.
.
Тақырыбы: §47. Асқазанда астың қорытылуы. Күні:26.02.15 Асқазанда астың қорытылуы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1943 | Размер: | Автор: гостьХимия-биология пәні мұғалімі:Қалдасбекова Айшат
Мақсаты:
Асқазандағы астың қорытылу үрдісін түсіндіру, асқазан сөлінің бөлінуінің реттелу жолдары, ас қорытуға қатысатын сөл, ферменттермен, тұз қышқылымен таныстыру және олардың ас қорыту кезіндегі рөлін, сілекейдің маңызын ашу.
Оқушыларды топпен ойындар ойнату арқылы ұйымшылдыққа баулу,
тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету, танымдық деңгейін көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттеген ғалымдардың
еңбектерін біледі; әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен қарау қажеттігін түсінеді.
Көрнекіліктер: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы суреттері, асқазан мен ұлтабардың құрылысының жеке суреті, астың қорытылуына арналған тірек-сызбалар, проектор, слайдтар, сәйкестілік тестісі.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
А) «Білім биржасы» ойыны. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлемін. Тақтаға түсті конверттер ілінеді. Әр конверттің ішіне деңгейлік сұрақтар салынған. Сұрақтарға берілген жауаптары толық болмаса сары түсті, дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап қызыл түсті, дұрыс негізделген жауап жасыл түсті акция немесе фишкалар беріледі.
І деңгей сұрақтары.
1. Ересек адамның тісінің саны қанша? (32)
2. Үстіңгі жақ сүйекте неше күрек тіс бар? (4)
3. Астыңғы жақ сүйекте неше ит тістер болады? (2)
4. Астыңғы жақ сүйекте неше кіші азу тістер болады? (4)
5. Астыңғы жақ сүйекте неше үлкен азу тістер болады? (6)
6. Жас балаларда неше сүт тіс болады? (20)
7. Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады ? (2)
8. Үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады? (3
9. Тістің құрылыс қандай ? (қаптамасы, мойыны, түбірі)
10. Тістің сүйекке ұқсас тығыз затын не дейді ? (дентин)
11. Сілекей бездерінің қандай түрлері бар? (2 шықшыт, 2 тіл асты, 2 жақ асты)
12. Ауыз қуысында шықшыт, тіл асты, жақ асты бездерінен басқа бездер бола ма?
(микроскопиялық бездер)
13. Тістің қандай ауруларын білесің? (тісжегі)
14. «Баланың тісі жетіде түседі» деген нақыл сөз нені аңғартады? (6-7 жастан бастап
сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шығады)
ІІ деңгей сұрақтары.
1. Тіс қаптамасы немен қапталған? (жылтыр кіреукемен немесе эмальмен)
2. Шайнау дегеніміз не? (тағамды механикалық өңдеу)
3. Шайнау қандай әрекет? (рефлекстік)
4. Тістің түбір аймағы немен жабылған? ( цементпен)
5. Эмаль қандай қызмет атқарады? (тісті үйкеленуден сақтайды, бактериялардың енуінен сақтайды)
6. Шықшыт безінің өзегі қай жерге ашылады? (ұрттың сілемейлі қабығына)
7. Жақ асты және тіл асты бездерінің өзегі қай жерге ашылады? (тіл астына)
8. Жануарлардың сілекей бездерінің қызметін кім зерттеген? (И.П.Павлов)
9. Сілекей дегеніміз не және құрамы қандай? (тұтқыр, түссіз сұйықтық және 98-99%
су, 1% органикалық және бейорганикалық заттар )
10. Жұту дегеніміз қандай әрекет? (рефлекстік)
11. Сілекейдің бөлінуі не арқылы реттеледі? (вегетативті жүйке жүйесінің
парасимпатикалық және симпатикалық бөлілімдері арқылы реттеледі)
12. Ас қорыту процесінде шайнау қандай рөл атқарады? (ас ұнтақталады,
майдаланады, сілемеймен дымданады, ас түйіртпегін қалыптастырады)
13. Жұту орталығы қайда орналасқан? (сопақша мида)
14. Сілекей безінен қандай ферменттер бөлінеді? (птиалин н/е амилаза, мальтаза)
15. Тіс гигиенасын қалай сақтау керек деп ойлайсың?
Б) «Қазымыр оқушы» ойыны. Оқушылардың өздері бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Қай оқушы көп сұрақ қойса, сол оқушы «Қазымыр оқушы » атанады.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Асқазан. Асқазан сөлінің құрамы мен қызметі.
Иісі жоқ, түссіз сұйықтық Мөлшері мен құрамы тағамға,оның
химиялық құрамына байланысты.
2. Күрделі рефлекстік сөл бөліну 1,5-2 сағатқа созылады. Қалыпты жағдайда асқазан
секрециясы тамақ ішкеннен кейін 4-11 сағат бойы жүреді.
Шартты рефлекс. Шартсыз рефлекс.
1.Тамақ ішуге дайындалу. 1. Тамақ ауыз қуысына түскенде тілде
2. Тағам туралыәңгімелеу. және ауыздың сілемейлі қабығында
3. Тамақтың иісін сезу. орналасқан дәм сезу жүйкелерінің
4. Тамақты көргенде. ұшын тітіркендіреді.
2. Қозу сопақша мидың ас қорыту
орталығына өтеді.
3. Ол жерден асқазан бездеріне өтеді.
Қатпарлар түзеді, Ә Әрбір мм2 –неде,
асқазанның жалпы 100 қарын бездері
ауданын ұлғайтады. орналасады.
Тамақтың оның қабырғасымен
жақсы жанасуына әсер етеді. Қарын бездерінің түрлері.
Ең басты бездер- қоршайтын бездер- қосымша бездер-
асқазан сөлінің тұз қышқылын сілемей ферменттерін бөледі
4. Сабақты бекіту, қорытындылау.
А) «Бақытты сәт» ойыны. Ойынның жүру барысы. Сынып топтарға бөлінген, әр топтың топ басшысы және атауы болады.
І гейм. «Бой сергіту». Топтарға 10 сұрақтан беріледі.Қай топтың жауабы бірінші дайын болса, сол топ жауап береді, егер жауап қате болып шықса, басқа топтардың жауап берулеріне болады.
1. Астың қорытылуы қай мүшеден басталады? (ауыз қуысында)
2. Асқазанда ас қанша уақыт болады? (4-11 сағат)
3. Астың қорытылуына қандай сөл әсер етеді? (асқазан сөлі)
4. Тәулігіне асқазан сөлінің қанша мөлшері бөлінеді? (2-2,5 л.)
5. Асқазан сөлі қандай зат? ( иіссіз, түссіз сұйықтық)
6. Асқазан сөлінде қандай ферменттер болады? (пепсин, химизин)
7. Пепсин қандай қызмет атқарады? (нәруыздарды ыдыратады)
8. Химозин қандай қызмет атқарады? ( сүтті ірітеді)
9. Пепсин,химозиннен басқа тағы қандай ферменттер болады? (ана сүтінің майын ыдырататын ферменттер )
10. Ферменттер белсенді әсер ету үшін тамақтың температурасы қанша болу керек? (370 С болу керек)
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар». Топ мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып шағады. Жүргізуші әр нөмірге сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ басшысы жауап береді.
1. Асқазан сөлінің бөлінуінің қандай жолдары бар? (рефлекстік, нейрогуморальдық)
2. Рефлекстік сөл бөліну жолдары неше түрге бөлінеді? ( шартсыз, шартты)
3. Асқазанның шартты сөл бөлуі дегеніміз не? (тағамды көргенде, иісін сезгенде)
4. Асқазанның сілемейлі қабығында қандай гормон түзіледі? ( гастрин)
5. Сілемейлі қабық қандай қызмет атқарады? ( асқазанның жалпы ауданын едәуір ұлғайтады)
ІІІ гейм. «Жұмбақтас». Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген топ ұтады.
1. Асқазан неше қабаттан түзілген? (3 қабат: сыртқы-дәнекер, ортаңғы- бұлшық ет, ішкі- сілемейлі)
2. Асқазан сөлінің көп бөлінуі гастрин гормонына әсер ете ме? (гормонның тез түзілуіне әрі сіңуіне әсер етеді)
3. Неліктен асқазан сөлі асқазанды қорытып жібермейді? (асқазанның сілемейлі қабығының жасушаларында –антипепсин деген ерекше зат өндіріледі, ол пепсиннің сілемейлі қабықпен жанасқан кезінде әсерін басып тастайды )
ІҮ . « Сен-маған, мен-саған ». Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
Ү гейм. «Көсемдікке ұмтылу». Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.
1. Асқазан сөлі дегеніміз не? (асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық)
2. Пепсин дегеніміз не? (асқазан сөлінің ферменті)
3. Химозин дегеніміз не? ( фермент)
4. Тұз қышқылы неден түзіледі? ( бездерден)
5. Тұз қышқылы қандай қызмет атқарады? (Талшықты асты жұмсартады,
ферменттердің белсенділігін арттырады, микробтарды залалсыздандырады)
6. Тәбет ашатын сөл деген не? (шартты рефлекске байланысты сөл бөліну)
7. Тәбет ашатын сөл деп кім атаған? (И.П.Павлов)
8. Гастрин дегеніміз не? (асқазанның сілемейлі қабығындағы гормон)
9. Сілемейлі қабықтың әрбір мм2 қанша қарын безі орналасқан? (100)
10.Қарын безінің басты безі не бөледі? (асқазан сөлінің ферменттерін)
11. Қоршайтын безден не бөлінеді? ( тұз қышқылы)
12.Қарын безінің қосымша безінен не түзіледі? (сілемей)
Бағалау парағындағы топтардың қорытынды ұпайлары шығарылады. Ең көп дұрыс жауап берген топ жеіске жетеді.
Ә) 5 топқа жекелеген тапсырмалар таратылады.
А тобына. Асқазан сөлі сызбакестесін толтырыңдар.
В тобына. Тұз қышқылының ытқаратын қызметі сызбакестесін толтырыңдар.
5. Бағалау парағы бойынша жеңіске жеткен топты анықтау, бағалау
6. Үйге тапсырма беру.
§ 47 оқу. Тақырып бойынша «Бас қатырғылар базары» ойынына тапсырмалар дайындау. Ас қорыту жүйесіне байланысты кез келген тақырыпта реферат жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.