Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Апта күндері -

Апта күндері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6402 | Размер: | Автор: гость
. Түркістан қаласы
Қалалық білім бөліміне қарасты
«Бөбек» - ясли бақшасының
Байтерек ересектер тобының
тәрбиешісі: Онбаева Амина Сабырханқызы

Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі: Математика
Тақырыбы: «Апта күндері»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға аптада жеті күн бар екенін түсіндіріп, білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: Балаларды жетіге дейін ауызша санатып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды эстетикалық, этикалық тәрбиеге баулу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, сандар, геометриялық пішіндер, слайд, әсем әуен.
Іс - әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиеші: Біздің бүгінгі ұйымдастырылып отырған оқу іс әрекетіміздің ерекшелігі бізге көптеген қонақтар келіпті балалар.

Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық! Шаттық шеңбері:

Алтын сәуле арайлы
Бақшамызға тарайды
Қуанышпен шат күліп
Қарсы алайық арайды.

Негізгі кезең

Сергіту сәті:

Қорытынды Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын айтып бере қойыңдаршы?
Бір айда неше апта бар?
Жарайсыңдар балалар! Олай болса, біз апта күндерін айтып көрейікші.
Тақтаға қараңдаршы, 7 күн 7түрлі түспен беріліпті. Кім түстерін айтып береді екен?
Бір аптада неше күн бар екен сонда?
Онда маған бүгін аптаның қай күні екенін алдарыңдағы түстер арқылы көрсетіңдерші.
Маған 1-ден 7-ге дейін кім санап береді?
Балалар, 7 саны қазақ халқында киелі сан болып табылады. Тақтаға қараңдаршы, мына суреттегі кемпірқосақтың да 7 түрлі түсі бар екен.
Сонымен бірге 7 жарғы, 7 ғалам, 7 қазынамыз, 7 атамыз бар екен.
7 қазынаны кім біледі екен?
Жарайсыңдар, балалар!
Ой, балалар бізге қонаққа сайқымазақ келіпті, ол жай келмепті, сендермен ойын ойнауға келіпті.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің қолымда 7 түрлі шарлар бар, кім осы шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап берсе, менің сол балаға сыйлығым бар.
1сұрақ: Пішіндерді құрастыр.
2сұрақ: 5 пен 7 санының көршісі.
3сұрақ: Анаң театрға баруға Сейсенбі күні билет алдым деді, ертесіне театрға баратыныңды айтты, қай күні театрға барасыңдар?
4сұрақ: Сен балабақшаға аптаның қай күндері келесің?

5сұрақ: Ән жұмбақ.
6сұрақ: Топ балаларына: «Қыз қуу»ойынын ойнап беріңдер
7сұрақ: Бірден жетіге дейін орыс тілінде санап бер?
Балалар сандар туралы, тапта күндері туралы тақпақ білесіндер ме?
Шығармашылық саласымен байланыс: 1 топ Таптау әдісі бойынша картошканы бояуға батырып шар суретін салады.
2 топ түрлі түсті қаламмен шар суретін салады.
3топ алдарындағы айлы түнге жұлдыздарды жапсырады.
4 топ суретшінің суретін аяқтайды.

Дүйсенбіде доп ойнадық, Сейсенбіде серуен құрдық, Сәрсенбіде сурет салдық,
Бейсенбіде би биледік,
Жұма күні жидек тердік,
Сенбі күні ән шырқадық, Жексенбіде үйде болдық!

Жарайсыңдар, балалар!
Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер! Біз бүгін апта күндерін білдік.
Бір аптада неше күн бар екен?

Дүйсенбіде-сандарды санайтын күн,
Сейсенбіде-сандарды жазатын күн ,
Сәрсенбіде- қалам алып қолыма, сурет салам қағазға,
Бейсенбіде-ән мен биді шырқайтын күн,
Жұмада-Орыс тілі мен Ағылшын тілін үйренетін күн,
Сенбіде -ата- анамызға көмектесетін күн.
Жексенбіде-доп қуалап ойнайтын күн.
Өте жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен, жақсы қатысқан балаларды төртбұрышпен, орташа қатысқан балаларды үшбұрышпен бағалаймын.

Қазір жылдың қыс мезгілі.
Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Бір айда 4 апта бар
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
Бір аптада 7 күн бар.

1 күн ашық қызыл, 2күн күлгін, 3күн сары, 4күн жасыл, 5күн ашық көк, 6күн қызыл, 7күн көк

1,2,3,4,5,6,7

Балалар кемпірқосақтың түр - түсін ажыратады.

1.Ер жігіт
2.Сұлу әйел
3.Ақыл білім
4.Жүйрік ат
5.Қыран бүркіт
6.Берен мылтық
7.Жүйрік тазы
Сәлеметсіз бе!

Үй, шырша, гүл.
6саны.
Сәрсенбі күні барамыз.

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма.
Әнді табады.
Балалар ойын ойнайды

1,2,3,4,5,6,7

Балалар тақпақ айтады.

Бір аптада 7 күн бар.
Нені білу керек: Апта күндерін білді,1-ден 7-ге дейін сануды білді.
Нені игерді: Апта күндерін жаңылмай айтуды игерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.