.
.
Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылы Аныздан жаралған жетіген.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1653 | Размер: | Автор: гостьҚойгелді атындағы орта мектеп
Музыка пәнінің мұғалімі М.Ақыбаева
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:Аныздан жаралған жетіген.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлттық музыканы сүюге, үйренуге тыңдай білуге баулу. Өткен замандағы халық өмірімен байланыстырып түсіндіру. Музыкалық сауатын ашу, аспатың ерекшелігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Халық музыкасымен сусындату, көркемдік талғам мен шығармашылық дағдыларын дамыту, әнді сипаттауға үйрету.
Тәрбиелік: Эстетикалық ләззат алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, тірек сигналдары.
Сабақтың әдіс тәсілдері:Түсіндіру, ән айту.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Күтілетін нәтиже: Жетіген аспабы жайлы толық мағлұмат ала алады. Әнді орындай алады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
а. Оқушыларды музыкамен кіргізу.
ә.Оқушыларды түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(қораптың ішінде сұрақтар берілген. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе, жұлдызша жинайды. Жұлдызша көп жинаған оқушы жақсы баға алады.)
1.Ұрмалы аспап қалай пайда болды?
2.Қазақ халқының ұрмалы аспаптарын ата.
3.Сыбызғы аспабы қалай пайда болды?
4. Ұрмалы аспаптар қалай орындалады?
5.Үрмелі асапатар қалай ойналады?
7.Қалаулым әнін орында.
(кел ойнайық ойыны ойналады)
Е Е І Ж Н Т Г
6 2 4 1 7 3 5
Жаңа сабақ
Жетіген жеті ілмекті шертіп ойналатын музыкалық аспатың түрі. Бұрауы жоқ дыбыс шектеріді саусақпен іліп қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағатан ойылып жасалады. Шектері аттың қылынан алынады. Тиегі ойық. Дыбысын келтіру үшін асықтарды жылжытып отырған.
Ертеде өмір сүрген бір жалғыз шалдың жеті ұлы болыпты. Бір жылғы жұттан шалдың қолындағы бар малы қырылады. Суық үйдің берекесі кетеді. Киіз үйдің шаңырағына бақытсыздық орнап, жеті ұлы бірінен соң бірі қайтыс болады. Өлгеннің артынан жоқтау айтып ас беруге еш қаражаты, лажы жоқ шал кепкен ағаштан ойып «жетіген» аспабын жасайды үлкен ұлы қатыс болғанда бір шек тағып, асықты орнатады.
Бірінші ұлы өлгенде «Қарағым»
Екінші ұлы өлгенде «Қанат сынар»
Үшінші ұлы өлгенде «От сөнер»
Төртінші ұлы өлгенде «Бақыт көшті»
Бесінші ұлы өлгенде «Күн тұтылды»
Алтыншы ұлы өлгенде «Жұт жеті ағайынды»
Жетінші ұлы өлгенде «Жеті баламнан айырылып, құса болдым» деп жетігенге жеті шек тағып, жеті асық орнатады. Сөйтіп орны толмас қазаның, жүректің жарасын, осы жоқтау күйімен толтырған екен дейді. Кейбір ғалымдар «Жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына десе, кейбір аңыздарда «Жеті хан» деген сөзден шыққан дейді.
Сергіту сәті: Кел балақан, балақан
Шапалақтан алақан
Жалт, жалт, жалт
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді
Шарт, шарт, шарт.
Тықылдатып таяқты
Ақырын бас аяқты
Айтқан кезде өлеңді
Қатты басқын еденді
Тарс, тарс, тарс. (Орнымызға жайғасайық)
Жұмбақ: 1.Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған
2.Сазыменнен жасалған,
Өрнектеп қашалған,
Сырннайдың үніндей
Бұлбұлдың біріндей.
3.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті түрлі мұң шығар
Ойнап кетсең түрлі- түрлі жыр шығар
Бұл қандай аспап?
Дәптермен, кітаппен жұмыс.
Шертпелі аспап: Орыс халық аспаптары:
1.Жетіген 1.Гусли
2.Адырна 2.Цимболо (украин)
3.Аша керуіш 3. Арфа
4.Құс бейнелі керуіш 4.Моренхур
5.Өгіз бас адырна
Аспапты жасаған ұста Бейсенбекұлы
Ән үйрету «Келші, келші балашым»
Сабақты бекіту:1 Ең алғашқы аспап қалай пайда болды?
2.Жетіген деп не себепті атаған?
3. Жетігенге ұқсас қай халықтың аспаптарын білесің?
4 .Жеті деген сез неден шыққан?
Сабақты жақсы түсінгендер: қызыл,
Орташа түсінгендер: көк
Нашар түсінгендер,түсінбегендер: сары жалауша көтереді.
Сабақты бағалау.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.