Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арулар – асыл жандар»  атты кеш -

Арулар – асыл жандар» атты кеш

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2082 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мукушева Ақбота Жумашовна

Арулар – асыл жандар» атты кеш

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің көрнекілігі: слайд, шар, видео, т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету , құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып, сахнаға екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар ! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.
2-жүргізуші: Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Өтесек ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз
2-жүргізуші: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» - деп Мұхаммед пайғамбар айтқан. Қазақ халқында егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
1-жүргізуші: Еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген осы мектебіміздегі барлық ұстардарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.
Осы мерекеге арнайы мектебімізге «Балапан» телеарнасынан келген жас жеткіншек журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.
Ойын:
(Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланады). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:
1. Осы мерекеде сізді ең бірінші кім құттықтады?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
3. Жақсы көретін мерекеңіз ?
4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
6. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?
7. 8 наурыз мерекесінің тарихы туралы не білесіз?
2-жүргізуші
Күй адамның ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі. -деп Ахмет Жұбанов айтқан екен, келесі кезекте күй орындалады.
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, алдарыңызға 8-сынып оқушыларын «Қазіргі заман Қожасы» көрінісімен шақырамыз!
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй –деп ұлы ақынымыз айтқан.
«Мама» әні.
1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу шыққан әрбір шаңырақ - мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі- балаларды тәрбиелеуші.
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Осы тақырыпқа байланысты көрермендерге арналған викториналық сұрақтар:
1. Ш.Уәлихановтың әжесінің есімі ... (Айғаным)
2. Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың,
Сөз білсең, бұл да сенің жамандығың.
«Қиссасул әнбиядан» естімеп пе ең?
Белгілі мағлұм болды надандығың.-деген сөздердің авторы кім?...(Сара Тастамбекқызы)
3. Жиренше шешеннің әйелі ... ( Қарашаш)
4. Халқымыздың төбе биі атанған Төле бидің ақылды, тапқыр келіні ... ( Данагүл)
5. Оның шын есімі Мәнсия ... (Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметова)
6. Аналар тақырыбында көп шығарма жазған қазақ жазушысы ...(Ғ.Мүсірепов /Ананың анасы, Өлімді жеңген ана, Ер ана, Ашынған ана т.б./)
2-жүргізуші: Аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді дүниеге әкелетін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Баршаңызға таныс «Тақиялы періште» фильмінен көрініс
1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
2-жүргізуші: -Тамаша, осындай дарынды ұландарымыздың өнерлері өрге ассын дейміз! Жастар - еліміздің болашағы дей отырып, жастардың өмірінен бір көріністі қабыл алыңыздар!!!
Көрініс «Жастардың өмірінен»
Құрметті көрермендер, келесі кезекте мың бұралған биші қыздардың орындауындағы «Жастар биі»
Мен «Ана» деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол - дүниедегі ең ардақты жан. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын ,бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.
1-жүргізуші Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
2-жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.