.
.
Набиева Заида, Арифметикалық және геометриялық прогрессияға есептер шығару
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1313 | Размер: | Автор: гостьӘ.Науаи атындағы мектеп-гимназиясының математика мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессияға
есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Тақырып бойынша теориялық білімдерін бекіту, арифметикалық прогрессия, геометриялық прогрессияның n-мүшесінің формуласы және алғашқы n-мүшесінің қосындысын табуға дағдыландыру.
2. Дамыту.Оқушылардың танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Формуланы дұрыс таңдап жылдам есептеуге дағдылантыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сауаптылыққа, ұстамдылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Пікір талас, «миға шабуыл» әдісі.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, формулалар кестесі, тест, плакат
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, пысықтау.
ІІІ. Сабақтың кезеңдері:
1. Сұрақ жауап.
2. Ауызша есептеу.
3. Білімді нақтылау.
4. Ақпараттық ізденіс кезеңі.
5. Шағын тест.
6. Логик сұрақ.
7. Рефлекция.
Сұрақ жауап.
1. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?
2. n-мүшесінің формуласын ата.
(аn=а1+d(n-1))
3. Геометриялық прогрессия дегеніміз не?
4. n-мүшесінің формуласын ата.
(bn=b1*qn-1)
5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің формуласын ата.
(
6. Геометриялық прогрессияның алғашқы n-мүшесініңқосындысынының формуласын ата.
Ауызша есептеу.
1. 3,13,23,33 d=? (жауабы:d=10)
2. 6,18,54 q=? (жауабы:q=3)
Білімді нақтылау.
1. Берілгені:
а1=?, d=? (жауабы: a1=67; d=9)
2. Берілгені:
а1=? (жауабы: a1=3)
3. Берілгені:
b1-b5=? (жауабы: b1-b5=240)
4. Берілгені:
а1=?, d=?, S10=? (жауабы: a1=3; d=2; S10=115)
5. Берілгені:
b1=?,q=?, S5=? (жауабы: b1=3; q=2; S5=48)
Ақпараттық ізденіс кезеңі.
Әрбір оқушылар қажетті мәліметтерді ғылыми әдебиеттер мен интернет жүйесінен іздеп тауып дайындайды және талдайды.
Шағын тест.Тест.
1. a5=19; a17=5ке тең. Арифметикалық прогрессияның алғашқы отыз бірінші мүшесін табыңыз.
А. 37; В. 25; С. 28; Д. 34; Е. 47
2. Арифметикалық прогрессияның алтыншы мүшесін табыңыз.
18, 15, 12, ...
А. 18; В.15; С.3; Д.-3; Е.1
3. b1=-9 , q=2 геометриялық прогрессияның алғашқы үшінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.
А. 63; В. -9; С. 2; Д. -63; Е. 46
4. Берілгені:
b3+b4=36
b2+b3=18
b5=?
А. 24; В. 48; С. 54; Д. 72; Е. 96
Логик сұрақ.
1. Альпинист тау шыңына шығу үшін 1 күнде 800 м жоғарыға көтерілді. Басқа күндерінде алдыңғы күндерге қарағанда 50 м кем көтерілген. Егер таудың биіктігі 4550 м болса, альпинист тау шыңына неше күнде шығады?
Жауабы: 7 күнде.
2. Жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшыдан оның жалақысын көтеру туралы пікірін сұрап, екі түрлі ұсыныс айтты.
Бірінші нұсқа: Алғашқыдағы 20000 теңгеге әрбір 12 айдан кейін 1000 теңге қосылады.
Екінші нұсқа: Алғашқыдағы 20000 теңгеге әрбір алты ай сайын 250 теңге қосылады.
Жалақы әрбір алты айда беріледі.
Жұмысшыға қай нұсқа тиімді?
Жауабы: екінші нұсқа.
Рефлекция. Тест.
1. Жеке басымның жұмысымның нәтижесі деп мен төмендегіні есептеймін.
А. Теорияны түсіндім; В. Есептер шығаруды ұйрендім; С. Өткен тақырыптарды қайталап өттім.
2. Сабақ үстінде есеп шығарғанда өздеріңе не жетіспейді деп ойлайсындар?
А. Білім; В. Уақыт; С. Ынтам болмады; Д. Есептерді жақсы шығардым.
3. Сіздерге сабақ үстіндегі қиыншылықтарды жеңуге кім көмек жасады?
А. Сыныптастар; В. Мұғалім; С. Оқулық; Д. Ешкім.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
306,308,310 есептер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.