Анимацияларды жүйелеу
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1750 | Размер: | Автор: Публикатор
ШҚО Семей қаласы
«А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
информатика пәнінің мұғалімі
Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Тақырыбы: Анимацияларды жүйелеу
Сабақ мақсаты: Анимацияларды жүйелеу туралы мағлұмат беру
Міндеттері:
а) Ауысу, анимация ұғымдарымен таныстыру.
Б) Презентациға арнайы эффектілер: ауысуды, анимацияны қолданып, баптауды үйрету.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту, жоспарлы жұмыс істеуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Power Point программасы
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру, сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үйге берілген тапсырма Слайд үлгісін модификациялау, слайдтарды обьектілермен жабдықтау.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.
- Түстік схеманы өзгерту тәсілі қандай?
- Слайд үлгісін қалай өзгертуге болады?
- Слайдқа төменгі колонтитул қалай қойылады?
- Колонтитулда қандай информациялар болады?
- Фон түсін қалай өзгертеді?
- PowerPoint-та обьект деп нені есептейді?
- Слайдқа картинка қоюдың жолы қандай?
- Слайдқа диаграмма қалай қойылады?
- Word-тан кесте қою тәсілі қандай?
Жаңа сабақ Анимацияны жүйелеу.
Электронды презентация (Slide show) – компьютер мониторында немесе үлкен сыртқы экранда проектор арқылы көрсетіледі. Компьютермен көрсеткен кезде презентацияға арнайы эффектілер қосуға болады.
Ауысу (переход) – слайдтың экранда пайда болуына әсер ететін арнайы эффект.
Слайдқа сонымен бірге анимация да қоюға болады. Бұл кезде слайдтың экранға шығуы бірнеше қадамнан тұрады.
Ауысуды Сортировщик слайдов режимінде Сортировщик слайдов құралдар тақтасы арқылы қоюға олады. Бұл режимде анимация тек текстке қойылады, басқа обьектілерге слайдтар режимінде қойылады.
Ауысуды қосу және өзгерту.
Ауысуды қолдану және өзгерту үшін слайдты (слайдтарды) белгілеп, Эффекты при смене слайдов тізімін ашып қажетті ауысуды қолданады. Ауысудың көбі бір-бірінен тек бағыты бойынша өзгеше болып келеді.
Ауысу белгісі қолданылған слайдтың сол жақ төменгі шетінде пайда болады. Белгіні шерту ауысуды кішірейтілген слайд көшірмесінде көруге мүмкіндік береді.
Жылдамдықты және ауысу уақытын реттеу.
Ауысудың әрбіріне өзінің алдын ала қойылған жылдамдығы болады. Смена слайдов терезесінде ауысудың жылдамдығын өзгертуге болады, басқа ауысуды таңдауға болады немесе ауысуға бірге жүретін дыбыстық эффект қосуға болады.
Анимацияны қосу.
Ауысу эффектілері слайдтар арасында, ал анимация эффектілері слайд ішінде қолданылады. Әрбір тақырыпты, маркерленген пунктті немесе басқа обьектіні слайдқа жекелей қосуға болады.
Бірге қойылатын анимациялар тобынан дайын эффектілерді сортировщик слайдов режимінде қолдануға болады. Слайдты (слайдтарды) белгілеп, Готовые эффекты тізімінен анимация түрін таңдайды. Таңдалған эффект слайдтың барлық текстіне (тақырыптан басқа) қолданылады.
Егер негізгі текстке анимация қойылса, қарап шығу кезінде слайдқа ауысқанда тақырып тексті, фондық обьектілер және графиктер көрінеді. Қалған обьектілерді шығару үшін маусты шертіп отыру керек.
Анимация тобының тағы бір тобы контекстік меню арқылы қойылады. Сортировщик слайдов режимінде слайдта маустың оң жағын шертіп, дыбыс қосылған текстік анимацияларды қоюға болады.
Анимацияны баптау.
Анимацияны баптау құралдары дыбысты және слайдтың жекелеген графикалық элементтерін безендіру үшін қолданылады. Эффекты анимации құралдар тақтасын ашу үшін слайдтар режиміне көшіп, форматтау панеліндегі Эффекты анимации батырмасын шертеді.
Слайдтарды жасырып қою.
Көптеген презентацияларда тек қажеттін қарай көрсетілетін, басқа уақытта жасырулы тұратын слайдттар болады. Слайдты алдымен құрып, содан соң жасырып қоюдың артықшылығы қажет болмаса көрсетпей кетуге болатындығы.
Сортировщик слайдов режимінде жасыру қажет слайдты белгілеп, құралдар тақтасындағы Скрыть слайд батырмасын шертеді. Слайд номерінде ноль символы пайда болады. Слайдты қайта шығару үшін осы батырманы қайта шертеді.
Презентация кезінде кез келген слайдта маустың оң жағы шертіп, контекстік менюдің Переход-По заглавию командасын орындайды. Бұл көшу тәсілі презентация кезінде ыңғайсыз болғандықтан, көшу үшін Сілтемелерді қолданған жөн.
Басқа слайдтарға сілтеме (ссылка) жасау.
Гиперсілтемелер – Интернеттегі WEB-беттердегі сияқты презентацияда да қолданылады. Гиперсілтемеде шерту басқа слайдқы, басқа презентацияға немесе Интернеттегі WEB-бетке көшуді жүзеге асырады.
Гиперсілтеме қою үшін алдымен гиперсілтеме ретінде қолданылатын тексті немесе сөзді белгілеп алады да, үстінде маустың оң жағын шертеді. Настройка действия пунктін таңдайды. Гиперсілтемені іске асырудың екі тәсілі бар: шерту арқылы немесе маус көрсеткішін апару арқылы. Екі тәсілдің екеуі де бірдей жұмыс атқарады. Қайсысын қолданса да айрмашылығы жоқ. Перейти по гиперссылке белгісін қойып, ауысу қажет слайдты таңдайды. Нақты бір слайдқа көшу үшін тізімнен Слайд пунктін таңдап ашылған терезеде қажет слайдты таңдайды.
Бекіту сұрақтары:
- Ауысу дегеніміз не ?
- Аусуды қаллай қоюға және өзгертуге олады?
- Аимация не үшін қолданылады?
- Анимацияны қалай қоюға және өзгертуге болады?
- Слайдты жасырып қоюдың қандай қажеттелігі бар?
- Слайдты қалай жасырып қояды?
- Гиперсілтеме не үшін қажет қалай қоямыз?
Тапсырма: Оқушылар таңдаған тақырып бойынша толық презентация жасайды.
Таңдауға ұсынылатын тақырыптар:
- Менің мектебім.
- Менің класым.
- Менің отбасым.
- Менің достарым.
- Менің елім.
- Менің қалам.
- Менің мамандығым?
- Менің балалық шағым?
- Менің демалыс сәттерім?
Оқушылар билет жасалған тақырыптардытаңдау арқылы тапсырма алып, 4 сабақ бойы әзірлеп, материалдармен толықтырып, бесінші сабақта демонстрациялайды.
Үйге тапсырма: Презентацияға қажетті материалдарды әзірлеу, презентацияны жасау.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.