін анам маған бұл сөздің мағынасын түсіндіріп,берді.Сонда анам-сен ауырма,жаратқан ие сені ауыртқанша мені ауыртсын деп тіліген екен.
Зинұрдың ойы:
-«Аппағым,томпағым,ақылдым» деп еркелетеді.
Ануардың ойы:
-Мен анамды өте жақсы көремін.Ол да мені өте жақсы көреді.Мені «құлыншағым,ботам» деп еркелетеді.
Жүргізуші:
Еркелесем,күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп «менің құлыншағым,күнім»,-дейтін.
Маған жарық сыйлаған кім? –Анам!
Жылатуға қимаған кім?-Анам!
Жөргегімді ауыстырып,құндықтап,мен деп жанын қинаған кім?-Анам!
Мен ауырсам жүдеген кім?-Анам!
Айыққанша,қосылғанша қатарға
Тілегімді тілеген кім?-Анам!
«Барби» биі орындайтындар:.
Жанель:Апатайым,Анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоры сен сәбидің,
Гүлі де сен әр үйдің.
Ерқосай:Ана! Ол-біздің елде ардақты адам.
Кіші де үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанына
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Диар: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Назым: Алтын Анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Бақшадан үйге келгенімде
Бал сөзі «жаным»деген сая маған.
Андрей: Мама,бабушка,сестра
Все нарядные с утра
Принимают поздравления
И букет-он очень ярок
И еще сюрприз их ждет
Испекли мы с папой торт
Перемыли всю посуду
Навели порядок всюду....
« Қызыл телпек» әні Айжанның орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бала,балым.
Баламның баласы жаным-деп жүрген ауыл әжелерін ортаға шақырайық.
Мерей: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер,өсек бастайық
Немеренің әр түрлі
Қылығын айтып тастайық
Ой-бай,белім-ай,
Қайда кетті келін-ай
Саят: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты
Жүз теңгені сағызға
Аямай бере салыпты.
Дәренбек:Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
« Қызың»-бар ма деп едім
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
«Мамбо» биі Жанель,Нурикамал
Наурыз күні-Ана күні,әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал,балаларым,сендер мұны.
Ортаға тобымыздың мақтанышы,Ата-анасының тілекшісі,
Білім жолымен интелектуалдық олимпиадасының « Бәрін білгім келеді» номинациясы бойынша қалалық
1-ші орынды,облыс бойынша
2-ші дәрежелі дипломды иеленген.
Мұрат Гүлжайнаны шақырамыз.
Көркем сөз
Ана туралы ой А.Базиев
Халқымызға билік айтар даналар
Даналардың өзі анадан жаралар,
Жүрегінің бір бөлшегі-бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыныз бізге пана
Сіздерге таңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе-Отан ғана.

Жүргізуші:
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі-
Шатыққа шаттық ұлассын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.