.
.
А.Абдраимова, Арманға бірге барайық
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1209 | Размер: | Автор: гость№21 жалпы орта мектебінің психологы
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Арманға бірге барайық
(ҰБТ-ға дайындалу кезінде оқушыларға, мұғалімдерге арналған кеңестер бойынша психологиялық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
-ҰБТ-ке дайындау барысында оқушыларды өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету;
-өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету;
-өзіне деген сенімін арттыру
Сабақтың көрнекілігі: Даналық сөздер жазылған плакаттар, қима қағаздар, өшпенділік шелегі, ән.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар көңіл- күйлерімен бөліседі.
2. «Мазасызданудың алдын алу үшін не істеу керек?» кеңес беру.
3. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
4. «Сенімділік» жаттығуы.
5. «Төрт құбылыс» жаттығуы.
6. «Биіктік» жаттығуы.
7. Мақал- мәтелді жалғастыру.
1.Оқушылар бір-біріне өзінің көңіл-күйін ауа-райына балап бөліседі.
2.Мазасызданудың алдын алу үшін не істеу керек?
Ең бастасы мына нәрсе есте болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сене біл!
Алдымда тұрған барлық мәселені шешуге менің шамам келеді деген сенімді серік ет! Ең бастысы өзің сене біл.
Армандау бар да, арманға өз еңбегіңмен жету бар.Оған жету үшін өзіңнің бойыңдағы құдіретті күшті дұрыс пайдалан!
Сен не ойласаң, сол болады
Сен үшін уақыт та, отыратын орның да ыңғайлы, жауаптарды да дұрыс белгілеп, қуана аласың. Сен осыны ойла және оған сен! Ол міндетті түрде сен ойлағандай болады.
«Ұмытудың процентін азайту үшін не істеу керек?
Ұзақ мерзімді есте сақтау прцесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?»- дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1.Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2.Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3.Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4.Күрделі, қиын материалдарды еске сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5.Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар.
6.Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7.Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8.Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9.Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық еске сақтаудың ең бірінші жауы.
10.Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11.Таңертеңгі 8-12 сағ.арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі-кешкі 19.00.
12.Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындық кезінде өзіңізге мына ұстанымдар арқылы көмектесе аласыз.
Сіз өзіңіздің дайындығыңыз бен ойыңызды бір жақты етіп жинақтауға тырысыңыз. Арман мақсаттарыңыздың қандай жағдайда болмасын жүзеге асатынына өзіңізді сендіріңіз. Ата-анамның үмітін ақтай алмай қаламын, құрбы-құрдастарымның соңы болып қаламын немесе төмен балл алсам не болады деген ойлармен өзіңіздің миыңызды шаршатпаңыз. Сіз қандай балл алсаңыз да ата-анаңыздың сүйікті баласы, құрбы-құрдастарыңыздың ортасында адал дос болып қала беретініңізді естен шығармаңыз. Болашаққа қойған асыл арманыңызды қалай да орындап шығатыныңызға сенімді болыңыз. Зердені, жадыны шынықтыратын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, уақытыңызды дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде дайындық жүргізіңіз.Өзіңізді өзіңіз тексеріп көруден жалықпаңыз. Өзіңіздің шын мәнінде білімді екеніңізге көз жеткізсеңіз, ешқандай емтихан алдында жүрексінбейтін боласыз.
Бұл сынақ - үлкен асу! Бірақ бұл асудан сабырсызданбай, еңсеңізді барынша қолыңызға алып, нық сеніммен тапсырамын деп өзіңізге сенсеңіз ғана толығымен жетістікке жетесіз.Сынақ өткеннен кейін де өмір жалғаса береді! Сынақ өміріңіздің құлшынысын төмендететін немесе өміріңізді мүлде өзгертіп жіберетін құбылыс деп қабылдамай, тек өміріңізде кездесетін кезекті емтихандардың бірі ретінде қарау керек.
3. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін атап өту. Нұсқау: Қобдишаға адамгершілік қасиеттер жазылып салынады. Оқушылар кезекпен бір сөзден алып соған кімді лайықты санайды, сол оқушыға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін әркім өз сыйлығын дауыстап оқиды.
4. «Сенімділік» жаттығуы. Мақсаты: Оқушыларды стресстік жағдайдан арылтып сенімділікке үйрету. Нұсқау: Оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламмен теңдей етіп 2-ге бөлу ұсынылады. 1-ші бетке өзінің жағымды қасиеттерін, 2-ші бетке жағымсыз қасиеттерін жазады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін мыжып қоқыс жәшігіне лақтырады.
5. «Төрт құбылыс» жаттығуы. Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған. Нұсқау: Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші төрт құбылысты айтады:
Су- қолдарын созады.
Ауа- қолдарын жоғары көтереді.
От- екі қолын айналдырады.
Жер- қолдарын төмен түсіреді.
Кім шатасса сол ойыншы ойыннан шығады.
6. «Биіктік» жаттығуы. Мақсаты: Оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту. Нұсқау: Қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі: «Қабырғаға жақын тұр сосын секір». Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Мұнан соң: «Енді барынша жоғары секір. Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».
7. Мақал- мәтелді жалғастыру:
1. Еңбек түбі - береке, --------------.
2. Бейнетің қатты болса, --------------------.
3. Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады, -------------------.
4. Ынта болса адамда, ---------------.
5. Ерте тұрған еркектің - ырысы артық, ------------------------.
6. Сабырлы жетер мұратқа,-------------------------------------
7. Сабын кірді ашады, ---------------------.
8. Әдепті бала - арлы бала, ------------------.
9. Аға әдепті болса, іні әдепті.-----------------.
10. Тәрбиелі - тәртіптің құлы, ---------------------.
Қорытынды
ҰБТ-ға дайындалу кезінде мұғалімдерге
арналған жаттығулар.
Мақсаты: мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйлерін көтеру. Ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кеңес беру, үрейді азайту.
Түрі: тренинг-сабақ.
Жоспары:
1. Сәлемдесу.
2. Мұғалімдерге психологиялық кеңес.
3. «Қасиеттер жиыны» жаттығуы.
4. «Дауыс ырғағы» жаттығуы.
5. «Құпия сөздер» жаттығуы.
6. «Қимыл- қозғалыс» жаттығуы.
1.Сәлемдесу.
Саламатсыздар ма, Құрметті ұстаздар. Бүгінгі сабағымызға қош келіпсіздер.
2.Мұғалімдерге психологиялық кеңес.
-Оқушыларға тест сұрақтарын көбірек дайындаңыз.
-Оқушы жеке тұлға. Онымен сыйластықта бола біліңіз.
-Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз.
-Оқушының оқудағы жетістіктерін айтып үнемі мадақтап отырыңыз.
-Оқушыларға тілектер айтыңыз. Мысалы: «ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңа тілектеспін».
-Үрейді азайту үшін терең тыныс алуды ұсыныңыз.
-ҰБТ-алдында ең алдымен өзіңіз сабырлы болыңыз.
-ҰБТ нәтижесі төмен болса, оқушыларға ұрыспаңыз, керісінше мен қай жерде қателік жібердім деп ойланыңыз.
3.«Қасиеттер жиыны» жаттығуы.
Мақсаты: Адами қасиеттерді атап өту.
Нұсқау: қатысушылар шеңбер болып тұрады, жүргізуші қолына допты алып бір әріпті айтып қатысушыға лақтырады. Қатысушы айтылған әріпке бір адами қасиетті айтады. Мысалы: А әрпі- адалдық, Б әрпі- білімді.
4.«Дауыс ырғағы» жаттығуы.
Мақсаты: мұғалімдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін арттыру.
Нұсқау: топтың әр мүшесіне оқушыға бағытталған бір сөйлем айту ұсынылады. Мысалы: «Жарайсың сенің қолыңнан бәрі келеді» осы айтылған сөйлемді айтушы әр түрлі дауыспен, бет әлпетін өзертіп 3 рет айтуы қажет.
Ал, енді мұғалімдерді 2 топқа бөліп алайық.
5. «Құпия сөздер» жаттығуы.
Мақсаты: Топтың білімі мен жылдамдығын анықтау.
Нұсқау: 2 топқа бөліп сандар жазылған қағаз және алфавит таратылады. Соған қарап жасырын сөзді табу керек. Уақыт беріледі.
1. Кімнің ұяты жоқ болса,
Соның иманы жоқ.
2. Өтірік сөз - жанға қас,
Өтірік пышақ - қынға қас.
6.«Қимыл - қозғалыс» жаттығуы.
Мақсаты: мұғалімдердің мүмкіндіктерін ұлғайту. Топта ұйымшыл болу.
Нұсқау: Қатысушылар екі топқа бөлінеді. 1-ші топқа «Пілді», 2-ші топқа «Пальманы» бейнелеу тапсырылады.
Қорытынды:
Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болып аспанымыз,
Еңбекпен шыға берсін жақсы атымыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.