Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ашық тұқымды өсімдіктер -

Ашық тұқымды өсімдіктер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2164 | Размер: | Автор: гость
. Биология
§22. Ашық тұқымды өсімдіктер
«Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері, оларға қандай өсімдіктер жататындығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
 Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
 Есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
 Пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
 Өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
 Өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету, өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.
Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: ООМ, тірек-конспект, слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1 кезең
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін жинақтау:
Қылқанды. Микориза. Эндосперм. Эрозия. Фитонцид. Сүрек. Дің. ООМ
А Б В С Д Е






2 кезең
Жетекші білім мен оқу амалдарын өзектендіру кезеңі Мұғалімнің жаңа тақырыпқа кіріспе жасауы.
Тірек-конспект арқылы жүргізіледі.
Кіріспе жасауға 5 минут уақыт беріледі.
3 кезең
Стандарттық және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс
Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады:
1. Ашық тұқымды өсімдіктер 2. Микориза 3. Эндосперм
4. Сүрек 5. Жабық тұқымды өсімдіктер 6. Қылқанды
7. Фитонцид 8. Эрозия 9. Дің
10. Бірүйлі 11.Бүр 12. Шайырлы өзекше
13. Қылқан жапырақты 14. Зигота
Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталып, тақтаға жазылады.
Енді тақтадағы сөздерді оқушылар есте сақтайды. Уақыт біткен соң сөздер жабылып, балалар есте қалғандарын дәптерге жазады. Сөздер ашылып, ұмытып кеткендерін толықтырады. Мәтінді оқу жылдамдығы 1 бетке 3 мин. ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «-» таңбамен белгіленеді. Тірек сөздерді дәптерге жазуға 30 секунд уақыт беріледі.
ООМ-да оқушылардың неше сөз жазғандығы тексеріліп, түрлі-түсті бормен сөз саны жазылады.
4 кезең
Білімді өз бетінше қолдану
Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
Қарама–қарсы сұрақтар
1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде))
2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер)
3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді)
4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар)
5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек)
6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер)
7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір)
8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша)
9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта)
10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік)
11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды)
12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі)
13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің)
14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде)
15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?)
16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында)
17.Бүрлер жыл мезгілінің қай кезінде пайда болады? (көктемде пайда болады)
18.Аналық бүр неден тұрады? (өзекше мен тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады)
19.Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер қандай бүрлер? (аталық бүрлер)
20.Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасса қалай аталады? (бірүйлі өсімдік деп аталады)
21.Қоректендіруші ұлпа қайда пайда болады? (тұқымбүршікте, яғни эндоспермде)
22.Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат қалай аталады? (фитонцид (грекше «фитон» - өсімдік+латынша «сэдере» - өлтіру))
23.Ашық тұқымдылар неше миллион жылдай тіршілік еткен өсімдіктер? (220 млн жылдан астам)
24.Ашық тұқымды өсімдіктерді адам өмірінде қалай пайдаланады? (құрылыс материалына, қағаз дайындауға)
25.Топырақтың ең құнарлы бөлігінің бүлінуі қалай аталады? (эрозия – жегідей жеу, бүлдіру) Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.
5 балдық шкаламен түрлі-түсті бормен баға қойылады.
5 кезең
Бақылау және өзін өзі бақылау Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді. 5+30
Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін 30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады. Осы тақырып бойынша І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады. ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді.
6 кезең
Түзету және
рефлексия Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру. Жіберілген қателерді талдау. Жаңа сабақ бойынша ТСҚ жазу. Жіберілген қателерді талдау.
7 кезең
Қорытындылау Тез және сапалы жұмыс жасаған, толық жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау. Барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Барлық оқушы
мадақталады. ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады.
8 кезең
Үй тапсырмасы §22. Ашық тұқымды өсімдіктер


«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ
биология пән оқытушысы М.А.Мукишева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.