.
.
Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы Ашық сабақ тақырыбы «Сен құрметте оны!»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1684 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfАшық сабақ тақырыбы
«Сен құрметте оны!»
4 сынып
Дайындаған: Тлесова З.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Мақсаты:
Өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, Ұлы Отан соғысы туралы ақпарат беру, оқушылардың бойларында ұлтжандылық қасиетін дарыту,.
Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: СТО бағдарламасы, мультимедия кабинеті
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Автормен таныстыру.
«Келер ұрпақ айға қонсаң, сен ертең,
Мен баспалдақ болдым деп – ақ қуанам .»
Әбу Сарсенбаев
Қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны мен қолтаңбасы бар Ә.Сәрсенбаев отты жырларымен, жалынды өлеңдерімен ерекшеленетін ақындардың бірі.
Ұлт әдебиетінің өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан қаламгер.
2. Оқулықпен жұмыс.
«Сен құрметте оны!» атты өлеңмен таныстыру.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кескен аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ.
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кешегі елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіңдің бе, қарағым!
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолда аяғын!
3.Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?
Сөздер банкісі Біздің тақырып
Намыс, білім,
азат, қалам, келешек,
машина, құрмет,
дәптер, Отан, балапан, ел.
ІҮ.Дәптермен жұмыс.
1. Күннің жадын жазу.
2. Тақырыпты жазу.
3. Сөзмаржан. Топтастыру.
НАМЫС
Ү. Өткенге, тарихқа шолу
1. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл.
2. Ұлы Отан соғыс кезінде ерен ерлік көрсеткендері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын 11695 жауынгер алып, соның 497-і қазақстандықтар болды.
3. Қазақ халқының батыр қыздары Әлия мен Мәншүк.
4. 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.
ҮІ. «Әдеби үйірме» стратегиясы
Рөлі Жұмыс өнімі Не бағаланды Баға-сы
Сілтеме табушылар. Сілтемелер ескертулер Нақтылық
Сұрақ қоюшылар. Сұрақ тізімі Мәнділігі, әрдеңгейлігі.
Баяндаушы. Тірек конспект.
Сұраққа жауап Мазмұн дұрыстығы
Ізденуші. Қосымша ақпарат, мәлімет жинау Жүйелігі, бірізділігі
Реттеуші Топтардың ой талқысына қатысып, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.
ҮІІ. Топпен жұмыс
1- топ. Арасындағы айырмашылығы … Неде?
Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз:
... ... болып табылады, ал .... - .....
2-топ. Дайындал...Назар сал…Оқыңдар!.
Тақырыпты суреттер жинағын пайдаланып, мәтін құрайсыздар,ол үшін 5 минутыңыз бар.
3-топ.«5 жолды өлең» шумағын құрастыру.
«Батыр», «Ардагер», «Ержүрек» - сөздеріне
ҮІІІ. Сабақты бекіту.
1.«Сен құрметте оны!» өлеңінің авторы кім,
тәрбиелік мәні қандай?
2. Неліктен «Сен құрметте оны!» деп атаған?
3. Біздің жерлес батыр ағамыз кім, оған арналған не орнатылды?
ІХ. Бағалау
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
•Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
Х. Үйге тапсырма.
«Сен құрметте оны» өлең жолдарын жаттау.
Әдебиет хрестоматиясы. 117 бет
Батыс Қазақстан облысы. Шыңғырлау ауданы. Алмаз ауылы.
Алмаз ОЖББМ балабақшасы. бастауыш сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.