Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Арманы асқақ оқушы» -

«Арманы асқақ оқушы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1539 | Размер: | Автор: гость
. «Арманы асқақ оқушы»
Менің есімім- Камила. Отбасында екінші баламын, үлкен әпкем және кішкентай інім бар. Қазақ отбасында қалыптасқан дәстүр бойынша әжемнің тәрбиесінде көп болдым. Менің әжеме жан жетпейді. Ол көп жылдар ұстаздық қызмет атқарған. Әжем әрдайым бізге ақылын айтып, жақсы істерімізді мақтаныш қылады, еркелетеді. Кішкентай кезімізден әпкем екеуімізді мектепке апарым, алып қайтатын да әжем. Асқар тау әкешім менің өмірімдегі басты тұлғалардың бірі. Ол өте адал, ақкөңіл, қамқор жан. Ардақты да асыл анашым бізді білімді, тәрбиелі, мейірімді, шыншыл, өз өзіне сенімді болуды үйретеді. Үлкен әпкем – Малика, мектепті үздік бітіріп, белсенділігімен ерекше көзге түскен, қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері. Қазіргі уақытта еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің екінші курс студенті. Мен Орал қаласындағы М.Б.Ықсанов атындағы № 36 мектебінің 4 сынып оқушысымын. Сыныптағы озат, үлгілі оқушылардың бірімін. Мектептегі «Жас қыран» ұйымының мүшесімін. Бос уақытымда «Шабыт» би студиясына және ағылшын тілі үйірмесіне қатысамын. Сонымен қатар сурет салуды және іс тігуді ұнатамын.
«Бал балалық, балдырған шақ, сан арман
Барлық бала армандауға жаралған» - деп өлең жолдарында айтылғандай мен де арманшыл баланың бірімін. Өскенде мен де әпкем сияқты мектепті үздік бітіріп, жоғары оқу орнында білім алып, дизайнер болғым келеді. Ол үшін мен ерінбей көп оқуым керек. Өзімнің болашағым, бауырларымның, отбасымның игілігі, туған еліме пайдамды тигізу үшін бар күшімді саламын.

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы
№36 ОЖББ мектебінің 4 «в» сынып оқушысы
Мұрат Камила Маратқызы.
Сынып жетекшісі Карина Мархаббат Махамбетқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.