.
.
Уақыты: 28.11.15 жыл Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1606 | Размер: | Автор: гостьСыныбы: 9
Пәні: алгебра
Тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
Мақсаты: Оқушылардың сандар тізбегі, прогрессия тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, есеп шығару біліктіліктерін арттыру.
Оқушылардың ауызша есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетімен еңбектену дағдыларын дамыту.
Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуына, топпен,жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, тест тапсырмалары, жетондар
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, жеке жұмыстар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а)Оқушылармен амандасып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
ә)«Ой қозғау» логикалық тапсырма
Сұрақтың орнында қандай сан тұру керек?
2;3;5;8;12;17; ?
15;12;13;10;11;8;?
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
№167
а) 1;4;7;10;13;...; ә)3;0;-3;-6;-9;...;
№168
а) а1=17,6; d=-0,4 ә)с1=-50; d=1,2
т/к: a25=? т/к: a45=?
Шешуі: а25=а1+24d Шешуі: а45=с1+44d
а25=17,6+24(-04)=17,6-9,6=8 a45=-50+44(-1,2)=-50+52,8=2,8
№169 (ауызша)
Сергіту сәті. Бос орынды толтыр
1 4 7 13 16 22 28 31 34 43
ІІІ. Есептер шығару
Классты топқа бөлу. Сандар таратылып беріледі оқушылар өздері прогрессия құрып топқа бөлінеді.
1-топ: 2;7;12;17;...; 2-топ: 21;23;25;27;...;
Тапсырмалар:
1)а1=30; d=9; a41=? 1) a1=7; d=2; a45=?
2)19;15;11;…; a5=? 2) 5;7;9;…; a111=?
Оқулықпен жұмыс
№170
1-топ: 2-топ:
1) -10,2; -9,5;... 2) 12,5;11,2;...;
арифметикалық прогрессияның алғашқы оң (теріс) таңбалы мүшесін табыңдар
Топ № a1 d N an
I 1 42 -10 -38
2 -5 7
Топ № a1 d N an
II 1 3 4 39
2 5 10
Жауабы: I топ. №1. n=9, Sn=18, №2. d=-2, an=-17.
II топ. №1. n=10, Sn=210. №2. a1=6, an=51.
Жұптық жұмыс:
Оқушыларды жұпқа бөлу. Фигуралар артына есептер жазылған, оқушылар жұптасып орындайды.
106 саны 10;14; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
30 саны -25; -19; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
109 саны -10;-5,5; -1; 3,5; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ала ма?
-508 саны 218,212; 206; 200; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ала ма?
«Кім тапқыр?»
1.Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке, айырмасы 4-ке тең, оның он бесінші мүшесі неге тең?
2. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 5-ке тең, айырмасы 6-ға тең оның он сегізінші мүшесі неге тең?
«Қызықты деректер»
1) Химия. Химиялық реакциялардың температуралары арифметикалық прогрессия бойынша көтерілгенде, олардың жылдамдықтары геометриялық прогрессия бойынша артады.
2) Физика. Физикалық процестерде де осы заңдылықтар байқалады. Нейтрон, уранмен ядросынан соқтығысқанда , оны екі бөліктерге бөледі.Нәтижесінде екі нейтрон пайда болады. Пайда болған екі нейтрон екі нейтронмен соқтығысқанда оны тағы да 4 бөлікке бөледі және т.с.с қайталана береді. Бұл геометриялық прогрессия.
3) Биология. Микроағзалар жартыға бөліну арқылы көбейеді. Сондықтан қандай да бір уақыт аралығында олардың саны екіге артады.
4) Экономика. Сақтандыру банкісінде жыл сайын салымшылардың ақшалары қандай да процентке артады.
«Ойлан тап!»
I. (Физика) Массасы тәулігіне екі есе кемитін массасы 256 г тең радиоактивті зат бар Екі, төрт тәулікте олардың массасы қандай болады?
II. (Биология) Бактерия 1 секунд ішінде үшке бөлінеді. 5 секундтан кейін пробиркада қанша бактерия болады?
IV. Сабақты қорытындылау. Сәйкестендіру тесті
Рефлексия:
1. Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім (шеңбер)
2. Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын (төртбұрыш)
3. Сабақ маған түсініксіз болды (үшбұрыш)
V. Үйге тапсырма беру: №178,№179. 77-бет.
VI.Бағалау: Оқушылардың жинаған жетондарын санау арқылы және сабаққа қатысқанына сай бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.