.
.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті Асқабақтың дәрілік қасиеті
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2222 | Размер: | Автор: гостьНегізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
4-сынып оқушысы Малтабарова Нұрайлым
Жоба жетекшісі: Қайымова Жанар Әзімханқызы
Ғылыми жоба тақырыбы:
Асқабақтың дәрілік қасиеті
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
1. 1. Асқабақтың шығу тарихы
1. 2. Асқабақтың пайдалы қасиеттері
1. 3. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
1. 4. Асқабақтың емдік қасиеттері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Болса да табиғаттың бір есебі,
Әлсіздер күштіменен теңеседі.
Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,
Тасты да, жарып шығып гүл өседі.
АСКАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырдаМексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазакстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты кабықты жөне мускатты түрлері, оның ішінде "Волгалық сұр-92", "Мозолссвтік-10", "Қашғарлық-1644" сорттары өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін сгеді. Қатты қабықтыасқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.
Мускаттық асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 — 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы — ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі кос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40 — 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісініңқұрамында 15 — 18% құрғак заттар, 8 — 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 — 40% май бар.Асқабақтын асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Бақша өнімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық өмсімдіктер. Қазасқтанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктерге. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық жәнс сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.
Басты ем болатын аурулары және қолданылуы: Таспа құрт, сазан құртты түсіреді. Босанғаннан кейігі қол-аяқтың ісуіне, көк жөтелге, емдік ролі бар.
Таспа құртты түсіруге: Асқабақ дәнінен 60-120 г-ды суға қайнатып, аш қарында дәнімен қосып ішеді. 2 сағаттан кейін таза сордан 20 г-ын сумен ішеді.
Сазан құртын түсіруге: Асқабақ дәнінен 30-60 г-ын талқандап, бал немесе шекер суымен ішеді. 2 сағаттан кейін сордан 20 г ішіп, ішті айдайды.
Көкжөтелге: Асқабақ тұқымын қыздырған тас, кірпіштің үстіне қойып кептіріп, талқандайды. Ұнтақты қара шекер суымен күніне бірнеше рет ішеді.
Балалар жұтқыншағы қабынғанда: Белгілі мөлшердегі асқабақ тұқымын науатқа қосып қайнатып, күніне 10-16 г ішеді.
Жүрек әлсіздігінен жүдегендерге : Асқабақ тұқымы, дәні және жаңғақ дәнін араластырып талқандап, ахуалға қарай жалғастырып ішеді.
Босанғаннан кейінгі сүт аздыққа: Әр ретте асқабақ қабығы және аршылған шикі тұқымынан 150 г-ын дәкеге орап талқандап, қайнаған сумен ертелі-кеш аш қарында 3-5 күн жалғастырып ішеді. Сонымен қатар, асқабақ тұқымын қуырып не қайнатып жеу пайдалы.
Ақын ағамыз жырлағандай, адам та табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. 100г асқабақта 19 ккал бар.
Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болады.
Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді.
Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.
1. 1. Асқабақтың шығу тарихы
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.
Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді.
Асқабақтың мына схема бойынша себеді: 1, 4х1, 4; 2, 1х2, 1; 2, 1х2, 8 м. Асқабақ егісінде гүлдерді қосымша тозаңдатады, ал солтүстік аудандарда - суық түсерден бір ай бұрын өркендерді тұқыртады.
Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.
І. 2. Асқабақтың пайдалы қасиеттері
Асханада: Асқабақты кесуден алдын оның қабығын тазалап жуу керек. Кейін үстіңгі қабатын кесіп, екіге бөліп және ұрығынан тазалау қажет. Қандай тағам дайындауға қарап бөліңіз. Асқабаққа су қоспай пісіреді. Асқабақты бүтіндігінше пісіру де мүмкін, ол үшін ойып алынған жерін төмен қаратып, көлеміне сай ыдыста газ плитаға қойыңыз. Асқабақты чипсилер үшін жұқа қылып кесілген бөліктерді ұнға аунатып, қыздырылған майға да қызарып қабыршақтанғанша қуырып алынады. Асқабақты қуырғанда артықша сұйықтық болмай үшін оны кабачки сияқты пісіру мүмкін: асқабақ бөліктерін тұздап, 2 сағатқа алып қоясыз, кейін қағазда құрғатып, қуырып аласыз. Асқабақты шикілей де, пісіріп те пайдаланады.
Асқабақтан дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ мантысы, шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі пайдалы. Қуырған асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі., қан аздықтың алдын алуда, жарақат алғанда, күйіп қалғанда, жұқпалы ауруға шалдыққанда өте пайдалы әрі несеп және өт айдағыш қасиетке ие. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне қосып береді.
І. 3. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі - екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі.
І. 4. Асқабақтың емдік қасиеттері
Ішек құртынан құтылғыңыз келсе 200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 - де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.
Сондай - ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.
Асқабақтың өсетін жері, гүлдеу мерзімі, тұқымдану кезеңі, сол өсімдіктердің қандай бөліктері дәрілік мақсатта пайдаланылатындығын анықтап шықтым. Зерттеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау жасадым.
Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.
Жас асқабақтың үгілген жұмсағын денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке басады. Ішек құртына қарсы дәру ретінде пайдаланады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.
Қорытынды.
Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.
«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Жас ғалым» журналы.№4. Сәуір. 2011 жыл.
2. «Ақтөбе» газеті. 12 мамыр. 2006 жыл.
3. Биология оқулығы. «Атамұра 2007ж».
4. «Егемен Қазақстан» 2011ж. № 5
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.