Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қашықтықтан оқыту технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері -

Қашықтықтан оқыту технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3319 | Размер: | Автор: гость
. Мақала
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, №12 колледж МКҚК
“Ағылшын тілі” пәнінің оқытушысы Давлятова Ю.А
Қашықтықтан оқыту технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері

Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогресстің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Түрлі статистикаларды салыстыра отырып, қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұнынан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру түрі мен мұғалім – оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйелік және жүйелілік, белсенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың диференциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т.с.с) күндізгі оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкүндіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек.
Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағыналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендерін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау.
Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағдай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да кез-келген қаштықтан оқыту курсының маңызды бір бөлігі. Оны көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтан оқыту курстарын ұйымдастрығанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек.
Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқытудың мынандай мақсаттарын бөліп көрсетеді:
1. Кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау;
2. Белгілі мамандық бойынша педагогикалық кадрлардың квалификациясын көтеру;
3. Кейбір жеке оқу пәндерінен оқушыларды экстерн-емтихан тапсыруға дайындау;
4. Белгілі профил бойынша оқушыны жоғары оқуға түсуге дайындау;
5. Мектеп немесе мектептен тыс курс бағдарламысының бөлімін, кейбір жеке пәндер мен тақырыптарды тереңдете оқыту;
6. Мектепте кейбір жеке пәндер бойынша оқушы біліміндегі, білігіндегі, дағдысындағы жетіспеушіліктерді жою;
7. Түрлі себептермен мектепке мүлдем немесе белгілі бір уаќыт аралығында келе алмайтын оқушыға мектептің базалық курсты оқыту;
8. Қызығушылығы бойынша қосымша білім алу.

Орындалған талданымдар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
1. инетрактивтік теледидар;
2. компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар,мультмедиялық технология,видеокконференция,телепікір,онлайын-сабақ...)әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;
3. Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.
Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тікелей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақ па, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзіне қажет әдістердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл әте қымбат технология болып отыр.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.
Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде компакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;
- инетрактивтік;
- мультмедиялық;
- ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады.

Зерттеушілердің айтуынша, қашықтан оқытудың даусыз артықшылықтары мыналар:
1. Білім беру қызметінің арзандығына қарамай, кешкі немесе сырттай оқу түріне қарағанда әлдеқайда жоғары кәсіби дайындық ;
2. Оқу мерзімін қысқарту;
3. Қазақстан мен шет ел ЖОО-нда қатар оқу мүмкіндігі;
Студенттің ЖОО-ның географиялық орнына тәуелсіздігі.
Оқу курстарының сапасы мен құрылымы қашықтан оқыту мен дәстүрлі оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтан оқыту сапасы жоғары болғанын тәжрибелер дәлелдеп отыр. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құралдарымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Қашықтан оқыту формасы туралы айтқанда, құрамына; барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық көздері (желілікті қоса алғанда): виртаулды кітапханалар, деректер базасы, консултациялық қызметтер, электрондық оқу құралдары, киберсыныптар, т.б. кіретін бір ыңғай ақпараттық-білім кеңістігін жасау туралы айту керек. Әңгіме қашықтан оқыту туралы болып отырғанда, ол жүйеде мұғалім, оқушы және оқулық бар деп түсіну керек. Бұл оқушы мен оқытушының өзара әсері. Осыдан шығатыны, қашықтан оқыту формасын ұйымдастыруда ең бастысы электрондық курстар, қашықтан оқытудың диактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтан оқытуды сырттай оқуға ұќсатудың қажеті жоқ, себебі, бұл жерде мұғаліммен және киберсыныптағы басқа оқушылармен тұрақты байланыс бар, күндізгі оқудың барлық жағы, оқудың ерекше формасы ескеріле отырып қамтылған. Бұдан шығатыны, теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру, жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Өкінішке қарай, біздің интернетте көріп жүргендеріміз, компакт-дисклердегі электрондық оқулықтар педагогикалық талаптарға жауап бере алмайды. Осыдан барып, қашықтан оқыту курсатырын жасақтаумен және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелер қолданумен байланысты проблемаларды шешудің мәні зор.
Жоғарыда келтірілген фактілер мен мысалдар, Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін құруды және оны аймақтарда кеңейту қажеттігін көрсетеді. Бұл квалификациясы жоғары, интеллектуалдық сапасы күшті, кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық деңгейдегі конкуренцияға төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.



Әдебиеттер тізімі:

1. Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. -С. 50-56.
2. Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. -С. 29-34.
3. Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. -С. 7-12.
4. Сайттар: www.e-gov.kz www.albest.ru, www.tor.kz
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.