.
.
Абилдаева Анара Қарсылықты салалас
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1346 | Размер: | Автор: гость№64 Ахмет Байтұрсынов жалпы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі.
Сарыағаш ауданы
Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты: білімділік-қарсылықты салаласты салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын, құрамындағы жай сөйлемдердің қарым-қатынасын меңгерту; тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету;дамытушылық: өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу; Түрі: жаңа сабақ;Типі: сайыс сабақ; Әдісі: түсіндіру, сызба кестемен, тақтамен жұмыс, жаңа технология элементтері. Көрнекі құралдар: сызба кестелер, кеспе парақтар, өзін-өзі бағалау парағы, сұрақтар шеңбері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) сәлемдесу; 2) оқушылардың қатысуын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
Сынып 3 топқа бөлінді. Топ басшылары белгіленіп, оларға бағалау парағы берілді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
151-154-жаттығудың орындалуын бірнеше оқушыдан сұрап, ең жақсы орындалғандарын ұсынып отырмын.
Сұлтанова Тамара 151-жаттығу.
Себеп мәнді жай сөйлем Жалғаулықты
Жалғаулықсыз Салдар мәнді жай сөйлем
1. Мұғалім- оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі,
сондықтан ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
2. Судың да сұрауы бар суды бекерге ысырап қылуға болмайды.
Салдар мәнді жай сөйлем Жалғаулықты
Жалғаулықсыз Себеп мәнді жай сөйлем.
1. Дос өтірікші, екі жүзді, жылпос болмауы керек
өйткені ондайлардың достығында сенім болмайды.
2. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат мұғалім мектептің жүрегі.
154-жаттығу. Өлең мәтінімен танысып, осы бағытта өлең жазу.
Кенжай Ұлбосын:
Біздің сынып
Біз биыл сегізінші сыныптамыз,
Есейіп жаман әдет, қылықтарсыз.
Ең жақсы оқушылар атандық біз,
Себебі ұстазды ұғып, ұлықтармыз.
Топ басшымыз үлгілі Гүлнұр деген,
Өйткені оның күні жоқ үлгермеген.
Сайыстардан қалмайды, әнші атанды,
Себебі оның даусы бар күмбірлеген.
Ата-анасы Гүлнұрмен мақтанады,
Неге десеңіз бәрінің ол мақтағаны
Туын көкке көтереді дүркіретіп,
Тәуелсіз еліміздің жастары әлі.
Ағалықов Абдулазиз:
Менің досым
Менің досым Нұрлыбек,
Жүремін әр кез досым деп.
Өйткені ол- адал жан,
Бәрін жүрер құрметтеп.
Нұрлыбекке қарасам,
Маған күліп барады.
Айтар сырын сол сәтте,
Жүрегім сезіп қалады.
Нұрлыбекті көрмесем,
Көңілге күз орнайды.
Жан досымды көрген соң,
Жабырқау түрім жайнайды.
ІІІ Өткен тақырыпты пысықтау.Тапсырма. Сұрақтар шеңберіндегі жапырақ қалталардан әр топ төрт сұрақтан алады.
Ақ түсті кеспе қағаздардағы сұрақтар тізімі:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Жай сөйлем дегеніміз не?
5. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
6. Құрмалас сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
7. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
8. Салаластың құрамындағы сөйлемдер қалай байланысады?
9. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ата.
10. Ыңғайлас салалас сөйлем деген не?
11. Себеп- салдар салалас деген не?
12. Ыңғайлас пен себеп- салдар салаластың жалғаулықтарын ата.
ІV Жаңа сабақ.
Төмендегі сыныпта өткен «Антоним» тақырыбын еске түсіріп, қарама-қарсы
сөздерді тізбектейміз.
Мысалы: жақсы-жаман, дос-дұшпан, аз-көп, ақ-қара т.б. Біз осы сөздерден сөйлем құраймыз.
1. Аз сөйле, көп тыңда
2. Жақсы тауып сөйлейді, жаман қауып сөйлейді.
3. Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.
Бүгін салаластың түрі қарсылықты салаласты өтеміз. Кесте бойынша анықтамасын, мысалдарын түсіндіру.
1-тапсырма. Кітаппен жұмыс.
156- жаттығуды орындау. Ертегі мәтініндегі гүлдердің жауаптарын қарсылықты салалас сөйлемге айналдыру.
Алмахан Гүлдана
1. Лала гүлдің жауабы:
Ақ көбелектің түсі маған ұқсайды екен, бірақ жапырағыммен бәріңді саялай алмаймын.
Тұрсынбай Жеңісбек.
2. Қызғалдақтың жауабы:
Қызыл көбелекті қалқама алайын, алайда өзім де жаңбырдан әрең тасаланып тұрмын.
Нышанова Назыгүл
3.Сарғалдақтың жауабы:
Мен өзім түстес сары көбелекті жаңбырдан қорғаймын, әйтсе де жаңбырдың күштілігі оған ырық берер емес.
157-жаттығу.
«Арман мен мақсат –синонимдес ұғымдар ма?» тақырыбына пікір білдіріп, қарсы мәнді салалас құрмалас сөйлем жазған оқушылардың жұмыстары:
1. Абдукаримов Ділмұрат.
«Арман» – адамның ішкі ой тілегі, бірақ «мақсат» ұғыммен байланыста болады. «Арман» мен»мақсат» ұғымдары синонимдес деп қараймыз, дегенмен екеуі екі бөлек.
2. Молдағали Бағила.
«Мақсат» - адамның алда орындайтын іс-әрекеті, алайда «арман» ұғымының әсерінен пайда болады.
3. Ерманқұл Дана.
Екеуін де екі ұғым деп қарастырдық, бірақ адам бойында арман мен мақсат қатар өмір сүреді.
Сергіту сәті.
Мақал-мәтелдердің, өлең тармақтарының жалғасын табу.
Жасыл кеспе қағаздармен жұмыс.
1. Білген адам тауып айтады,... білмеген адам қауып айтады.
2. Жігіттер ойын арзан,... күлкі қымбат.
3. Айдағаның бес ешкі,... ысқырығың жер жарады.
4. Аққуды атуға болмайды,... досыңды сатуға болмайды.
5. Әдепті бала – арлы бала,... әдепсіз бала сорлы бала.
6. Бас болмақ оңай,-... бастамақ қиын.
7. Адасқанның алды жөн,... арты соқпақ.
8. Жақсы болсаң, сәулемсің... жаман болсаң әуремсің.
9. Көз қорқақ,... қол батыр.
10. Ана жақта бір өткел бар алыс,... алыс та болса жақын.
11. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,... төртеу түгел болса төбедегі келеді.
12. Өзгеге көңілім тоярсың,... өлеңді қайтып қоярсың.
VІ Сабақты қорыту.
VІ Бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма. 158- жаттығу. Ереже.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.